Маусым 14, 2022 15:15 Asia/Almaty
  • Иранның мұражайлары (19)

Язд су мұражайы, Колахдуз үйі Язд қаласының тарихи ескерткіштерінің бірі «Колахдуз үйі» деп аталады.

 

 

Язд қаласының тарихи ескерткіштерінің бірі «Колахдуз үйі» деп аталады.

Бұл жер  сейед Алиакбар Колахдуз атты язид саудагеріне тиесілі және 1887 жылы 5 қабатта салынған. Колахдуз үйі ерекше сәулетке ие және оны Язд шеберлері салған. Бұл ғимараттың ауданы шамамен 720 шаршы метрді құрайды және Яздтің ең құнды сәулет туындыларының бірі болып табылады. Бұл ғимараттың   қабырғасы әртүрлі дизайндағы әдемі  гипс құймаларымен әшекейленген, бұл үйдің түрлі-түсті суреттері оған ерекше көрініс берді

Бұл Қаджар үйі 200 жылдан бері су мұражайына айналды. Ғимараттың Су мұражайына айналуының маңызды себептерінің бірі үйдің ең төменгі қабатында Рахимабад пен Зарадж екі су құбырының тармақтарының болуы. Зарадж су құбырының жасы 2000 жылдан астам және ұзындығы 75 км және әлі де  қолданысқа жарамды.

Бұл мұражайда 200-ден астам тарихи заттар су құбырын қазу құралдарынан бастап Язд қаласының негізгі су құбырларының құжаттарына дейін  сақтаулы. Су құбырларын қазуға арналған түрлі жабдықтар, арнайы қазатын күректер, құдықтар, барабандар, су көлемін өлшеуге арналған құралдар мен аспаптар, су құбырындағы судың айналуының макеттері және су құбырындағы жарықтандыру құралдары осы мұражайдағы заттардың қатарына жатады.  

Язд су мұражайының бір бөлігінде суды сатып алу-сату құжаттары мен ескі вакф хаттарын көруге  болады. Ең қызықты құжаттардың бірі - су және суды бөлу құжаттарының нұсқаулығы. Мираб яғни су әмірі немесе су басы дегенді білдіреді. Кезінде уақыт пен су сағатының басқарушысы әрі есепшісі болған, ауыл шаруашылығы суын тарататын адмның жұмыс құралы су сағат болды. Мұражайда суды сақтауға және тасымалдауға арналған ыдыстар және оған қатысты көптеген керек-жарақтар мен заттар, соның ішінде суды сақтауға  қажет әртүрлі шүмектер, суды тасымалдауға және сақтауға қажет қыш және шыны ыдыстар және басқа да көптеген керемет заттар бар.

 

Тегтер