Нұрлы жол. 877-бөлім. "Фуссиләт" сүресінің 19-23 аяттары
Аса қамқор әрі ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз! Армысыздар, ардақты ағайын! Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айта отырып, «Нұрлы жол» бағдарламасының 877-бөлімін назарларыңызға ұсынып, Құран Кәрімнің аяттарына жасалған жеңіл тәпсірмен таныстыруды одан ары жалғастырамыз.
"Фуссиләт" сүресінің 19-20-аяттарына құлақ түріңіздер:
«وَیَوْمَ یُحْشَرُ أَعْدَاءُ اللَّـهِ إِلَى النَّارِ فَهُمْ یُوزَعُونَ»، «حَتَّى إِذَا مَا جَاءُوهَا شَهِدَ عَلَیْهِمْ سَمْعُهُمْ وَأَبْصَارُهُمْ وَجُلُودُهُم بِمَا کَانُوا یَعْمَلُونَ»
Аяттардың аудармасы: Сол күні Алланың дұшпандары тозаққа айдалуға жиналып, сонда олар алды-артын тосады. (19)
Ақыр олар оған барған кезде; оларға құлақтары, көздері және терілері олардың не істегендеріне айғақ болады. (20)
Өткен бағдарламада залымдар мен қылмыскерлердің осы дүниеде жазаға тартылатыны жайлы айттық. Бұл аяттарда олардың ақыретте көретін азаптары туралы сөз қозғалған: "Алла елшілері мен олардың тағылымдарына қарсы тұрған адамдар – шын мәнінде Құдайдың дұшпандары. Олардың қарсыласы – Құдай. Сондықтан қияметте олар түрмеге саппен айдалатын қылмыскерлер сияқты тозаққа қарай айдалады. Қылмыскер отты көргенде "Күнәсізбіз" деп шырылдап, арыз-шағым айта бастайтыны анық".
Құранда былай делінген: бұл жағдайда қылмыскердің дене мүшелері, соның ішінде құлағы, көзі мен терісіне тіл бітіп, оның өзіне қарсы куәлік етеді. Бұл куәлікті теріске шығару мүмкін емес. Өйткені бұл куәгерлер – адам денесінің мүшелері. Олар барлық сахналарда, оқиғаларда болды, бәрін көрді. Сондықтан оған қарсы куәлік етеді. Қияметтегі бұл куәлік бұ дүниеде адамның барлық сөзі мен ісі болмысында тіркелетінін, олардың әсері адам денесінде қалатынын көрсетеді.
Шын мәнінде ол күн бәрінің беті ашылатын ұлы күн болады. Ол күні адамның бүкіл болмысына тіл бітеді. Оның барлық сырлары ашылады. Ол жерде күнәһарлар бойын үрей билейді.
Бұл аяттардан үйренетініміз:
- Күпірлік пен ширктің сатылары болады. Адам Құдайды терістеудің орнына Онымен жауласатын дәрежеге дейін жетеді. Мұндай адам қырсықтық пен хаққа қарсылық салдарынан Құдай кітабы мен пайғамбарлардың тағылымдарына қарсы қастандық әрекеттер жасайды.
- Адамның дене мүшелерінің куәлік етуі олардың адамның іс-әрекеттерінен хабардар екенін көрсетеді. Дене мүшелері бұ дүниеде көрген нәрселері туралы қияметте есеп береді.
