Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 3
Қазіргі кезде АҚШ-тағы қылмыстар мен қиянаттардың шынайы статистикасы мен әртүрлі қылмыстарды іске асырды деп айыпталған бейкүнә адамдардың ақталуы халықты таңғалдырды. Бұл мәліметтер АҚШ-тың әділет жүйесінде заңсыз айыптаулардың кеңінен таралғанын көрсетеді.
Қазіргі кезде АҚШ-тағы қылмыстар мен қиянаттардың шынайы статистикасы мен әртүрлі қылмыстарды іске асырды деп айыпталған бейкүнә адамдардың ақталуы халықты таңғалдырды. Бұл мәліметтер АҚШ-тың әділет жүйесінде заңсыз айыптаулардың кеңінен таралғанын көрсетеді.
Бұл мәселе АҚШ-та тіпті ешбір қылмыс жасамаған бейкүнә адамдардың ақталуы туралы мәлімдеме жарияланған соң көбірек әшкереленді. Ұлттық статистика орталығының 2016-шы жылдың 3-ші ақпанында жарияланған мәліметі Мичиган университетінің зерттеу жобасының бір бөлімі болды. Бұл мәлімет бойынша зерттеушілер 2015-ші жылы айыпталғандардың 149 адамының жаңсақ және заңсыз айыпталғандарына байланысты ақталғандарын анықтады. Мұндай статистика өткен жылмен салыстырғанда артқан. Аталмыш мәліметті жинақтауға қатысқан Мичиган университетінің құқық пәнінің ұстазы Самуил Гросс The Huffington Post-қа берген сұхбатында: «Тарихи тұрғыдан ақталған бейкүнә адамдардың саны көбеюде. Біз болсақ мұндай қателіктер аз кездеседі деп ойлаймыз»,- деді. Өткен жылы ақталған ерлер мен әйелдер абақтыда орта есеппен он төрт жылдан астам уақыттарын өткізген, тіпті кейбіреулері өлім жазасын күткен. Келесі мәселе айыпталған кезде жастары 18-ге толмаған жасөспірімдерге немесе ақыл-естері кем адамдарға қатысты. Бұл айыптаулардың барлығы заңды кезеңдерден өткенімен АҚШ-тың әділет жүйесіндегі үдеріс бұзылған. Бұл мәлімдемеде айыпталғандардың көбінің кінәсіз болғандарының дәлелденулері АҚШ сот жүйесінде қателіктердің жиі кездесетінін көрсетеді. Негізінде қателіктердің көптігі әділет негіздерін сақтайтын жүйе үшін лайық емес. Самуил Гросс: «Сот шешімдерінің бұрыстығы туралы мәліметтердің жоғары болуы АҚШ-тың сот жүйесіндегі бұл мәселенің тұрақтылығын және негізгі проблемаларының бірі екендігін көрсетеді. Осы кезде біз бұл қателіктердің жүйелі түрде қайталанатындығы туралы білеміз»,- деді. 2015-ші жылдағы ақталған адамдардың шамамен 20 пайызы олардың мәжбүрлікпен мойындауларына сүйеніп шығарған шешімдерге қатысты болды. Қате шешімдердің көбісі кісі өлтіру қылмыстарымен байланысты болып, тіпті айыпталғандардың ішінде 18 жасқа толмаған жасөспірімдер мен ақыл-естері кем адамдар да кездеседі. 16 жастағы ақыл-есі кем жасөспірім Бобби Джонсон ата-анасы немесе қамқоршысының қатысуынсыз екі куәнің алдында 70 жастағы Герберт Филдсты өлтіргенін мойындады. Джонсон 2007-ші жылы 38 жылға бас бостандығынан айрылды. Бірақ 2015-ші жылы оны қорғаушысы: «Джонсон екі куәнің алдында жасамаған қылмысын мойындауға мәжбүр болды. Екі куә Джонсонның қылмысы туралы өтірік айтты. Куәлік еткен бұл екі адам осы істің ағымында оларға назар аударылмаған басқа екі адамның қылмыстарының куәгерлері болған»,- деп мәлімдеді. Сөйтіп тоғыз жылдан кейін сот Джонсонды ақтап, абақтыдан босатты. Соттың қате шешімдерін өзгерту саласында жұмыс жасайтын үкіметтік емес органдардың бірі «Күнәсіздіктің жобасы» атты жоба арқылы 1989-ші жылы қабылданған соттың жүздеген шешімдерінде заңсыз мойындаулардың шығарылған қате үкімдердің негізгі себептерінің бірі болғанын анықтады. Жалпы алғанда соттың қате үкімдерінің шамамен 31 пайызы заңсыз, мәжбүрлі түрдегі мойындауларға сүйеніп шығарылған. Бейкүнә адамның жасамаған қылмысын мойындауы ақылға сай келмейтіндей көрінеді. Бірақ ақталған адамдарды тіркейтін ұлттық орган: «Өткен жеті жылда өтірік мойындаулардың статистикасы арты. 2015-ші жылы ақталған адамдардың 40 пайыздан астамы өтірік мойындаулар негізінде айыпталған. Бұл