Жел 26, 2021 21:16 Asia/Almaty
  • Иранның мұражайлары (11)

Теһрандағы Негарестан мұражайы

Негарестан мұражай - әдемі бақ пен құнды мұражайдың үйлесімі. Бұл бақты 200 жыл бұрын Қаджарлар кезеңінде Фатх Али Шах Қаджар салған. Ол бұл бақты жазғы демалысқа жоспарлаған.

Бұл бақ салынған күннен бастап бүгінгі күнге дейін көптеген өзгерістерге ұшырады. Кейінгі кезеңдерде Негарестан бақтары мен зәулім сарайларының қолданылуы әртүрлі болды. Мысалы, шамси күнтізбесінің 1311 жылы бақ жоғары оқу орнына айналды, кейіннен бұл бақта қоғамдық ғылымдар және әдебиеттер факультеті ұзақ жылдар жұмыс істеді. 1995 жылы бақтың алғашқы өзгерістері басталып, осы әдемі жер бақ мұражайға айналды.

Осы бақтың ауласында ирандық атақты адамдар, ақсақалдар мен жазушылардың түрлі мүсіндері қойылған бөлім бар. Бұл мүсіндердің ең қызықтыларының бірі – Иранның ұлы ақыны «Аболғасем Фердоусидің» қола мүсіні. Бұл әдемі мүсінді француз мүсінші Лоренци Франциядағы бір топ ирандық студенттердің тапсырысымен жасаған.

Камал-әл-Молк Бағ мектебінің мұражайында осы құнды ирандық шебердің шәкірттерінің суреттерімен бірге құнды туындыларын көруге болады. Мұражайдың бұл бөлігі бұрын өнерді, әсіресе кескіндемені үйрететін мектеп болған және оның негізін қалаушы Камал әл-Молк болды.

Бақшаның келесі бұрышында марқұм ирандық суретші әйел Мунир Шахруди Фарманфармайанның  кейбір туындылары қойылған зал бар. Мунир Фарманфармайан - суретші және халық өнерін жинаушы. Ол Теһран университетінің Бейнелеу өнері университетінде оқумен қатар, Парсонс дизайн мектебінде және Корнелл университетінде үш жыл сән иллюстрациясын оқыды. Ол заманауи туындыларын жасау үшін айна, геометриялық фигуралар, мотивтер және шыны артындағы кескіндеме комбинациясын пайдаланған жалғыз суретші.

Мұражайдың тағы бір бөлігі Ғолам Али Малул мырза сыйға тартқан әдемі кілемдерге арналған. Ол Иран бағында ирандық өнерді көрсету үшін осы мұражайға 13 құнды кілемді сыйға тартты. Сонымен қатар, мұражайда Ғолам Әли Малул сыйға тартқан Қаджарлар дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі күміс және мыс ыдыстар қойылған.

   

 

Тегтер