Қаз 24, 2022 21:40 Asia/Almaty
  • Еуропадағы исламофобияның күшеюі (3): Батыста исламофобияның өршуінің тамыры мен негіздері

Еуропадағы исламофобияның алты санатқа бөлуге болатын әртүрлі тамыры мен себептері бар: Исламның таралуынан қорқу, демографиялық факторлар, Батыс ақпарат құралдарында мұсылмандарды жат көрсету, саяси исламның идеологиясы, экстремистік топтардың зорлық-зомбылық әрекеттері және Батыстағы нәсілшілдік.

 

Еуропадағы исламофобияның алты санатқа бөлуге болатын әртүрлі тамыры мен себептері бар: Исламның таралуынан қорқу, демографиялық факторлар, Батыс ақпарат құралдарында мұсылмандарды жат көрсету, саяси исламның идеологиясы, экстремистік топтардың зорлық-зомбылық әрекеттері және Батыстағы нәсілшілдік. Бірінші себеп, яғни исламның таралуынан қорқу туралы «Батыстағы және әсіресе Еуропадағы антиисламизмнің немесе басқаша айтқанда  исламофобия ежелден шыққан және исламның таралуына реакция болып табылады» деп айтуға болады. Сарапшылардың пікірінше, ислам басынан осы уақытқа дейін бірнеше кезеңде Батысты дағдарысқа тіреді. Алғашқы ғасырларда Италия мен Франциядан Испанияға исламның таралуы христиан әлемінде мұсылмандар мен исламға деген қорқыныштың түрін тудырды. Біздің эрамыздың 11-13 ғасырларында крест жорықтары кезінде мұсылмандарға қарсы жиһад жариялау Ислам және мұсылмандар мәселесіне жаңа өлшемдер берді.

Еуропада исламға қарсы шектеулердің күшеюі 

Бұл арада тарихи фактілерді бұрмалауда еуропалық зиялылар мен шығыстанушылар үлкен рөл атқарды.  Теодо́р Нёльдеке, Карл Броккельман, Джозеф Шахт, Карл Генрих Бекер сияқты адамдар зерттеу, исламтану деген желеумен исламға қарсы сол ортағасырлық мақсаттарды көздеді. Кейбір шығыстанушы ғалымдардың исламды насихаттаудағы құнды қызметтері мақтауға тұрарлық болғанымен, олардың кейбіреулерінің ниеттерін, сатқындықтарын, бұрмалауларын, жала жабуларын, жалған мәлімдемелерін елемеу мүмкін емес. Көрнекті шығыстанушы теоретик Эдвард Саид бұрмалаулардың көптеген себептері бар деп есептейді, соның ішінде араб тілі мен исламдық білім мен құқықты жеткілікті меңгермеу, батыс ортасы мен жазбаларының ықпалы, сонымен қатар осы шығыстанушы ғалымдардың кейбірінің отаршылдыққа және отаршыл державаларға тәуелділігі көрсетілді.

Батыстағы исламофобияның екінші тамыры – Еуропадағы мұсылмандар санына деген алаңдаушылық және олардың Батыс құндылықтарын қабылдамауы. Сондай-ақ, бұл қоғамдардағы мұсылман еместердің Исламға бейімділігі және осы елдердің басқа тұрғындарымен салыстырғанда иммигрант-мұсылман халқының көбеюі Еуропада мұсылман қоғамдарының құрылуы мен дамуына, соның салдарынан Еуропада мұсылмандарға деген сезімталдықтың артуына себеп болды. Сондай-ақ, екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Еуропаға негізінен жұмыс істеу немесе оқу үшін келген мұсылман иммигранттар жаңа өлкенің мәдениетіне бейімделгісі келмеді, бұл Батыс экстремистік топтарының наразылығын тудырды.

Еуропадағы исламофобияға қарсылық білдірген жазу қабырғасы

Еуропадағы исламофобияның күшеюінің үшінші тамыры мен себебі Еуропадағы мұсылмандарды жат, бөгде қылып көрсету. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс әлемі коммунизм мен Кеңес Одағының ықпалына қарсы тұру үшін әлемдегі өзінің саясаты мен мақсаттарын ұйымдастырып, оны «қызыл қауіп» деп атады. Бірақ Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін батыстықтар өздерінің билік құмарлығы мен әрекеттерін ақтауды көздеді. Ирандағы Ислам революциясының жеңісінен кейін, 2001 жылғы 11 қыркүйектегі оқиғалар мен Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін жат күшті іздеген батыстық либералдық қоғамдар мен олардың ақпарат құралдары Ислам мен оның құндылықтарын нысанаға алды. Содан бері Еуропадағы саяси және бұқаралық ақпарат құралдары Исламды, исламдық құндылықтарды және мұсылмандарды ұлттық қауіпсіздікке, мәдениетке және батыс өркениетіне қатер ретінде сипаттады.

