Қаз 02, 2022 14:39 Asia/Almaty
  • Иранның мұражайлары (22)

Мешхед: Құдс Разави мұражайы

 

Құдс Разави мұражайы – жүрегінде құнды тарихи және діни туындылар бар құнды қазына. Бұл мұражайға қазір әртүрлі мұражайлар кіреді,  бұрын ол тек бір мұражай болды. Мұражайдың ауданы 1024 шаршы метрді құраған алғашқы ғимаратын Андре Годар хиджраның 1324 жылы (1945 ж.). Бірақ кейінгі жылдары Разави Құдс мұражайы айтарлықтай кеңейді, осы уақытта  жалпы ауданы 17 мың шаршы метрден асады. Разави Құдс мұражайына «Құран мұражайы», «Орталық мұражай», «Кілем мұражайы» және «Антропология мұражайы» кіреді.

Бұл құнды мұражайларда 8000-нан астам талғампаз жәдігерлер бар. Олардың ішінде тарихи Санғаб, ағаш есіктер, алтын мен күміс, алтындалған михрабтар, кілемдер мен тоқыма бұйымдары, тиындар, маркалар және т.б. атап өтуге болады.

- Құдс орталық мұражайы төрт қабатты және 11 арнайы қазынадан тұрады. Оның әртүрлі қазыналарынан қыш заттардан тиындар мен әдемі су жануарларына дейін көруге болады.

- Имам Резаның қасиетті жеріне жатқызылған алғашқы құлпытас орналасқан мұражайдың ең көрікті жерлерінің бірі – «Тас пен саздан жасалған заттар қазынасы».

- Мұражайдың бейнелеу өнері қазынасында ирандық және шетелдік суретшілердің натурализм, кескіндеме, абстрактілі стильде бейнеленген 30 картинасы бар.

– Марка мен банкнот қазынасында 422 мың данадан астам маркалар мен басқа да пошта жөнелтілімдері, 14 мың банкнот парағы және 27 мың мушкет бар.

- Кілем мұражайы төрт қабаттан тұрады, оның үшеуі көрме алаңы болса, екінші қабаты шеберханаларға арналған.

– Құран  қазынасында  Құрандардың сирек беттері мен хазірет Әли (ғ.с.), имам Хасан (ғ.с.), имам Хұсейн (ғ.с.), имам Саджад (ғ.с.)  және имам Резаның (ғ.с.) қолжазбаларын  көруг болады.