Жел 16, 2021 21:42 Asia/Almaty
  • Иранның мұражайлары (10)

Реза Аббаси мұражайы - Теһранда орналасқан Ирандағы ең бай мұражайлардың бірі.

 

Реза Аббаси мұражайы Теһранда орналасқан Ирандағы ең бай мұражайлардың бірі. Бұл мұражай 1977 жылы ашылған және  Кашан суретшісі Реза Аббасидың атымен аталған. Бұл әйгілі ирандық суретші Сефевидтер дәуірінде өмір сүрген және оның өзінің стилі болған.  Реза Аббаси мұражайы үш қабатта орналасып, оның әртүрлі залдары Исламға дейінгі кезең залы, исламдық кезең залы және кескіндеме мен каллиграфия залдарына бөлінген.

 

Исламға дейінгі кезең залы: Бұл залда тарихқа дейінгі және исламға дейінгі нысандар бар. Мұражайдың бұл бөлігіндегі  Лурестан қолалары Ирандағы тарихқа дейінгі өнердің бірегей үлгісі болып табылады. Бұл залда Ахеменидтер, Парфия және Сасанидтер дәуірі заттарын тамашалауға болады.  Олардың ішінде біздің дәуірімізге дейінгі 4-5 ғасырлардың және Ахеменидтер әулетіне жататын алтын тақталар, Парфия әулетіне жататын біздің заманымыздың екінші ғасырының ақық әшекейлі алтын алқасын және Сасанидтер әулетінің өте әдемі металл бұйымдары мен әдемі ыдыс-аяқтарды көруге болады. Осы кезеңде ирандық қолөнершілер металдардың физикалық қасиеттерін толық түсініп, оларды өз қалаулары бойынша пішіндеуге және өте әдемі туындылар жасау  мүмкіндікке  ие болған.

Ислам кезең залы: Бұл залда Селжук, Тимуридтер және Сефевидтер кезеңдерінің керамикалық бұйымдары, металл бұйымдары, сәулет элементтері, зергерлік бұйымдар мен тоқыма бұйымдары қойылған. Осы бөлімде Қаджар кезеңі де қаламдар мен кітап мұқабалары және май қораптары арқылы таныстырылды.

Кескіндеме және каллиграфия залы - Иранның ең әдемі суреттері орналасқан мұражайдың басқа залдарының бірі. Ирандағы кескіндеменің ең көне үлгілерінің бірі - VIII ғасырдың ортасына қатысты «Демот» Шахнаманың бір парағы. Бұл залдың тағы бір өте әдемі бөлігі  Реза Аббаси  картиналарына қатысты. Оның «Жалғыз адам» және «Қолында кесе ұстаған жас» деген суреттерін атап кетуге болады.

Мұражайдың соңғы залы – каллиграфия залы. Бұл бөлімде хижраның үшінші ғасырының басынан Қаджар кезеңіне дейінгі жазбалар көрсетілген. Бұл бөлімде сіз ирандық көрем жазушылардың ең әдемі каллиграфиясын көре аласыз.

Реза Аббаси мұражайы менеджменті тұрғысынан Ирандағы ең құнды және бірінші дәрежелі мұражайлардың бірі болып табылады. Тарихи заттар мен оларды сақтайтын залдардан басқа, бұл мұражайда кітапхана, басылымдар бөлімі, аудиовизуалды көрме залы, білім бөлімі, реставрация бөлімі, шығармалар қоймасы және   басқа бөлімдер бар.  

 

Тегтер