мойындаулардың көбісі есірткі мен кісі өлтіру қылмыстарына байланысты. Халықтың көбі, соның ішінде соттар әділетті зерттеу арқылы айыптаудың орнына қылмыстық істерде адамның қылмысын мойындауына сүйеніп, шешім қабылдайды. Аппеляциялық соттың тоғызыншы филиалының судьясы Алекс Косински өткен жылы өзінің мақалаларының бірінде: «АҚШ соттарында таралған бұл үдеріс айыпкерлердің аппеляциялық талаптарын зерттуге әсер етеді»,- деп жазды. Аппеляциялық жүйе сот шешімдері тұрғысынан көбінесе істерді шешетін маңызды жолдардың бірі болып табылады. Бірақ Адам құқығы бақылаушыларының АҚШ-тың сот жүйесіне жүргізген зерттеулері соттың мұндай тәртібінің көбінде федералды судьяның айыпкерді мықты күш ретінде сескендіріп, айыпталушының шешімнің одан сайын ауырлауынан қорқып, тіпті қате болса да, адамның өзі кінәсіз болса да қазіргі шешімді қабылдауына себеп болатынын көрсетті. Нью-Йорктің шығыс аймағының соты Джон Глиссан: «Айыпкерлер жасамаған қылмыстарын мойындап, қысқа мерзімді бас бостандығынан айыруға төзуді артық санайды»,- деді. Аппеляциялық талаптардың мысалы ретінде Шаун Урильдің ісіне тоқталуға болады. 1991-ші жылы Уриль такси жүргізушісі Билли Уильямсті өлтірді деп айыпталды. Уриль өзін қорғап, оқиға орын алған күні Уильямстің таксиінің артында жарақат алған адамның ізіне түскені туралы айтады. Оның адвокаттары сол адамның кейін Уильямсті өлтіргенін мәлімдейді. Уриль бұл қылмысты мойындайды, бірақ ол мойындауына Чикаго полициясының азап-қорлықтары себеп болғанын мәлімдеді. Прокурор Урильдің кісі өлтірушілікпен айыпталғанын жариялаған кезде ол өмірін сақтап қалу үшін мәжбүрлікпен кісі өлтіргені мен ұрлық жасағанын мойындайды. Ол 60 жылға бас бостандығынан айрылады. Бірақ сот күні өзінің кінәсіз екендігін айтады. Айыпталушылардың азап-қорлықтарын зерттейтін комиссия Шаун Урильге Чикагоның бұрынғы полицясы Джон Бурге көрсеткен азап-қорлықты дәлелдегенге дейін оның кінәсіз болғаны анықталмайды. Джон Бургенің әртүрлі тәсілдермен 100-ден астам қара нәсілдіні азаптағаны дәлелденіп, Уриль 13-ші қазанда барлық айыптаулардан ақталып, абақтыдан босатылды. Өткен жылдардан бергі ақталған сот шешімдерінің көбі сотмедсараптаманың нәтижелеріне сай дұрыс емес немесе сенімсіз деп жарияланды. «Күнәсіздықтың жобасы» атты жобаның зерттеулері бойынша сотмедсараптаманың қате нәтижелері заңсыз айыптаулардың негізгі себебі болды. Бұл мәлімдеме жайттардың көбінде сотмедсараптаманың мамандары іс ұзаққа созылатын ғылыми зерттеулерді қажет ететін болса болжамдар бойынша шешім қабылдайды. Сонымен бірге сотмедсараптаманың кейбір тактикалары ғылыми тұрғыдан қабылдауға келмейді. Бірақ мұның барлығына қарамастан Нағыз куәлерді дұрыс анықтамау заңсыз әрі қате айыптаулардың дәлелдерінің бірі саналады. Ақталған адамдардың істерінде олардың бас бостандықтарынан айырылуына негізгі куәгерлердің анықталмауы себеп болды деп көрсетілген. «Күнәсіздықтың жобасы» атты жоба негізгі куәлердің табылмауына қатысты қате шешімдердің 70 пайызының ДНҚ анықталған соң белгілі болғанын мәлімдеді. Жүздеген құжаттар куәлердің көбінесе қате анықталатындығын, адамдардың бұл салада қауіпсіздігіне сенімнің жоқтығын көрсетті. «Күнәсіздықтың жобасы» атты жобаның соттың қателігі туралы нәтижелері АҚШ-тың тек 14 штатына қатысты. Алайда АҚШ-та қате шешім қабылданып айыпталған адамдардың саны туралы нақты мәлімет жоқ. «Күнәсіздықтың жобасы» көптеген зерттеулері бойынша шын мәнінде тұтқындалғандардың 2-5 пайызы кінәсіз деп жариялады. Әлем бойынша тұтқындағылардың саны бойынша рекорд орнатқан АҚШ-та шамамен 2 миллион адам абақтыға жабылған. Егер бұл ел сотының қате шешімдері ең төмен мөлшермен 2 пайызды құрайтын болса, АҚШ-та еш уақытта қылмыс жасамағандарына қарамастан құрыққа түскен адамдардың саны шамамен 40000-ға жеткен..