Maм 28, 2022 15:24 Asia/Almaty
  • Иран: Кул-Херсан аңғары (155)

Кул-Херсан аңғары немесе Ешкофт-Зәрде сайы Иранның Хузистан облысындағы Дезфул қаласының солтүстігінен 35 шақырым жерде орналасқан. Аңғардың тереңдігі 200 метрден асады. Бұл аңғар Загрос таулы сілемінің бір бөлігі саналады.

Кул-Херсан аңғары – Дезфулдың таңғажайып тартымдылықтарының бірі. Бұл аңғар – биік табиғи қабырғалардың ортасынан өтетін тар жол. Аңғарда бұлақ көп. Аңғар қабырғаларынан су тамшылап ағады. Жаңбырлы жылдарда бұл тамшылар сарқырамаға айналады.

 
Кул-Херсан аңғары
Аңғардың бас жағында шағын пальма бағы бар.
Бұл ауданда балқарағай, жүзім, жабайы пісте, жабайы інжір мен конар ағаштары өседі.
«Кул» жергілікті тілде «аңғар» мағынасын береді.
Кул-Херсан аңғарынан тұрақты өзен ағып жатыр.
Бұл өзен сайдың ішіндегі бұлақтардан нәр алады.
Кул-Херсан аңғары немесе Аруақтар сайы бұлтарыс-қалтарысы көп жартастардың арасында орналасқан.  
Аруақтар сайының тереңдігі 200 метрге жуық.
Жылдың көп күндерінде аңғарға күн нұры түспейді.
Бұл аудан жазда өте салқын, ал қыста жағымды жылылыққа ие.
Аңғар кей жерлерде кеңейіп, кей тұстарда тарылады.
Бұл аудан авантюраға бейім адамдар үшін өте тартымды.   

 

Тегтер