Қаз 30, 2022 16:35 Asia/Almaty
  • Құранда аталған әйелдер (19)

«Үйлеріңде отырыңдар, кәдімгі надандық дәуірінше ашылмаңдар. Сондай-ақ, намазды орындап, зекет беріп, Аллаға, Пайғамбарына бағыныңдар. Әй, Пайғамбардың үй-іші! Шын мәнінде Алла сендерден арамдықты аулақ қылып, өздеріңді тап-таза қылуды қалайды». («Ахзаб» сүресінің «Татһир» аяты).

 

Қасиетті Құран «Ахзаб» сүресінің «Татһир» аяты деп аталатын 33-аятында Пайғамбарға (с.ғ.с.), хазіреттің отбасының (ғ.с.) соның ішінде Хазірет Фатиманың (ғ.с.) кез келген ластанудан таза екенін айтып, олардың пәктігінің мәртебесін қуаттайды: «Үйлеріңде отырыңдар, кәдімгі надандық дәуірінше ашылмаңдар. Сондай-ақ, намазды орындап, зекет беріп, Аллаға, Пайғамбарына бағыныңдар. Әй, Пайғамбардың үй-іші! Шын мәнінде Алла сендерден арамдықты аулақ қылып, өздеріңді тап-таза қылуды қалайды».

 

Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) сахабалары, табаиндер мен ислам ғұламаларының пікірінше, «Татһир» аяты бес адамға қатысты түскен. Тіпті, аяттың түсуіне өздері куә болған және осы аятқа қосылатынына үміттенген Умма Саламе мен Айша да бұл аяттағы «Пайғамбардың үй-іші»: Пайғамбар (с.ғ.с.), имам Әли (ғ.с.), хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) және имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хұсейн (ғ.с.) екінін айтты. Пайғамбардың (с.ғ.с.) әйелі Умма Саламе: «Бір күні хазірет Фатима (ғ.с.) тамақ пісіріп, Пайғамбарға (с.ғ.с.) әкеледі. Сол күні Пайғамбар менің үйімде болды. Тамақты Фатима (ғ.с.) дайындағаннан хазірет: «Уа, мен нұрым! Әли мен екі баланы шақыр,   тамақты менімен бірге жесің»,- деді. Барлығы жиналып, бірге тамақтанды. Содан соң Алла елшісі (с.ғ.с.) абасын олардың үстіне жауып, былай деді: «Уа, Алла! Бұл менің отбасы мүшелерім мен жақындарым. Сондықтан олардан лас пен кірді кетіріп, тазарт. Осы кезде «Ахзаб» сүресінің 33-аяты түсті. Сонда мен: «Уа, Алланың елшісі, мен сенімен біргемін бе?»- деп сұрадым. Пайғамбар: «Сен менің Әһле Бәйтімнің дәрежесіне ие емессің, бірақ сен жақсы әйелсің және сені қалаулы қасиеттерге ие деп сипаттайды». Негізінде, бұл аят материалдық факторлардан өтіп, тазалық пен кемелдіктің ең жоғары деңгейіне жеткен асыл тұлғалардың ақиқатын суреттейді. Олар Алланың разылығына ие болды және олардың болмысында адамгершіліктің мәні көрінді. Бұлар уахи сөздерін және Пайғамбар әулетінің шынайы тәпсіршілері. Имам Мұхаммед Бақер (ғ.с.): «Бұл аят Алла Елшісі (с.ғ.с.), Әли (ғ.с.), Фатима (ғ.с.), Хасан (ғ.с.) және Хұсейн (ғ.с.) туралы түскен»,- деп айтқан. «Ахқақ әл-Хақ» кітабында бұл аяттың осы бес адамға, яғни Пайғамбарға (с.ғ.с.), Әли, Фатима, Хасан және Хусейнге (ғ.с.) тағайындалуы туралы сүнниттердің әйгілі көздерінен жетпістен астам хадис келтірілген.  «Шавахед әл-Танзил» кітабында осы тақырып туралы 130-дан астам рауаят бар.

Рауаяттарда «Татһир» аяты түскеннен кейін Алла елшісінің (с.ғ.с.) таң намазында Фатима-Заһраның (ғ.с.) үйінің есігінде ұзақ тұрып, есік жақтауының екі жағына екі қолын қойып: «Уа, Әһле Бәйт! Сәлем. Сендерге Алланың рақымы мен берекесі болсын. Намазға тұрыңдар. Мен сендермен соғысқандармен соғысамын, сендермен тату болғандармен татумын»,- деген.

