Имам Хомейнидің мектебінде (24)
Үстемдікпен күресу және әлемдегі зорлық-зомбылық көрген халықтарға қолдау көрсету имам Хомейнидің сыртқы саясат саласындағы көзқарасының негіздерінің бірі болып табылады.
Үстемдікпен күресу және әлемдегі зорлық-зомбылық көрген халықтарға қолдау көрсету имам Хомейнидің сыртқы саясат саласындағы көзқарасының негіздерінің бірі болып табылады. Ислам революциясының негізін қалаушы исламдық елдердің бірлігін әлемдік державалардың әлсіздерге, әсіресе ислам халықтарына қарсы зорлық-зомбылыған қарсы тұрудың маңызды және дұрыс жолдарының бірі деп санады.
Имам Хомейнидің Палестина мәселесіне қатысты көзқарасын дұрыс түсіну үшін жалған сионистік режимнің қалыптасу тарихы мен оның салдары, әсіресе езілген Палестина халқының босқынға айналуы туралы тоқталу қажет. Сондай-ақ, имам Хомейнидің Палестина мәселесіндегі ұстанымының маңыздылығын түсіну үшін Ислам революциясының жеңісіне дейінгі жылдардағы Иран шахының авторитарлық режимінің қатынастарын талдап, осы отарлық құбылыстың әлемдік қоғамдық пікір, әсіресе ислам әлемі арасындағы орнын зерттеген дұрыс. Сионист еврейлердің бірнеше жылдар бойғы талаптары және Ұлыбританияның кең қолдауынан кейін БҰҰ Бас Ассамблеясы 1947 жылы 29 қарашада Палестинаны араб және еврей территорияларына бөлу туралы БҰҰ-ның он бір мүшесінен тұратын комиссияның ұсынысын мақұлдады. Ұзақ жылдар бойы күткен израильдіктер арабтардың әлсіздігін пайдаланып, шамамен бес айдан кейін Израиль мемлекетін құрды және арабтардың Палестина жерінде еврейлер үкіметін орнату сұм құбылысқа қарсыласу талпыныстары нәтижесіз қалды. Біртіндеп кейбір елдер АҚШ пен Ұлыбританияның қолдауымен немесе қысымымен Израиль режимін ресми қабылдап, заңсыз құрылған режим БҰҰ-ның мүшесі болды. 1949 жылы Иранның билеп-төстеуші режимі 400 мың долларлық пара алып, оны ресми қабылдап, қасиетті Құдста консулдық қызмет ашты. Иран үкіметінің Израильді ресми қабылдауы Иран халқының, әсіресе ұлттық және діни тұлғалардың қатаң реакциясына себеп болды. Мысалы, Иранның сол кездегі саяси және діни басшыларының бірі аятолла Кашани үкіметтің әрекеттеріне қарсылық білдіруімен бірге мұсылмандардан отар әрекеттерге қарсы шығуды талап етіп, оны діни міндет деп тапты.
Бір жылдан кейін Иран халқының Израильді қабылдауға қарсы наразылықтары жоғары деңгейіне жеткен және басқа жақтан билік басына Мосадеқ басқарған халық үкіметі келген кезде Израиль үкіметімен қатынасты үзу туралы ресми түрде жарияланды. Иранның Израильмен байланысын үзуі саясаткерлердің, ұлттық, саяси және діни қайраткерлердің, сондай-ақ ислам елдері халықтарының мадағымен бетпе-бет келді. Керісінше Ұлыбритания мен АҚШ үкіметтерінің ашу-ызасын көтеріп, 1953 жылы доктор Мосадеқтің мемлекеттік төңкерісіне әкелді. Иранның диктатор шахы мен АҚШ пен Ұлыбритания үкіметтерінің қатысуымен орын алған бұл сұмдық төңкерістің салдарынан Иранның мұнайын ұлттандыру қозғалысы сәтсіздікке ұшырады, доктор Моссадеқтың заңды үкіметі құлатылды және елді қысым кеңістік басқарды. Төңкеріс режимінің әрекеттерінің бірі - Израильмен қатыстарын қалыптастыруы болды. Бұл қатынас жыл сайын кеңейіп, барлық саяси, экономикалық, әскери және қауіпсіздік өлшемдерінде 1979 жылы Ислам революциясының жеңісіне дейін шарықтау шегіне жеткен қатынастар орнату болды. Мысалы, төңкерістен төрт жыл өткен соң, аймақтағы және әлемдегі ең қорқынышты қауіпсіздік ұйымдарының бірі, яғни Иранның барлау және қауіпсіздік ұйымы ОББ және Моссадтың үлгісімен құрылды. Мұхаммад Реза Шахтың билігі кезінде ол оппозицияны басып-жаншып, халыққа қарсы ең қатал қылмыстар жасады. 1978 жылға дейн Иран-Израиль қарым-қатынасы нығайтылды және Иранның экономикалық-мұнай қолдауының көмегімен Израиль арабтарға қарсы тұра алды және Палестинадағы басқыншылықты нығайта алды. Басқа жағынан, Израильдің әскери және қауіпсіздік қолдауы шахтың абсолютті билігін күшейтті. Шахтың Израильмен қатынасы Иран халқын ызаландырып, аймақ мұсылман халықтарының ызасы мен жиіркенішіне себеп болды. Әлемнің қоғамдық ой-пікірі бұл сұм қатынасқа теріс реакциясын білдірді. Осындай жағдайда, имам Хомейни батылдықпен және шахтың режимі мен оның қуатты жақтастарынан қорықпай, Израильмен соғысу және Палестинаның езілген халқына қолдау көрсетіп, бұл халықтың арман-тілектерін қорғады.
