Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 1
Азаттық пен демократия туралы уәж айтатын мемлекеттерің бірі, атап айтқанда Германиядағы адам құқығының бұзылуы нақты айтқанда Германиядағы миграцияға қатысты мәселеге тоқталамыз.
Өкінішке орай, соңғы жылдары адам құқығы мен демократия кейбір Батыс үкіметтерінің біржақты саясаттарын қолдамайтын мемлекеттерге саяси қысым көрсету үшін пайдаланатын құралға айналды. Бұл мемлекеттер әрқашан дамушы мемлекеттерді айыптап, адам құқығы мен демократия орнатуды сылтауратып, кең ауқымды шабуылдарын бастады. Шын мәнінде, әдемі ұрандарына қарамастан Батыс үкіметтері өздерінің азаматтарының көбінің азаматтық құқықтарына назар аудармайды. Сонымен бірге бұл жерлерге келген бөгделер де көптеген кемсітушіліктер мен нәсілдік кемсітушіліктермен бетпе-бет келеді. Батыс үкіметтерінің Таяу Шығыс аймағындағы отаршыл және билеп-төстеуші саясаттары бұл мемлекеттерде лаңкестікті таратып, инфрақұрылымдарын бұзумен бірге «жасыл құрлықты» басқа маңызды мәселелермен кезіктірді. Ирак, Ауғанстан, Сирия мен Йеменге қарсы шабуылдар, дағдарыстарды күшейту лаңкестік топтардың пайда болуы мен олардың нығаюына әкелді. Кейін бұл лаңкестік топтардың қылмыстары мигранттардың топ-топ болып, еуропалық мемлекеттерге ағылуына себеп болды. 2015-ші жылы мигранттардың басқа елдерге, әсіресе «жасыл құрлыққа» ағылуы бұрын кездеспеген оқиға әрі әдеттегіден тыс болды. 2015-ші жылы дамушы елдердің халқының Еуропаға қарай бет алуы еуропалықтар үшін «миграцияның дағдарысы» деп аталған жағдай тудырды. Еуропа елдерінің басшылары 2015-ші жылдағы миграция үдерісін 1945-ші жылы Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бері бұрын-соңды болмаған оқиға деп мойындады. Мұндай жағдайда миллиондаған бейкүнә адамдардың босқынға айналуына себеп болған Батыс мемлекеттері босқындарды қабылдап, оларға пана беруге дайын емес. Олар тіпті босқындарға назар аудармай, қатаң қатынас көрсетіп, босқындардың өмірлерін қиындатып, күн сайын босқындарға қатысты шектеулерді арттырды. Бұл күндері де мигранттарға қарсы тыйымдарды көбейтіп, оларды елдерінен шығаруды мақсат етуде.
Қатыгездік, кемсітушілік, босқындар мен пана іздеушілерді ұрып-соғу – Еуропадағы қауіпсіздік күштері, полиция және ұлтшылдардың босқындарды күтіп алатын құралдары. Ақпарат құралдарының 2015-ші жылдың басынан еуропалық мемлекеттердегі босқындардың қатыгездік, соққы және зорлық-зомбылықпен кезігуі туралы хабарларды таратпаған күндері аз болды. Босқындарды босқын болып, пана іздегендері үшін тұтқындап, абақтыларға қамау халықаралық заңдар бойынша тыйым салынған. Еуропалық мемлекеттерге келіп, пана іздегендердің саны көбейген кезде еуропалық елдердің босқындарды күтіп алу шараларының осалдығына байланысты оларды тұтқындау және қамау әрекеттері басталды.
БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун өткен жылы әлем бойынша босқындар санының көбеюіне алаңдаушылық білдіріп, үкіметтердің оларға қатыгездік білдіруіне қарсы сан рет ескерту жасап: «Мигранттардың көбі қатерлі және әділетсіз жағдайда өмір сүреді. Көптеген адамдар өз үміттерін теңіздер мен мұхиттарда қалдырды. Мигранттар мен олардың перзенттері отаршылыққа түсу қатерімен кезігуде. Олардың көбі келген мемлекеттерде тілеулестік пен құқықтарына ие болудың орнына азаттықтан мақұрым қалып, кемсітушілік және теңсіздікпен бетпе-бет келуде»,- деді. Халықаралық заңдар бойынша мигранттар да басқа адамдар сынды құқықтарға ие. Халықаралық қоғамның мигранттардың құқықтарын қолдау саласындағы ең маңызды қадамдарының бірі барлық еңбек мигранттары және олардың жанұяларының құқықтарын қолдайтын Халықаралық конвенцияны реттеуі саналады. Бұл конвенция 1990-шы жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясында бекітілді. Аталмыш құжатта мигранттардың қабылдаған мемлекеттен кету және жіберген үкіметіне оралу еркі, өмір сүру құқығы мен кемсітушілік, азап-қорлық, діни азаттық, мүліктің иесі болу, сондай-ақ заңсыз тұтқындаудың алдын алу қуатталған. Негізінде бұл конвенция Адам құқығының әлемдік жарлығы, Азаматтық және саяси құқықтар келісімі, экономикалық, қоғамдық және мәдени құқықтар туралы келісімдер сынды адамзаттың негізгі құқықтары туралы құжаттарды қайталау болып табылады.