"Фуссиләт" сүресінің 21-23-аяттарына құлақ түріңіздер:
«وَقَالُوا لِجُلُودِهِمْ لِمَ شَهِدتُّمْ عَلَیْنَا قَالُوا أَنطَقَنَا اللَّـهُ الَّذِی أَنطَقَ کُلَّ شَیْءٍ وَهُوَ خَلَقَکُمْ أَوَّلَ مَرَّةٍ وَإِلَیْهِ تُرْجَعُونَ»، «وَمَا کُنتُمْ تَسْتَتِرُونَ أَن یَشْهَدَ عَلَیْکُمْ سَمْعُکُمْ وَلَا أَبْصَارُکُمْ وَلَا جُلُودُکُمْ وَلَـکِن ظَنَنتُمْ أَنَّ اللَّـهَ لَا یَعْلَمُ کَثِیرًا مِّمَّا تَعْمَلُونَ»، «وَذَلِکُمْ ظَنُّکُمُ الَّذِی ظَنَنتُم بِرَبِّکُمْ أَرْدَاکُمْ فَأَصْبَحْتُم مِّنَ الْخَاسِرِینَ»
Аяттардың аудармасы: Олар терілеріне: “Не үшін бізге куә болдыңдар?”,- дейді. (Терілері): “Бізді әр нәрсені сөйлеткен Алла сөйлетті; сендерді алғаш рет жаратқан және Сол жаққа қайтарыласыңдар” деп жауап береді. (21)
Сендер өздеріңе құлақтарың, көздерің және терілерің айғақ болады деп жасырынбаушы едіңдер. Тіпті Алла, істегендеріңнің көбін білмейді деп ойлаушы едіңдер. (22)
Міне осы Раббыларың туралы ойлаған ойларың, өздеріңді жойды да, сонда зиянға ұшыраушылардан болдыңдар. (23)
Қылмыскерлердің дене мүшелері оларға қарсы куәлік еткеннен кейін олар масқаралары шығып, өз дене мүшелеріне "Бізге қарсы неге куәлік етесіңдер? Сендер біздің қол, аяқ, көз, құлақ пен теріміз емессіңдер ме? Біз ұзақ жылдар бойы сендермен бірге болған жоқпыз ба? Сендерге күтім жасаған жоқпыз ба? Онда неге бүгін бізге қарсы сөйлеп тұрсыңдар?" деп айғайлайды.
Дене мүшелерінің жауабы да кесімді әрі қатал. Олар: "Біз өз қалауымызбен тілге келген жоқпыз. Сендерді дүниеге әкелген және өлімнен кейін қайта тірілтетін Құдай барлық нәрсеге тіл бітірді. Біз де Алла еркіне бағынамыз",-дейді.
"Құдай бар. Ол сендердің істеріңнен хабардар. Одан ештеңе жасыра алмайсың" деп айтқанда сендер сенбеп едіңдер. Көп істеріңді Құдай білмейді деп ойладыңдар. Біз де сендердің сөздерің мен істеріңе куә боламыз, бір күні тілге келіп, сендерге қарсы куәлік етеміз деп ойламаңыздар. Сондықтан жұрт назарынан тыс жерде бұзықтық жасадыңдар. Құдай сендердің ішкі және сыртқы сырларыңнан хабардар. Оның өкілдері барлық жерде сендермен бірге жүреді және істеріңе бақылау жасайды. Шын мәнінде біз, дене мүшелері сендердің істеріңе куә әрі бақылаушы болдық. Қалай болғанда да, сендердің Жаратушы туралы қате сенімдерің бүгін сендердің өлтірілулеріңе себеп болды, сендер зиянкестер қатарына қосылдыңдар.
Айта кету керек, сөйлеу тек дене мүшелеріне ғана қатысты емес. Қияметте сөз сөйлейтін тек адамның дене мүшелері ғана емес, Құранда жер, аспан пен тозақтың да сөйлейтіні айтылған. Олардың атынан сөз айтылған. Ұлы ақындар Құрандағы бұл көзқарасты өлең қалпында былай жеткізген:
Әлемдегі барлық молекулалар жасырын
Сенімен тілдеседі күндіз де, түнде де
Біз естиміз, көреміз және сеземіз
Жат болған соң сіздерге үндемейміз.
Бұл аяттардан үйренетініміз:
- Адамның болмысы – оның рухы. Ал дене – оның ықтиярындағы құрал. Сондықтан қияметте дене мүшелері адамның болмысына қарсы куәлік ете алады.
- Қиямет күні куәгерлер нақты да дұрыс есеп беретіні сондай, оны теріске шығару мүмкін болмайды.
- Айналамызда үнсіз көрінетін барлық заттар мен дене мүшелері бір күні Құдайдың қалауымен тілге келіп, көрген-білгеніне куәлік етеді.
- Қылмыскерлер дене мүшелерінің куәлік ететінін білмейді, сондықтан батыл күнә жасайды. Ал егер адам өзінің Алла алдында тұрғанын көрсе, ол үшін ашық немесе жарысын болудың айырмашылығы болмайды, ешқашан қателік жасамайды.
- Құдай туралы қате және бұрыс сенім адамның құлдырап, жойылуына және зиянкестер қатарына қосылуына себеп болады.
Бүгінгі бағдарлама осымен аяқталды. Баршаңызды бір Аллаға тапсырамыз.