Иранның мұражайлары (6)
Иранның кілем мұражайы - елдің ең әдемі мұражайларының бірі.
Кілем – адам баласының ең құнды жетістіктерінің бірі, оның түйіндері мен ою-өрнектерінен тоқымашылардың мәдениеті, өнері мен наным-сенімдерін көруге болады. Әлемдегі ең көне кілемдердің бірі «Пазырақ кілемі» деп аталады. Бұл кілем 1949 жылы Сібірдің оңтүстігіндегі Пазырық деген жерден профессор Сергей Руденко тапқан және осы кезде Санкт-Петербургтегі Эрмитажда сақталуда. Профессор Руденконың пікірінше, бұл кілем Хорасанның солтүстік аймағында парфия немесе мидия тайпаларымен тоқылған.
Иранның кілем мұражайы - Ирандағы ең әдемі мұражайлардың бірі, бұл жерде кілем тоқу шеберлерінің өнерін тамашалауға болады. Бұл мұражай 1977 жылы салынған. Мұражайдың сәулеті өте әдемі, сыртқы келбеті кілемшіге ұқсайды. Иран кілемі мұражайы 3400 шаршы метр аумақта орналасып, қолмен тоқылған түрлі кілемдер мен кілемшелерді көрсетуге арналған екі залы бар. Иранның кілем мұражайының бірінші қабатындағы зал тұрақты көрмеге және екінші қабаттағы зал кілемдер мен кілемшелердің уақытша көрмесін өткізуге арналған.
Иранның кілем мұражайында өте көне кілемдердің ең құнды үлгілері сақталған. Мұражайда Иранның барлық маңызды кілем тоқу соның ішінде Кашан, Керман, Исфахан, Табриз, Хорасан, Күрдістан және т.б. орталықтарына тиесілі 150-ге жуық кілем мен кілемшені көруге болады. Олардың әрқайсысы ерекше стильде тоқылған.
Мұражайдың әдемі кілемшелерінің бірі – Мирза Кучакхан Джангали деген атпен белгілі болған Кашан шеберлерімен 130-220 см көлемінде тоқылған кілем. Бұл кілемде әскери киім киген, мылтық пен тапаншамен қаруланған ұлттық тұлға бейнеленген. Кілем Қаджарлар дәуірінің соңғы жылдарында тоқылған.
Мұражайда Шахнама Байсұңғұр кілемдерінің үлгілері де көрсетілген. Олардың бетінде Иранның бай әдебиеті, аңызы, діні, мәдениеті мен өнерінің бұрыштары көрінеді.
Бұл кілемдердің барлығы Хамедандағы Мусави Сираттың кілем тоқу шеберханасында тоқылған. Әр кілемшенің шеттерінің жоғарғы жағына суретшілердің аты-жөні жазылған.