Хазірет Фатиманың (ғ.с.) рухани болмысын, қасиеттілігі мен ұлылығын жеткізген Құран Кәрімнің тағы бір аяты «Мубаһеле» аяты. Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.) өзінің миссиясын білдіру және илаһи хабарды жеткізу үшін көптеген патшалықтар мен елдерге хат жазып немесе өкілдер жіберді. Сөйтіп әлемнің құлағына әділет пен таухид шақыруын жеткізді.

Қарамағында жетпіс ауылы бар Наджран Хиджаз мен Йемен шекарасында орналасқан. Исламның таралуының басында бұл жер Хижаздағы жалғыз христиандық жер болды, оның тұрғындары белгілі бір себептермен пұтқа табынушылықты тастап, хазірет Исаның дінін қабылдаған. Пайғамбар (с.ғ.с.) хиджратының 10-шы жылында Наджран епископы Әбу Харасеге хат жазып, Наджран тұрғындарын Исламға шақырды.

Хижраның 9-шы жылы Пайғамбардың Исламды қабылдауға шақыруынан кейін нажрандық бір топ христиандар Мәдинаға келіп, хазіретпен (с.ғ.с.) пікір таластырды. Алла Елшісі олардың сұрақтарына дәлелді жауаптар берді, бірақ христиандар көнбеді. Осы арада Алла Тағала Пайғамбарға олармен мүбәһеле етуді бұйырды. Яғни, екі жақтың әрқайсысы өз жанұяларын әкеліп, Алладан өтірікшінің көзін жоюын сұрауы керек.

 

Мүбәһеле – Ислам тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі. Оған қатысу белгілі бір сенімді қажет етеді. Бұл дұғада дұрыс пен бұрыс шындық иелері өздерінің адалдықтарында ешбір ауытқуға жол бермеген жағдайда ажыратылады. Христиандар Мүбәһелені қабылдады.  Өйткені ол адал, шыншыл пайғамбар болмаса, отбасын мұндай үлкен қауіпке ұшыратпайды.

«Кашаф» тәпсірінің иесі Замахшари «Мүбәһеле» аятын Пайғамбардың Әһле Бәйтінің қасиетінің ең күшті дәлелі деп санайды. Уәде етілген күні, христиандар Пайғамбардың (с.ғ.с.) оларға қарай сабырлы әрі шешімді келе жатқанын көрді. Хазіреттің (с.ғ.с.) қасында   қызы Фатима (ғ.с.) және Әли (ғ.с.), имам Хасан (ғ.с.) және имам Хұсейн (ғ.с.)  болды.  Олар хазыреттің (с.ғ.с.) шындығын түсініп, мүбәһеледен бас тартты. Алла елшісінің (с.ғ.с.) әйелдердің арасынан Фатиманы (ғ.с.) таңдап, оны өзінің шынайылығының құжатына айналдыруы –Пайғамбардың абыройы мен қадір-қасиетінің айғағы. Пайғамбарымыз өзімен бірге басқа әйелдерді де ала алатын еді. Басқа жағынан, хазірет Фатиманың (ғ.с.) маңызды діни-қоғамдық оқиғаға қатысуы барша адал әйелдерге үлгі болды.

Құранның Фатимаға (ғ.с.) осындай құрмет көрсетуіне себеп болғаны, оның бойында бар асыл қасиеттердің қалыптасуы екені сөзсіз. Хазірет Фатима (ғ.с.) намазға тұрғанда айналаны нұр жауып, сөйлеген кезде сөздері білімге толы болғаны айтылады. Фатима (ғ.с.) әкесі пайғамбардың (с.ғ.с.) өз міндетін орындауда серігі болды, сондай-ақ хазірет Әлидің (ғ.с.) серігі және қолдаушысы болды.  хазірет Фатима (ғ.с.) өзінің сындарлы қатысуымен отбасына жылулық пен күш берді. Ол азат та тарихшы перзенттерді тәрбиелеп өсірді, сонымен бірге ол өз халқының, қоғамының тағдырына жауапты әйел болды. Ол өз болмысының әйелдің кемелдікке жету қабілетінің жоғары екенін көрсеткен асқақ әйелдің тамаша үлгісі. Фатима-Заһра (ғ.с.) пендешілік пен тақуалықтың асқақ шыңының биігінде жер бетіндегі барша әйелдерге мейіріммен қарап, оларды осы жол мен өмір сүруге шақырады.

Екі дүниенің ханымы, жәннат әйелдерінің әміршісі, Пайғамбарымыздың көзінің нұры, дүние әйелдерінің берекесі хазірет Фатимаға Алланың игілігі мен сәлемі жаусын.

Тегтер