Маусым 08, 2021 18:03 Asia/Almaty

Сардар Солеймани мен Абу Махди әл-Мохандеске қарсы террор - АҚШ-тың  мемлекеттік терроризмінің айқын көрінісі

Халықаралық гуманитарлық құқықтың басты мақсаты – қақтығыс жерлерден қашқан бейбіт тұрғындар мен жауынгерлердің өмірін, денсаулығы мен қадір-қасиетін қорғау. Халықаралық гуманитарлық құқық адамның негізгі құқықтары мен соғыс құрбандарының құқықтарын қорғайды. Ирандағы халықаралық құқық ұстазы доктор Али Фақих Хабиби: «Халықаралық гуманитарлық құқық тараптардың гуманитарлық себептермен қақтығысушы тараптардың соғыс құралдары мен әдістерін таңдау және пайдалану құқығын шектейді. Халықаралық гуманитарлық құқық қақтығыстардан зардап шеккен адамдар мен объектілерді қорғайды»,- деді.

АҚШ мемлекеттік және халықаралық терроризмнің таралуына маңызды рөл атқарады

Американдықтардың өздерінің дұшпандық және террористік әрекеттерін ақтау  үшін  «мақсатты қастандық» терминін «күш қолдануға тыйым салу» қағидасының ерекше жағдайы ретінде қолдануда. Швейцарияның заңгері Нильс Мельцер мақсатты қастандықтың заңсыздығына баса назар аударып: «Қасақана қастандық дегеніміз - белгілі адамды немесе адамдарды өлтіруді мақсат етіп, қастандық жоспарлау.  Сондай-ақ, Нью-Йорк әскери университетінің құқық ұстазы Гэри Солистің айтуынша, мақсатты түрде кісі өлтіру халықаралық немесе халықаралық емес қарулы қақтығыс болған кезде заңды болып табылады. Сионистік режим мен АҚШ үкіметі әлемдегі мемлекеттік терроризмнің көшбасшылары ретінде  Тель-Авив пен Вашингтонның террористік үкіметтеріне қауіп төндіретін адамдарды тұтқындауға  болады деп санайды.

Сардар Солеймани мен Абу Махди әл-Мохандестке қарсы мақсатты террорға АҚШ қатысты

Мақсатты қастандықты жақтаушылардың көзқарасы бойынша, бұл әрекетке жүгіну заңды қорғаныстың ажырамас құқығына және  күш қолдануға тыйым салу қағидасына негізделген. АҚШ террористік үкіметі генерал Касем Солеймани мен Хашд аш-Шаабидің орынбасары Абу Махди әл-Мохандестің өлтірілуін БҰҰ Жарғысындағы  күш қолдануға тыйым салудын  ерекшеліктері ретінде ақтайды. АҚШ-тың ұятсыз талабын тексеру үшін генерал Солейманиге жасалған қастандықты «Ирак үкіметінің келісімі» және «заңды қорғаныс» қағидаты тұрғысынан қарастырамыз. Айта кету керек, Ирактың халықтық жұмылдыру күші Ирактағы толық ресми және заңды әскери күш болып табылады. Мемлекеттердің өздерінің әуе кеңістігіне толық және айрықша егемендігінің қағидасы Чикаго конвенциясының 1-бабында қамтылған және осы конвенцияның 2-бабына сәйкес мемлекеттің егемендігіне әуе кеңістігі және оның юрисдикциясындағы шектес аумақтық сулар кіреді. Чикаго конвенциясына сәйкес, лицензиясы жоқ дрондардың басқа елдердің үстінен ұшуына тыйым салынады. Сондықтан дрондардың әрекеттері мемлекеттердің келісімі немесе заңды қорғаныс негізінде жүргізілуі керек. Олай болса, Багдад әуежайында ИИР-ның Құдс күштерінің қолбасшысы генерал Солеймани және оның қасындағыларға, соның ішінде Ирактың Хашд аш-Шааби күштері қолбасшысының орынбасары Абу Махди әл-Мохандеске  дронмен жасалған шабуыл. Ирак үкіметінің келісімі мен егемендігін ашық түрде бұзу болды. Бұл лаңкестік әрекеттен кейін Ирак Сыртқы істер министрлігі Нью-Йорктегі өкілі арқылы Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы және БҰҰ Бас хатшысына екі шағым хатын жолдады.  Ирак Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Ирактың әскери позицияларына қарсы шабуылдары   және  Ирактың жеріндегі әскери қолбасшылар мен жоғары лауазымды адамның өлтірілуіне қатысты екі хатты халықаралық ұйымдарға жіберді.

Сардар Солеймани мен Абу Махди әл-Мохандеске қарсы террор - АҚШ  мемлекеттік терроризмінің айқын көрінісі

Ирак үкіметі БҰҰ-на жазған хаттарында АҚШ-тың генерал Солеймани мен оның қасындағыларды Ирак жерінде өлтіруі Ирактың егемендігіне қарсы  қауіпті агрессия болғанын және америкалық күштердің  Иракта орналасу шарттарына қайшы екенін қуаттады. Ирак Сыртқы істер министрлігі Қауіпсіздік Кеңесін АҚШ-тың Иракқа басып кіруін, әскери қолбасшылардың өлтірілуін айыптауға шақырды. Ирак Сыртқы істер министрлігі сонымен қатар АҚШ-тың Бағдадтағы елшісі Мэтью Лютерді шақыртып, Сақшылар корпусының Құдс күштерінің қолбасшысы АҚШ-тың генерал Солейманиді өлтіруін айыптап, бұл әрекеттің Ирактың егемендігін бұзу деп тапты. 

Ирак парламенті өкілдері сонымен бірге генерал Солеймани  шәһид болғаннан екі күн өткен соң Ирак пен АҚШ арасындағы қауіпсіздік туралы келісім шарттарының бұзылуына және АҚШ-тың шапқыншы және заңсыз әрекеттеріне тоқталып, АҚШ-тың әскери күштерін Ирак жерінен шығару шешім қабылдады.

 

 

Тегтер