Германия – есіктерін ашық ұстау саясатымен мигранттар мен босқындарды қарсы алған мемлекеттердің бірі. Бұл мемлекет осы уақытқа дейін көбісі Ирак, Сирия және Ауғанстаннан келген шамамен 1 миллион 100 мың мигрантты қабылдады. Сириялық және ирактық көптеген босқындардың Еруопаға ағылуы мен Германия үкіметінің көбірек босқындарды қабылдау саясаты кейбіреулердің сынымен, басқалардың қолдауымен кезікті. CNN арнасының сарапшысы бұл туралы: «Германия үкіметі ағымдағы жылы мыңдаған мигрантты қабылдайды. Олардың саны 2015-ші жылы бүкіл Еуропа қабылдаған мигранттардың санынан артпақ. Әрине Германияның мұндай шешіміне алғыс айтылады деп ойлауға болады. Бірақ олай емес. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында шамамен Балкан елдерінен шамамен жарты миллион мигрант Германияға қоныс аударды. Ешбір адам Германияның Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қылмыстарын ұмыта алмайтын жағдайда. Бұл мемлекет өзінің бейнесін өзгертуге талпыныс жасауда»,- деді. Франциядағы Халық партиясының төрағасы: «Германия ағылып жатқан босқындардан өзіне қызмет ететін құл жинағысы келеді»,- деді. Франциялық саясаткердің бұл сөздері Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Германияның нацистік үкіметінің жұмысқа мәжбүрлеу саясатын еске салу болар. Қалай болғанда да Германияның кейбір нәсілшілдерінің бұл елге келген мигранттарға қарсы қылмыстары мигранттар мен босқындардың құқықтарын әшкере түрде бұзу болып саналады. Германиядан келіп жатқан хабаралар бойынша германиялық неонацистер мен нәсілшілділер Гитлердің саясаттарын үлгі етіп, пана іздеп келген адамдарды ұрып-соғып, олар өмір сүретін уақытша мекендерді қиратуда. Бәрінен маңыздысы, Германия полициясының мигранттардың шағымдарын қарастырмауы саналады. Германия да қосылған 1951-ші жылғы мигранттар конвенциясы бойынша бұл мемлекет мигранттардың құқықтарын сақтауға міндетті. Бірақ Германияның баспасөзі бұл елде мигранттарға қарсы шабуылдарға қатысты 222 істің тек 4-нің қарастырылғанын жариялады. 2015-ші жылдағы 222 шабуылдың 93-і өртеу деп хабарланды. Бұл өрттер мигранттар өмір сүретін қонақ үйлер мен тұрғын үйлерде орын алды. Мигранттар өмір сүретін мекендерде іске асырылған шабуылдар оларды өлтіру немесе оларға шынайы зардап келтіруді көздеді. 2015-ші жылдағы мигранттарға қарсы шаубылдардың көбеюі Германия қоғамы үшін шынайы қоққан-лоққы болды. Куәлердің айтуы бойынша «Молотов» бөтелкесін пайдалану, өрт және мигранттар өмір сүретін мекендерге тас лақтыру көптеген адамның құрбан болуына себеп болған. Мәселен, Кельн полициясының мәліметі бойынша ағымдағы 2016-шы жылдың 10-шы қаңтар күні 20 адамдық топ 6 пәкістандыққа шабуыл жасап, олардың екеуін жаралаған. Еуропа мигранттар үшін шынайы бағдарлама қарастырады деген болжамдар айтылған. Бірақ қазір еуропалық саясаткерлер тарапынан тек мигранттарды мемлекеттерінен шығарып, өз елдеріне қайтару туралы ғана айтылып отыр. Бұл мәселе біріншіден, осы кезде Германияда өз тағдырларының шешімін күтіп отырған ауғандық мигранттарға қатысты. Германия Канцлері Ангела Меркель: «Олар үйлеріне қайтады. Ауғандықтар бұл жерге экономикалық жағдайларын жақсарту үшін келді. Сондықтан елдеріне қайтарылады»,- деді. Германияның Әділет министрі де ағымдағы жылдың 13-ші қаңтарында Германияның ARD арнасына берген сұхбатында: «Заңның өзгеруіне байланысты мигранттарды Германиядан шығару көбейеді. Өйткені біз олардың кетуі үшін қажетті міндеттемелерін азайтамыз»,- деп мәлімедеді.
Осы кезде елдеріндегі бейберекеттік пен қатыгездіктерден қашып, жаңа өмір бастау үмітімен көптеген қатерлерге қарамастан «жасыл құрлыққа» аттанған мигранттар мен босқындардың армандары бұл мемлекеттерден қуылу мәселесіне тірелді. Еуропалық лагерлерде ауыр жағдайда күндерін өткізіп, келген мемлекеттен тек қатыгездік, балағат, кемсітушілік көрген босқындар бастаған жолдарының басына оралулары керек.