Maм 12, 2021 18:59 Asia/Almaty
  • Өндірістегі серпіліс – дамудың негізі (25)

Иран мен көрші елдер арасындағы тарихи және мәдени ортақтықтардың болуы экономикалық өзара әрекеттесуді күшейтеді.

Экономика ғылымы теориялары бойынша көршілес елдермен сауда қатынастарын құру сауда шығындарының төмендеуінің себептерінің бірі болып табылады. Иранның экономикалық саясатының бірі - көршілерімен экономикалық қатынастарды дамытуға басымдық беру.  2018  жылы Иран экспортының 50 пайыздан астамы құрлық пен су шекаралас елдерге жіберілді. ИИР өзінің геосаяси жағдайы 15 елмен шекаралас болғандықтан сауда әлемінде үлкен маңызға ие. Атап айтқанда, Иран мен көрші елдер арасындағы тарихи және мәдени ортақтықтардың болуы экономикалық өзара әрекеттесуді күшейтеді. Сондықтан сарапшылар көрші елдермен экономикалық қатынастарды дамытуды басымдық стратегия ретінде қарастырады. Иран мен оның көршілерінің тиімді жағдайы аймақтағы барлық елдердің мүдделерін қамтамасыз етеді. 

Иран мен оған көршілес елдері арасындағы экономикалық өзара қатынастар тауарлар мен қызметтерді алмасу, тауарлардың транзиті мен тасымалдау, қаржылық ынтымақтастық, банктік, сақтандыру  және бір-бірінің кең нарықтарын пайдалану сынды әртүрлі салаларында болуы мүмкін. Әр елдің өзінің экономикалық ерекшеліктері бар және олар артықшылықтары ретінде қарастырылады. ИИР кез келген ел сынды көршілес елдермен экономикалық қатынастарын ерекшеліктеріне сай орнатады. Мысалы, АҚШ-тың Иран экономикасына қарсы санкцияларын ескере отырып, Түркия өзінің стратегиялық географиялық орналасуына және Оңтүстік-Батыс Азия мен Еуропаның тоғысқан жері болғандықтан тауарлар мен энергия үшін жақсы транзиттік жол болып табылады.

Иранның өзінің солтүстік-батыс көршісі Түркиямен 500 шақырымдық шекарасы бар. Иран Сауда палатасының вице-президенті Педрам Сұлтани Иран мен Түркия арасындағы экономикалық қатынастар туралы: «Иран мен Түркия - бір-бірінің экономикаларына айтарлықтай әсер ететін аймақтағы екі үлкен және маңызды ел. Иран - Қиыр Азия мен Үнді түбегі және Орта Азия арасындағы, ал Түркия - Таяу Шығыс пен Еуропа арасындағы көпір. Екі ел де ерекше геостратегиялық жағдайға ие және халық саны жағынан салыстырмалы түрде тең. Иран мен Түркия көршілес болғандықтан маңызды және ауқымды экономикалық байланыстарға ие. Негізінде нарықтарының көлемі  және географиялық ерекшеліктері  екі елге байланыстарын одан әрі өсіру мүмкіндікті береді. Кең экономикалық байланыстарының көлеміне байланысты екі елдің экономикасы бір-біріне қатты әсер етеді. Газбен қамтамасыз ету тұрғысынан Түркия Иранға қатты тәуелді. Бұл ел тұрақты және ұзақ мерзімді энергияны қажет етеді. Басқа жағынан, Түркия Иранның Еуропаға жолында болғандықтан, бұл Иран мен Еуропа арасындағы саудаға әсер етуі мүмкін. Иран Түркияның Орта Азия және Ауғанстанмен сауда-саттығына әсер ете алады»,- деді.Түркия үшін стратегиялық маңызды Иран арасындағы экономикалық қатынастардың ең маңызды саласы - энергетика саласы. Иран Түркияны табиғи газ және шикі мұнаймен қамтамасыз етушілердің бірі болып табылады. Иран мен Түркия Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) мен D8 ұйымына мүше. 1397 жылғы ресми статистикаға сәйкес, Иран мен Түркия арасындағы екіжақты сыртқы сауданың көлемі шамамен 11 миллиард долларға жетті. Осы саннан Иранның Түркияға мұнай және мұнайдан басқа экспорты 7,5 миллиард долларды құрады. Иранның соңғы жылдарда  Түркияға мұнай өнімдері мен мұнай-химия туындылары, қарбыз, құрма, бадам, пісте мен жаңғақ, ауылшаруашылық өнімдері, қант, құрылыс жабдықтары, жуғыш заттар мен санитарлық-техникалық бұйымдар, иленген тері, темір рудасы, алюминий және мыс экспорттады.

