Қар 18, 2020 02:16 Asia/Almaty

Индустриалды революция мен одан кейінгі коммуникациялық революция Ақпараттар ғасырын қалыптастырып, өмірге айтарлықтай өзгеріс енгізді. Бұл революция Батыс қоғамын технология тұрғысынан дамытып, оның заманауи өмір салтына өзгеріс енгізіп, әралуандықты қалау, ләззат қуу мен нарциссизмнің қатты өршуіне әкеліп соқтырды.

Екі ғасыр бұрын Батыс халқының күнделікті қарым-қатынасында "өмір салты" деген тақырып болмаған. Алайда бүгінде бұл тіркес осы қоғамның әдебиетінде кең таралған сөз тіркестерінің қатарына қосылып, қоғамтану мен басқа гуманитарлық ғылым мамандарының зерттеу объектісіне айналды. Бұл тақырыпқа мұнша көңіл аударудың себебі мынада: өмір салты біздің өміріміздің мән-мағынасын қамтиды. Ішіп-жемнен бастап, жеке және әлеуметтік қатынастар мен мінез-құлықтарға дейінгі ауқымды аяны қамтиды.

Технология – соңғы онжылдықтарда таңғажайып қарқынмен дамыған тың тақырып. Индустриялану, даму және ілгерілеу технологияның дамуын түсіндіретін ұғымдардың қатарына жатады. Технологияның көзтартарлық дамуымен бір мезгілде оның нәтижесімен өмір сүретін адамдардың өмірлік мәні де өзгеріске ұшырады. Әсіресе цифрлік ақпарат құралдары мен заманауи байланыс құралдары саласындағы технология адамның физикалық және психикалық саулығына қатты әсер ететініндіктен өмір салтына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі деп атауға болады. Технология бір жағынан құрал ретінде адамға қызмет ете алады, басқа жағынан өзін адамға таңа алады. Технологияның дамуы адамдарды масайратып тастағаны соншалықты, ешкім оның теріс тұстарын айтуға батпады. Бірақ бүгінде біраз уақыт өткен соң Батыс әлемінде технологияны сынайтындар көбейді. Америкалық жазушы әрі медиа сыншы Нил Постман – осындай адамдардың бірі. Оның сенімінше, технологияға бас ұрып, оны нағыз нығмет деп атамас бұрын технологиялық құралдардың зияндарына көңіл аударайық.

Виртуалды кеңістік – қазіргі заманда пайда болған жаңа термин. Бұл жаңа ұғым заманауи ақпарат және байланыс технологиясына негізделген қазір заманғы ойлау және өмір сүру тәсіліне жақын. Осы бұлыңғыр да тартымды әлем "екінші өмір" деп аталады. Бүгінде көптеген адамдар үшін виртуалды кеңістік күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналған. Өзіміздің электронды хатымызды оқығанда, бір онлайн жиналысқа қатысқанда виртуалды кеңістікте боламыз. Бұл кеңістікте пікір алмасумен қатар өзіміз үшін бір виртуалды тұлға (кейіп) жасай аламыз. Жаңа топтармен танысуға мүмкіндік аламыз. Онда әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдармен байланыс орната аламыз.

Виртуалды кеңістіктегі өмір өз қолданушылары үшін ақпаратқа қолжетімдікті жеңілдету, шығынды азайту, инновация, дамыған банктік қатынас және оңтайландырылған білім алу тәсілдері сияқты жағымды әсер бере алады. Алайда бұл кеңістіктің зияны да бар. Есірткі заттары, қару-жарақ пен жарылғыш заттар, адамның дене мүшелері саудасымен айналысатын бандалар қара веб-сайттар арқылы жасырын түрде өздерінің бүлдіргі әрекеттерін жасап отыр. Технология қолданушыларға өз болмыстарын жасырын ұстауға мүмкіндік береді. Зерттеулер көрсеткендей, халықтың бір тобы қатігездік, қоқан-лоққы мен тіл тигізу сияқты қоғамға жат қатынастар көрсеткісі келеді. Олар өздерінің адамзатқа жат мақсаттарын ілгерілету үшін жалған есімді пайдаланып, интернет пен әлеуметтік желілер арқылы өз ойларын таратумен айналысады. Педофилдер осындай адамдардың қатарына жатады.

Independent-тің хабарлауынша, біраз бұрын Ұлыбритания полициясы бір қылмыс түрінің артқанын хабарлады. Әлеуметтік желілерде жас құрбандармен байланыс орнатып, құрыққа түсіру үшін онлайн ойындар мен бағдарламалар пайдаланылған. 2015-2016 жылдары жарияланған статистикаға сәйкес, 4 мыңнан аса бала виртуалды кеңістік арқылы жыныстық зорлыққа ұшыраған. 2018-2019 жылдары бұл сан екі есе өсіп, 8 мыңнан асты. Яғни орта есеппен алғанда күн сайын 22 бала жыныстық зорлыққа ұшырайды. NSPCC ұйымының директоры Питер Ванлистің айтуынша, «Осындай қылмыстардың құрбаны – азап көріп, өмірі ойран болған бала. Бұл статистиканың үлкен апаттың бір бөлігі ғана екенін білеміз».

