Иран: Мантеқинежад үйі (110)
Қаң 09, 2021 23:38 Asia/Almaty
Шираз қаласындағы Мантеқинежад үйі (Manteghi Nezhad Historical House) – х.қ.ж.с.б. 1311 жылы Қаджарлар дәуірінде салынған көне ғимараттардың бірі.
Үй «шаһнешин» қонақ күту залы және шығыс және батыс жағында көптеген бөлмелерден тұрады. Қазір бөлмелердің әрқайсысы музыка саласына қатысты түрлі тақырыптарға арналған. Мұражайдың басты бөлігі аудио, видео материалдар мен мұрағаттан тұрады. Басқа бөлімдерде музыкалық аспаптар галереясы, музыка ұстаздарының қолжазбалары мен құжаттарының галереясы, дәстүрлі аспаптар шеберханасы, Музыка орталығына қарасты түрлі ұлттардың музыкалық аспаптар залы және басқалар орналасқан.