Әзірбайжан - шығыс Каспий теңізі мен Иранның солтүстік-батысында орналасқан Иранның тағы бір көршісі. ИИР-ның Әзірбайжанға қатысты сыртқы саясаты Орта Азия және Кавказ аймағындағы жалпы сенім, тұрақты бейбітшілік, табиғи ресурстарды әділ пайдалану және тұрақты аймақ құруға күш салу үшін жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген саясатының бір бөлігі болып табылады. 1828 жылға дейін Әзірбайжан Иран өркениеті территориясының бөлігі болды. Екі ғасырға жуық уақыт бұрын Түрікменчай келісімшарты бойынша ол Ираннан бөлініп, патшалық Ресейге өтті. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін республика тәуелсіздік жариялады. Әзірбайжан әрқашан Иранның саяси және экономикалық байланыстары үшін маңызды. Әсіресе республика тәуелсіздік алғаннан кейін Теһран-Баку қатынастарын кеңейтуге қолайлы жағдай туды. Иран мен Әзірбайжан 700 км астам ортақ шекараға ие. Тарихи ортақтықтар мен ортақ мәдени тамырлардың болуы екі ел арасында сауда қатынастарын орнатуға жақсы негіз жасады. Екі елдің бизнесмендері бір-бірінің нарықтарында белсенді қатысады. Астара, Джолфа, Билесвар және Полдашт (Санам Болағи) - Иранның Әзірбайжанмен екі шекара өткелі, олар арқылы екі ел арасындағы тауарлардың транзиті жүзеге асырылады.Соңғы жылдары Иран ТМД елдері арасында Әзербайжанға ең көп тауар экспорттады. Екі елдің жоғары деңгейдегі саяси-экономикалық басшыларының кездесулері Иран мен Әзірбайжанның халықтары арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді. Екі ел арасындағы сауда көлемін кеңейту саласындағы жеңілдетілген тарифтер, бірлескен кәсіпкерлікті жеңілдету және энергетика, банк, өнеркәсіп, көлік, бөгеттер, электр станциялары және білімге негізделген өнімдерді экспорттау, жеке және мемлекеттік сектордың инвестицияларына кепілдік беру, соның ішінде екіжақты мүдделер Иран мен Әзірбайжанның саясаткерлерінің бір-бірімен экономикалық қатынастарын дамытуға қажет. Иран мен Әзірбайжан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жолдардың бірі - Анзали еркін аймағында және Әзірбайжанда екі елдің экономикалық белсенділері үшін мамандандырылған және бірлескен көрмелер өткізу. Екі елдің экономикалық өзара байланысын туризм саласында да байқауға болады. Иранға жыл сайын 3 миллионнан астам әзірбайжандықтың келуі, Иранның біржақты түрде визаны алып тастауы бұл елдегі қажылық, туризм және денсаулық салаларындағы туризмнің өркендеуіне әкелді.

Иранның солтүстік аймағының тағы бір көршісі - Армения. Армения 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін, Ереван-Теһран арасындағы саяси, экономикалық және мәдени қатынастар белсенді диалог пен әртүрлі саладағы тығыз ынтымақтастыққа негізделген жоғары бағытта дамып келеді. Екі елдің басшылары екіжақты экономикалық байланыстардың әлеуеті зор екенін сан рет қуаттады. 2018 жылы Иран үш миллионға жуық халқы бар Арменияға экспорты шамамен 270 миллион долларды, Армениядан импорты 94 миллион долларды құрады. Иран мен Армения ауылшаруашылық, мал шаруашылығы, газ, электр тоғы мен энергия алмасу және көлік салаларындағы    екіжақты сауданы 320 миллионнан астам долларға дейін кеңейтуге талпынуда. 2019 жылдың қаңтарынан бастап Арменияда ирандық инвестицияның қатысуымен 5000-нан астам компания, олардың көбі кәсіпкерлер тіркелді. Бұл көрсеткіш Арменияда тіркелген компаниялардың жалпы санының 36 пайыздан астамын құрайды. Иран инвестициясымен жұмыс жасайтын негізгі компаниялар көбінесе ақпараттық технологиялар, өнеркәсіп, құрылыс, жылжымайтын мүлік, сауда, ауыл шаруашылығы, туризм және көлік салаларында белсенділік көрсетуде. Транзит мәселесі Иран-Армения қатынастарын дамыту үшін ерекше маңызға ие. Армения - Иранмен құрлық  шекаралас жалғыз еуразиялық мемлекет. Сондықтан бұл ел Иран мен Еуразия аймағы арасындағы көпір рөлін атқарып, Иранның осы нарыққа шығуына өз үлесін қоса алады. Армения сонымен қатар Парсы шығанағы-Қара теңіз дәлізінде Еуроодақтың Азия нарықтарына шығуы үшін  ең қысқа стратегиялық бағыты ретінде маңызды рөл атқарады. Иран энергетикалық ресурстар мен тауарларды Еуропа елдеріне жеткізу үшін Парсы шығанағы аймағы мен Оман теңізін Қара теңізге қосуға мүдделі. Осы мақсатқа жетудің қол жетімді жолдарының бірі - Армения мен Грузия. Армения сонымен қатар Иран газын аймақ елдері мен Еуропаға тасымалдаушы елге айналуы мүмкін. Иран газын басқа елдерге Армения арқылы тасымалдау техникалық мүмкіндігі бар. Ираннан Арменияға жылына шамамен 2,3 миллиард текше метрді газ тасымалдауға болады. 

Қорыта айтқанда Иран мен оның, әсіресе Орталық Азия мен Кавказдағы, басқаша айтқанда Еуразиядағы  аймағындағы көршілерінің өз экономикаларын нығайтуға талпынатындарын  ескере отырып, көршілестік саясатты нығайту өзара аумақтық мүмкіндіктерден, демек, өзара тиімділіктен пайда табатынын атап өткен жөн. Осылайша көрші көршісінен пайдасын көреді және тараптар басқа көршілермен байланыс орнатып, үшжақты және көпжақты ынтымақтастыққа ие бола алады.

Тегтер