Қаз 27, 2022 22:46 Asia/Almaty
  • Иранның мұражайлары (24)

Шираз облысындағы Персеполис мұражайы (немесе Парсе мұражайы)

 

 

Тахт-е Джамшид мұражайы әдемі сарайдың қақ ортасында орналасқан Ирандағы ең әдемі мұражайлардың бірі. 1932 жылы археолог әрі ирандық ғалым Герцфельд аймақтағы Ксеркске тиесілі сарайлардың бірін таңдап, осы көне сарайды тарихи құжаттар мен суреттер бойынша қайта қалпына келтірді. Осыдан кейін ол өлкеден табылған заттарды осы әдемі мұражайға орналастырады.

Персеполис мұражайы барлығы үш залдан тұрады, олар «Тарихқа дейінгі зал», «Ахеменидтер залы» және «Ислам залы» деп аталады. Бұл мұражайдың әр жерінде барлығы 170-тен астам құнды тарихи жәдігерлер қойылған. Қанатты адамның рельефі, Персеполистің өртенген перделерінің қалдықтары, сына жазуы бар тақталар мен жазулар және т.б. бұл жерден алынған туындылар өте ерекше.

Тарихқа дейінгі залда аймақтың тарихқа дейінгі қорғандарынан, әсіресе әйгілі Теймуран, Талл-и Бакун және Пасаргадтың қыш ыдыстары мен мүсіндер және тас құралдар барлық түрлері сақталған. Бұл заттар негізінен біздің дәуірімізге дейінгі төртінші мыңжылдық пен бірінші мыңжылдық аралығында жасалған.

Мұражайдың маңызды залдарының бірі – Ахеменидтер залы.  – Бұл залда Ахеменидтер дәуірінің моншақтары, сына жазуы бар саз тақтайшалар, тастан жасалған өгіздің көздері мен құлақтары, лапис лазулиден жасалған арыстанның табаны мен басы, шыбын аулағыштар, қанжарлар, қылыштар, өте жұқа тас ыдыстар сынды құнды заттар сақталған.

Ислам залында көне Астахр қаласын қазу кезінде алынған және көбінесе ислам дәуіріне қатысты ыдыс-аяқ пен заттар сақталған.

 

  

 

 

Тегтер