Осындай жағдайда, имам Хомейни шах режимінің Израильмен экономикалық байланысының кеңеюіне және сионистердің елдің экономикалық істеріне ықпалының күшеюіне қатты реакция білдірді. Иранның авторитарлық үкіметі Израильмен өте тығыз мұнай және қару-жарақ қатынастарымен қатар сионистерді Иранның экономикалық, ауылшаруашылық және өнеркәсіптік жоспарларын жүзеге асыруға тартуға талпынды. Бұл жылдары Израильдің экономикалық және өнеркәсіптік белсенділер мен сарапшылары Иранның ауылшаруашылығы мен саудасының әртүрлі салаларына араласу мүмкіндікке ие болды. Мысалы, израильдіктер іске қосуда және басқаруда белсенді рөл атқарған ірі ауылшаруашылық жобаларының бірі 12000 га жерде жүзеге асырылған Qazvin агроөнеркәсіптік жобасы болды. Имам Хомейни бұл жобаға қарсылық білдірді. Ол ақ төңкерістің қате салдарларына тоқталып, үкіметтің бұл әрекетін сынап: «Ормандарды ұлттандыру, жайылымдарды, суды, өзендерді, жер асты суларын мемлекет меншігіне алу сылтаумен барлық жақсы жерлер американдық, сионистік немесе британдық компанияларға берілді. Қазвинның маңындағы егін үшін жақсы жерлер еврейлер мен сионистреге тапсырылды»,- деп мәлімдеді. Израиль ауылшаруашылық және өнеркәсіптік жұмыстарға араласудан басқа, Ирандағы сыртқы сауда және банктік қызмет саласына да айтарлықтай араласатын болды. Шахтың сионистік режиммен кең экономикалық байланыстары сыртқы сауда теңгермінің Израильдің пайдасына өзгеруіне себеп болды. Ислам революциясының жеңісіне дейінгі 13 жыл ішінде Иранның Израильмен сыртқы сауда теңгерімінің тапшылығы 8,7 миллиард риал болды. Израильдің Иранның әртүрлі бөлімдеріндегі экономикалық үстемдігіне имам Хомейни қатты реакция көрсетіп, Ирандағы израильдіктердің мақсаттары мен билеп-төстеу болмысын әшкерелеуге мәжбүр болды.
Иран үкіметінің Израильмен экономикалық қатынастары ел экономикасының дамуына себеп болмады, керісінше, импортты кеңейтіп, қоғамдағы кедейлікті арттырды. Имам Хомейни революциялық қозғалыстың алғашқы жылдарында шах режимінің Израильмен экономикалық байланысының салдары туралы: «Бүгін Иран экономикасы АҚШ пен Израильдің қолында. Иран нарығы ирандықтардың бақылауынан шығып, саудагер мен фермерлердің арасында банкроттық пен кедейлік байқалды. Басқаша айтқанда АҚШ пен Израиль үшін қара нарық дұрысталды. Кеей халық туралы ойлайтын ешкім жоқ»,- деді. Имам шахқа «Израильдің қолдауымен Палестинаның езілген халқына қысымды күшейтпе және мұсылмандарды жаралама» деп ескертіп: «Ислам мен мұсылмандардың дұшпаны және жарты миллионнан астам мұсылмандардың босқын болуына себеп болған Израильмен бауырластық келісім жасамаңыз, мұсылмандардың көңіл-күйіне зиян келтірмеңіз»,- деді.