Әлемдегі су дағдарысы (17)
Адамзаттың қазіргі жағдайы су ресурстарының дағдарысы мен оны тұтынудың бақылауға алынбауын көрсетті.
Америкалық жазушы және сарапшы Майкл Т.Клар 2001 жылы «Жанжалдардың жаңа географиясы» деп аталған мақаласында әлем халықтарына ескерту жасап: «Жақын болашақта қақтығыстардың нақты аймақтары табиғи ресурстарға ие аймақтар болуы мүмкін. Сұраныс пен ұсыныс механизмінен туындаған қысым, сондай-ақ әлемнің көптеген бөліктеріндегі халық санының өсуі мен экономикалық белсенділігі өмірлік маңызды материалдарға деген қызығушылықты арттырды. Сондықтан энергия мен өмірлік маңызды материалдардың азаюымен қалдық ресурстарға қол жеткізу үшін бәсекелестік күрт өседі»,- деп жазды. Ол мақаласының жалғасында әлемдегі мұнай тұтынуының артуына тоқталып: «Әлем 2000 жылы тәулігіне 77 миллион баррель мұнай тұтынды, бұл мөлшер 2020 жылы тәулігіне 110 миллион баррельге жетті. Бірақ мұнай өндірісі өсіп жатқан сұраныс пен энергетикалық қақтығыстарға ілесе алмайды. Нәтижесінде энергетикалық қақтығыстар артты», - деп мәлімдеді.
Бірақ әлемдегі су жағдайы да онша үміттендіретіндей емес. Қазіргі уақытта адамдар судың жартысын ішуге, жууға, тамақ өндірісіне, өнеркәсіпке және басқа салаларда пайдаланады. Күн сайын суға деген сұраныс артып, онымен қамтамасыз ету қажеттілік көбірек сезілуде. Бұл мақалада суы жеткілікті аймақтардан басқа жерлерде 2050 жылға дейін өмірлік маңызды затқа қол жеткізу үшін қатаң бәсекелестіктін кездесетіні көрсетілген. Жазушы әрі қарай Судан мен Египеттің, сионистік режимнің Сирия мен Иордания, Үндістанмен және Пәкістан арасындағы қақтығыстарды су соғысының алғы шарттарының мысалдары ретінде келтіріп, әлемнің бұлыңғыр болашағы туралы ескерту жасады. Әлемнің қазіргі жағдайында біз қаласақ та, қаламасақ та, бұл жағдайды түсінсек те, жоққа шығарсақ та, су тапшылығы күрделі дағдарысқа айналды. Мұндай жағдайда әлемнің түкпір-түкпірінде су соғыстарының басталуы ойдан алыс емес. Сондықтан егер жоспар жасалмаса, әлем бұдан да күрделі мәселелерге тап болады.
Алдымен Латын Америкаға және Кочабама қаласына сапар шегеміз. 1999 жылдың соңы - 2000 жылдың ортасына дейін Боливияның төртінші ірі қаласы Кочабамада қалалық су компаниясының жекешелендірілуіне реакция ретінде бірқатар демонстрациялар өтті. Наразылық толқыны мен полицияның зорлық-зомбылығы су бағасына қарсы жалпы көтеріліс ретінде сипатталды. Шиеленіс жаңа компания серіктесімен бірге су бағасын көтеріп, бөгет салуға шешім қабылдағанда пайда болды. Наразылықтар «Су мен өмірді қорғау» ұранымен ұйымдастырылып, 2000 жылы қоғамдық коалиция кезінде өтті. Ондаған мың адам шеруге қатысып, бір адам қаза болды. Ақырында, шетелдік инвесторлардың шағымдары 2001 жылы келісіммен шешілді.
Біз келесі мысалды Калифорниядағы су соғысы деп аталатын АҚШ-тан таңдадық. ХІХ ғасырдың соңында Лос-Анджелестің қарқынды өсуімен қаланың су ресурстарын толықтыру басты мәселе ретінде қаарстырылды. Лос-Анджелестің мэрі Оуэнс алқабынан канал арқылы қалаға су жібере алатынын түсінді. Каналдың құрылысы 1913 жылы аяқталды, сол жылдан бастап Оуэнс өзенінің суы Лос-Анджелеске бағытталды. Бұл шешім алқап экономикасын жойып, фермерлерді қиын жағдайға әкелді. Ақырында фермерлер 1924 жылы каналды бұзуға талпынды, бірақ Лос-Анджелес судың ағынын сақтай алды. 1941 жылы Лос-Анджелес басшылары Оуэнс аңғарының солтүстігінде Моно көлін қоректендірген судың бағытын өзгертті. Моно көлінің экожүйесі су деңгейінің төмендеуіне байланысты құстардың қоныс аударуы қауіп төндірді. Оқиға 1990 жылдардың ортасына дейін жалғасып, екі тарап да сот ісіне қатысты. Сот ісі Лос-Анджелесті Моно көлінің айналасынан су тасымалдауды тоқтатуға мәжбүр етті, нәтижесінде көл бұрынғы қалыпқа келіп, экожүйе жағдайлары жақсарды.
