Сәу 03, 2021 19:25 Asia/Almaty
  • Иран:Нушабад (116)

Нушабад – Исфахан облысының солтүстігіндегі көне тарихи аудандардың бірі. Ол Кашан қаласынан 5 км жерде орналасқан. Нушабадтың ең маңызды көрнекті жері – «Уви» жерасты қалашығы. Бұл қалашық 4-16 метр тереңдікте орналасқан. Аудан тұрғындарының айтуынша, жерасты қалашығының ұзындығы 4 км, ол қаланың тарихи қоршауының сыртына дейін созылып жатыр. Нушабад қаласының астына қолмен қазылып салынған бұл 3 қабатты кешенде шағын бөлмелер, дәліздер мен көптеген каналдар бар.

Нушабад жерасты қалашығы
Нушабадтағы "Уви" жерасты қалашығының кіреберісі
Жерасты қалашықтың кіреберісінен басқа бөліктері адам бойына шақталып жасалған. 
Бірінші қабат дәліздерден тұрады.
Екінші және үшінші қабаттар өмір сүру және азық-түлік сақтауға арналған. 
Құдықтар қабаттарды байланыстыратын жол және ауа алмастыру желісі ретінде пайдаланылған.
Жерасты қалашығының бірнеше есігі бар. 
Қалашықта ирелең дәліздер, үлкенді-кішілі бөлмелер мен қорғанысқа арналған қақпандар бар. 
Қалашықта анқталған ең терең жер 24 метрді құрайды. 
Жерасты қалашығына турист көп келеді.
Моңғолдар шапқыншылығы кезінде бұл қалашық тұрғындардың паналайтын жер болған деседі. 
Қалашықтың көптеген көрнекті жері уақыт өте келе су тасқыны салдарынан жойылды. 
Қалашықта ең терең жерде ауа жеткізу желісі жақсы жұмыс жасайды. 
Қалашықта 1800 жылдық тарихы бар қыш бұйымдар табылды.

 

Тегтер