Иран: Нахбандан таулары (156)
Маусым 08, 2022 21:23 Asia/Almaty
Нахбанданның марс іспеттес тау сілемі Керман облысындағы Нахбандан аудан орталығының оңтүстік-батысынан 6 шақырым жерде орналасқан.
Бұл тау сілемінің ұзындығы 25 км, ені 1 км. Иранның шығысындағы ең сұлу геолокация саналады.
Нахбанданның миниатюра таулары – осы ауданда тұратын жанұялардың ең маңызды демалыс орындарының бірі. Қызыл және сұр реңкті таулар шөгіндіден тұрады. Онда ешқандай өсімдік өспейді. Таулардың биіктігі 5 метрден 100 метрге дейін барады. Бұл жер "Миниатюра таулар" деген атпен танымал.