Африкаға және бұл құрылықтағы су соғысы тақырыбына тоқталайық. Сарапшылардың ақпараты мен зерттеу нәтижелері Ніл өзені төңірегіндегі қақтығыстың сионистік режимнің бұл соғысты бастауға бағытталған қастандықтарының бір бөлігі екенін және бұл қастандықты жүзеге асыруға АҚШ-тың да қатысуын көрсетті. Эфиопияның Эннахда бөгетін салуы - бұл жанжалдың тағы бір түрі және іс жүзінде оның себептерінің бірі. Бұл бөгетті Парсы шығанағы мемлекеттері, оның ішінде БАӘ сионистік режим және АҚШ-пен бірге қаржыландыруға көмектесті. Египет пен Эфиопия арасындағы осы бөгетке қатысты келіссөздердің сәтсіздігі, шын мәнінде, ұзақ мерзімді салдарын ескермеуге болмайтын қақтығыс кезеңіне өту болып табылады. Сарапшылар мен мамандардың пікірінше, Эфиопияның бұл бөгетті салуы Египеттің суын бақылауға алып, бұл елді су тапшылығына тірейтін зорлық-зомбылық әрекет. Бұл Мысырдың су құқығы мен жыл сайынғы қажет ететін су үлесіне кепілдік бермейді. Мысыр мен Эфиопия арасындағы келіссөздер әрдайым сәтсіздікке ұшырады, өйткені бұл аймақтағы толқуларға бағытталған қастандықтар сионистік режимнің мүддесі үшін жасалған.
Иорданияның «Әл-Ғад» газеті «Азиядағы су соғысының жаңа майданы» деп аталған мақаласында Қытайды Шығыс Азиядағы аймақтық суларды басып алды деп айыптады. Қытай ондаған жылдар бойына көршілерін суға байланысты маңызды геосаяси қатерлерге ұшыратты және жағдайды пайдаланып, көршілес елдерге ықпалын күшейтуге әрекеттенді. Қытай қазіргі уақытта әлемдегі кез-келген елден гөрі бөгетті көбірек салып жатыр және өзінің көршілерін, әсіресе Меконг өзені аймағындағы Непал және Қазақстан елдерін Қытайға тәуелді етіп сақтайды. Қытай осы уақытқа дейін кез-келген елмен су бөлісу туралы келісім жасасудан бас тартты, бірақ төменгі ағысындағы елдер су тасқыны қашан болатынын болжап, оларды болдырмас, сондай-ақ қаржылық және адам шығынның алдын алатын сақтық шараларын қолдансын деп гидротехникалық және метеорологиялық мәліметтермен бөлісуде. Қытай мұндай деректерді Үндістаннан жіберуге тыйым салып, Үндістандағы су тасқыны туралы ескерту жүйелерінің тиімділігін төмендетті. Нәтижесінде, осы жылы Брахмапатра өзені ағып өтетін Үндістанның солтүстік-шығысында жасанды жауын-шашын болғанына қарамастан, Тибеттен кетіп, Бангладешке кіргеннен кейін, аймақ бұрын-соңды болмаған су тасқындарын бастан кешуде. Қытай - 1997 жылы халықаралық су жолдарында жүк тасымалы туралы заңға қарсы дауыс берген үш елдің бірі. Бұл конвенция Достастық елдері арасында үнемі гидрологиялық және басқа ақпаратпен алмасуды талап етеді. Сумен жабдықтау конвенциясында деректердің тегін болуы туралы айтылып, бұл негізге саәйкес амал ететін басқа елдерден керісінше Қытай гидрологиялық деректерді өз әріптестеріне тек ақшамен жүзеге асырады.
Қорыта айтқанда, судың маңыздылығы және оның адам, жануарлар, өсімдіктер мен қоршаған орта өміріндегі рөлі сондай маңызды болғандықтан, тіпті дәлелді қажет етпейді. Адамзаттың қазіргі жағдайы су ресурстарының дағдарысы мен оны тұтынудың бақылауға алынбауын көрсетті. Сондықтан кеш қалмай шара қолданып, әлемді бұдан артық дағдарысқа тірелуден құтқару қажет.