Қыр 25, 2021 21:23 Asia/Almaty
  • Иран: Қалат ауылы (126)

Қалат ауылы Шираздың солтүстік-батысынан 36 км жерде, тау етегіндегі әдемі бұлақ маңында, бақтың ортасында орналасқан.

Ауыл тұрғындары жартылай дәстүрлі өмір салтын ұстанып, егін және мал шаруашылығы және бау-бақшамен айналысады. Кейбіреулері гиве – аяқ киім тоқиды. Ауылдың дәстүрлі архитектуралық құрылысы көбіне оның орталық бөлігінде байқалады. Үйлер баспалдақ қалыбында кірпіш пен саз балшықтан салынған. Ауыл тұрғындары «қалат» диалектісінде сөйлейді. Ол Иранның оңтүстік-батысында қолданыста болған орта парсы тілінің жұрнағы.

Қалат ауылының әдемі көрінісі
Қалат ауылының әсем табиғаты
Қалат Фарс облысының таулы ауданында орналасқан.
Бұл ауданда көне ағаштар, әсіресе шынар ағашы көп.
Қалат теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте орналасқан.
Қалаттың ауа райы жазда қоңыр салқын, қыста суық.
Ауылдың іргетасы исламға дейінгі дәуірде қаланған.
Ауылдың ортасындағы үйлер баспалдақ қалыбында салынған.
Ауылда шамамен 7000 адам өмір сүреді.
Ауыл тұрғындарының басты тағамдары – пиаз қосылған ірімшік (кәшк), жаңғақ қосылған ірімшік, жасымық көжесі, кеспе көже.  
Қалаттағы бір дәстүрлі мейрамхана
Үйлердің көбі тас, кірпіш әрі саз балшықтан салынған.
Қалат ауылында туристерге қолайлы жағдай жасалған.
Қалат «абадталған» деген мағына береді.
Ауылдағы көне үйдің қақпасы
Қалат – табиғат сүйер туристердің демалатын жері.
Жыл сайын бұл ауылға Иранның түкпір‑түкпірінен турист көп келеді.
Қалат ауылының тұрғындары шыншыл, мейірбан әрі биік рухқа ие.
Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі – мал шаруашылығы мен бау-бақша.  
Ауылдың қолөнер бұйымдары
Қалат ауылының ескі үйлері 

 

Тегтер