Келесі кезекте біз төртінші факторға, атап айтқанда  Еуропадағы саяси исламға деген қорқынышына тоқталамыз. Саяси ислам мұсылмандарды ұлттық және халықаралық саяси әрекеттерге жұмылдыру үшін діни түсіндірулер мен тарихи сілтемелерді пайдалануды білдіреді. Саяси исламның көптеген түрлері бар, бірақ бұл ағымдардың барлығына ортақ сипат – исламның қазіргі әлемдегі саяси, әлеуметтік, мәдени және экономикалық мәселелерге жауап бере алатындығына сену. Бүгінде исламға қарсы әдебиеті бар Батысқа бейтарап кейбір саясаткерлер исламизмді саяси ислам, фундаментализм, экстремизм және тіпті терроризмнің әртүрлі атауларымен теңестіруге тырысуда. Батыс саясаткерлерінің әрекеттерімен қатар, Батыстың қауіпсіздік қызметтеріне қатысы бар радикалды исламдық саяси ұйымдар мен топтардың құрылуы және олардың еуропалық қоғамдардағы әрекеттері еуропалық бұқаралық ақпарат құралдарында Ислам мен мұсылмандар бейнесінің көбірек бұрмалануына себеп болды.

БАҚ теріс насихатынан кейбір еуропалықтардың мұсылман иммиграциясынан қорқуы

Еуропаның ішінде сол қауіпсіздік, саяси және ақпарат құралдарының итермелеуімен ДАИШ сияқты кейбір экстремистік лаңкестік топтар ислам және жиһад атын жамылып, диверсиялық әрекеттер жасап, еуропалық азаматтарды бомбалап, өлтірді. Бұқаралық ақпарат құралдары мен Исламға қарсы топтар да бұл әрекеттерді пайдаланып, экстремистерді кең насихатпен исламның негізгі өкілдері ретінде таныстырды. Исламға қарсы ағымдар мәлімдемелерінде және БАҚ бағдарламаларында исламды мәдениет пен өркениеттен алыс дін және соғыс пен террор діні ретінде көрсетті. Бұл зорлық-зомбылық көзқарасы мен әрекеттері исламофобияның бесінші себебі болып саналады және көбінесе саудиялық ваххабистер тарапынан жүзеге асырылады.

Нәсілшілдік – исламофобияның пайда болуы мен күшеюінің соңғы маңызды факторы. Еуропадағы идентитарлы көзқарас ақыр соңында нәсілшілдікке әкелді, оның негізгі ерекшелігі басқа мәдениеттерді теріске шығару және қабылдамау болды. Еуропалық оңшыл партиялар негізінен бұл көзқарасты алға тартып, насихаттайды. Мысалы, Италияның «Солтүстік лигасы» партиясы мұсылмандардың иммиграциясына қатысты саясатқа әрқашан қарсылық көрсетеді, ал Германияда  христиан-демократ  партиясы мұндай көзқарасты алға тартады. Христиан-демократиялық оппозициялық партия иммигранттар бейімделуі тиіс мәдениетті «көшбасшы мәдениет» ретіндегі неміс көпшілік мәдениетінің тұжырымдамасын алға тартады.

Еуропадағы нәсілшілдікке қарсы демонстрациялар

Бұл бағдарламада біз Еуропадағы исламофобияның күшеюіне байланысты алты факторды атадық. Шын мәнінде, исламофобия батыстық бұқаралық ақпарат құралдарында исламның теріс көрсетілуіне байланысты. Батыс ақпарат құралдарының исламды теріс көрсетуі, сондай-ақ сырт көзге мұсылман болып көрінетін топтардың кейбір экстремистік әрекеттері  Еуропадағы мұсылмандардың көпшілігіне   кемсітушілік білдіру әрекеттерге әкелді. Бұл құбылыс кейбір тарихи оқиғалардан бастау алғанымен, соңғы екі онжылдықта 11 қыркүйек оқиғасы мен ДАИШ пен жақында Талибанның пайда болуы сияқты жаңа мәселелермен қатар жүрді. Бұл істер исламофобияның шиеленісуіне үлкен әсер етті және бүкіл әлем мұсылмандары, әсіресе Еуропа мен Америкада жеккөрушілікпен бетпе-бет келді.

 

 

Тегтер