Там 31, 2022 21:32 Asia/Almaty
  • Иран: Тоғрұл мұнарасы (160)

Тоғрұл мұнарасы (Tughrul Tower) Теһран облысының Рей қаласында орналасқан. Бұл мұнара – Селжұқтар заманынан қалған жәдігер. Мұнараның ауданы шамамен 48 шаршы метр, биіктігі 20 метр.

Цилиндр пішінді мұнара шикі кірпіш пен пісірілген кірпіштен салынған. Сыртқы диаметрі 15 метр, ішкі диаметрі 1 метрді құрайды. Шикі кірпіш тотыяйын, топырақ пен жұмыртқаның ағын қосып жасалған. Бұл оның берік болуына септігін тигізді. Мұнараның сыртын кірпіштен өрілген 24 сүйір бұрыш жауып тұр. Мұнараның басына кірпіштен екі қатар мұқарнас-архитектуралық сталактит салынған. Ал мұнараның іші цилиндр пішінді.  

Тоғрұл мұнарасы
Тоғрұл мұнарасының кіреберісі
Мұнараның 800 жылдан аса тарихы бар.
Бағзы заманда мұнара бірнеше мақсатта қолданылған сыңайлы.
Тоғрұл мұнарасы бағзы заманда сағат, дауысты жаңғыртушы құрал және жолаушыларға жол көрсетуші белгі ретінде қолданылған.
Тоғрұл мұнарасы Рей қаласының көрнекті жерлерінің бірі саналады.
Тоғрұл мұнарасы
Тоғрұл мұнарасының ескі суреті
Мұнара сағаттың тіліне ұқсайды. Күннің бұрыштарға түсуінен уақыттың қанша болғанын анықтауға болады.
Тоғрұл мұнарасы Қаджарлар заманында жөндеуден өткізілді.
Бұл мұнара халық арасында "Тоғрұлбек Селжұқидің кесенесі" ретінде танымал.

 

Тегтер