Қолданушылардың, әсіресе жастар мен жасөспірімдердің виртуалды желілер мен цифрлік ақпараттардың ықпалына түсуі (әсершілдігі) кейде қатты алаңдатады. 2019 жылы орын алған есеңгірететін оқиғалардың бірі Жаңа Зеландияның Крайсчерч қаласында нәсілшілдердің екі мешітке шабуылы болды. Шабуылдаушылардың бірі мешітке кіріп, оқ жаудыра бастап, 49 адамды өлтіріп, ондаған адамды жаралап мешіттен шыққан сәтіне дейінгі әрекеттерін онлайн режимде әлеуметтік желілерде, соның ішінде Twitter мен Facebook арқылы таратып отырған. Осы лаңкестік шабуылдың жан түршіктіргені сондай, азаматтық белсенділер халықтан бұл фильмді әлеуметтік желілерде таратудан бас тартуға шақырды. Кейбір сарапшылардың пікірінше, шабуылдаушылар компьютерлік ойындар мен әлеуметтік желілердің әсерінен осындай іске барған.

Крайсчерчтегі лаңкестік шабуыл компьютерлік ойын стилінде


Компьютерлік ойындар – терең ықпал мен жоғары тартымдылыққа ие болуына байланысты балалар, жасөспірімдер және тіпті ересектерді нысанаға алатын әсерлі құралдардың бірі. Льютор мен Бодрийяр сияқты ғалымдардың айтуынша, саясат қалыптастырушылар БАҚ-қа ұқсастық тудыру арқылы шындықтың модельдерін жасап, оны алмастырады; белгілерді тудырып, адамның қажеттіліктері, армандары мен мінез-құлқын шартты мәнге енгізіп, шындықтан да шынайы жағдай қалыптастырып, адамдарды басқарады. Осылайша шындық біздің сыртқы әлеммен байланысымыздың нәтижесінде пайда болмайды, теледидар мен компьютерлік ойындар ұсынған нәрседен қалыптасады. Жаңа медиа әлемде ақпарат, ойын-сауық, сурет пен саясаттың шекарасы жойылады. Сол себепті жаңалықтар, деректі фильмдер мен компьютерлік ойындардың саяси ақпарат беру, жарнамалау, көңіл көтеру және білім беру сияқты функциялары болады және адамның әлемді тануына бағыт-бағдар береді. Кейде шынайы сәтсіздіктер Kuma War ойынындағы сияқты сәттілікке айналады. Бұл ойында шындыққа керісінше америкалық күштердің Теһрандағы АҚШ елшілігінің тыңшыларын құтқару үшін Иранға жасаған шабуылы (1980) өтіріктен сәтті болып көрсетіледі. Немесе ойынның әрбір бөлігінде Иранның жерін шөл дала, түйе, қатігездік, залым билеушілер, қирандылар сияқты белгілермен көрсетуге тырысады. Сөйтіп, өз халқының санасында Иранға қатысты шындыққа жанаспайтын бейне қалыптастырады. Осындай бейне көрген адам Исламдық Иранға турист болып келген кезде "Мұнда неге түйе жоқ?" деп таң қалады немесе заманауи ғимараттарды көргенде есеңгіреп қалады.

Заманауи технологиялардың адамдардың өмір салтына кері әсерлерінің бірі – бетпе-бет қарым-қатынастың азаюы. Бәріміз талай рет мынадай көрініске куә болдық: бір дастарқан басына жиналған адамдар бірге тамақ ішуден ләззат алып, әзілдесіп, күліседі. Осы арада егер тыныштық орнай қалса, адамдар телефондарын қолға алып, нендей жаңалық бар екен деп қарайды. Ешкім бұған назар аудармайды, ештеңе демейді. Мұндай жағдайға көндігіп кеткен. Телефонды тексеру – жұқпалы әрекет. Біреу телефонын қолға алса, басқалары да қайталау керек сияқты сезінеді. Сөйтіп, тізбекті реакция басталады. Телефонын тексеретін адамдар көп болған сайын үнсіз қалған адамдар саны артады. Соңында қолына телефон алмаған сіз ғана қаласыз да, басқалардың хабарлама оқып, чат тексеріп отырғанын тамашалайсыз.

Бұл жағдай байланыстың оп-оңай үзіліп, адамның оқшауланып қалуына әкеліп соқтырады. Психологтар мұны "заманауи жалғыздық" деп атайды. Зерттеулер көрсеткендей, шынайы өмірде байланыстың болмауы көптеген адамдардың психикалық ауруларға, соның ішінде күйзеліске шалдығуына алып келеді. Питсбург университетінің Медициналық, технологиялық және ақпараттық зерттеулер орталығы жүргізген ұлттық сауалнама нәтижесіне сәйкес, 7-11 әлеуметтік желі қолданатын жастар екеу ғана қолданатын адамдардан үш есе артық күйзеліс пен қобалжу қаупіне ұшырайды. Осы зерттеу орталығының директоры Брайян Праймактың айтуынша, «Дәрігерлер бірнеше әлеуметтік желі қолданушыларына мұндай бағыныштылықтың күйзеліс пен қобалжу тудыратынын ескертіп, аурудың белгілерін санамалап берген».

Сөз соңында айтарымыз, технологиялық дамудың маңызды әсерлерінің бірі – адамдардың эстетикалық талғамдарын өзгертуі. Өмір салты өзгерген соң қоршанан орта да өзгереді. Мәдени талғамның өзгерісі модернистік мәдениеттен ықпал алған қоғамдарда байқалып отыр.  Индустриалды революция мен одан кейінгі коммуникациялық революция Ақпараттар ғасырын қалыптастырып, өмірге айтарлықтай өзгеріс енгізді. Бұл революция Батыс қоғамын технология тұрғысынан дамытып, оның заманауи өмір салтына өзгеріс енгізіп, әралуандықты қалау (алмастыруға құмарлық) ләззат қуу мен нарциссизмнің қатты өршуіне әкеліп соқтырды.