Құрандағы имам Мәһдидің (ғ.с.) бейнесі (29)
«Аср» сүресі: سْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِیمِ / وَالْعَصْرِ / إِنَّ الْإِنْسَانَ لَفِی خُسْرٍ / إِلَّا الَّذِینَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ وَتَوَاصَوْا بِالْحَقِّ وَتَوَاصَوْا بِالصَّبْرِ
«Аср» сүресі:
«Заманға серт. Негізінен адам баласы зиянда. Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды».
«Аср» сүресі қысқа болғанымен, өте ауқымды. Кейбір тәпсіршілер Құранның барлық ғылымдары мен мақсаттары осы сүреде жинақталған деп санайды. Басқаша айтқанда, бұл сүре қысқа болғанымен, адам бақытының жан-жақты және толық бағдарламасын белгіледі. Бұл сүре заманға серт беруден басталады. Заман (аср) уақытты білдіреді. «Аср» үшін басқа мағна да айтылды. Кейбіреулер «аср» сөздің мағынасын қысым деп санайды. Өйткені қысым адамның немқұрайдылығынан айырылуына және күш-жігері мен бастамасына себеп болады. Кейбіреулер «асрды» жаратылған ғаламның мәні болып табылатын кемелді адамдар деп санайды.
Сондай-ақ бірқатар тәпсіршілер «асрды» уақыттың белгілі бөлігі ретінде қарастырады. Мысалы, адамзат тарихында ерекшелік пен ұлылыққа ие Исламның пайда болған немесе уәде етілген Мәһди (ғ.с.) келетін сынды кезең деп біледі. Заманға ант бергеннен кейін, барлық адамдар зиянды болуы туралы айтылды. Содан соң олардың ішінен тек бір топты бөледі. Олар иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер.
Шейх Садуқтың «Экмал ад-дин ва этмам ул-нығмат» кітабындағы имам Садықтың (ғ.с.) руауяттарының бірінде былай деп айтылды: «Аср» дегеніміз хазірет Мәһдидің (ғ.с.) келетін кезеңі. Шынында да, адам (яғни, біздің дұшпандарымыз) зиян мен шығын көретін болса, біздің аяттарымызға (әһле-бейтімізге) иман келтіргендер және дін бауырларының көмегімен жақсылық жасайды және бір-бірімізге сабырлы және құқығымызға берік болу туралы ақыл-кеңес береді».