Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 5
Халықаралық ұйымдар да халықаралық қоғамда тәуелсіз құқықтарға ие. Сонымен бірге халықаралық ұйымдар орналасқан мемлекеттер олардың істеріне араласпауға немесе оларға тыңшылық жасамауға міндетті. Тыңшылық жасау мемлекеттердің ішкі істеріне араласуға тыйым салатын негізге қайшы келуі мүмкін.
Осыдан біраз уақыт бұрын WikiLeaks АҚШ-тың тыңшылығын әшкерелейтін құжаттарды жариялауды жалғастырып, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің (NSA) БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның әртүрлі елдер басшыларымен жүргізген сұхбаттарын жасырын тыңдағанын көрсететін мәлімет жариялады. 2016-шы жылдың ақпан айының 23-і күні WikiLeaks жариялаған құжат бойынша, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі жоғары лауазымды басшыларының климаттық өзгерістер мен әлемдік экономикалар туралы отырысы, тіпті АҚШ Президенті Барак Обамамен қалай қатынас орнататындықтары туралы сөздерін тыңдаған. Мұндай құжаттардың бірінде АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун мен Германия Канцлері Ангела Меркельдің климаттың өзгеруіне қатысты шара қолдану туралы жеке және жабық отырыстарын тыңдағаны анықталды. WikiLeaks сайтының зерттеулері бойынша тыңдаудың мақсаты АҚШ-тың мұнай қорларының мүддесін қорғау болған. WikiLeaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанж бұл әшкерелеулер туралы: «Бүгін Пан Ги Мунның климаттық өзгеріс туралы жеке отырыстарының ірі мұнай компанияларын сақтап қалуды мақсат ететін мемлекет тарапынан тыңдалғанын көрсеттік. БҰҰ-ның бұл құжатқа реакция білдірмеуінің ықтималы көп. Осыдан бұрын АҚШ Мемлекеттік департаментінің бұрынғы хатшысы Хиллари Клинтонның ағымдағы жылдың президенттік сайлауының демократтардың алда келе жатқан үміткерімен кездескенде америкалық дипломаттардың БҰҰ Бас хатшысының ДНК-сын ұрлау керек деген бұйрығын әшкере еттік»,- деді. Жақында әшкереленген бұл құпия құжаттар бойынша, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі әлемнің басқа басшыларының, соның ішінде сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху мен оның италиялық әріптесі Сильвио Берлусконидің 2010-ші жылғы отырысына тыңшылық жасаған. Бұл отырыста Нетаньяху Берлускониден оны Обамен кездестіруге көмектесуді сұрайды. Сондай-ақ АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі Еуроодақ пен Жапония сауда министрлерінің қатысуымен Дүниежүзілік Сауда ұйымы туралы өткен отырысқа тыңшылық жасаған. Сонымен бірге АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози мен Сильвия Берлусконидің құпия сұхбаттарын тапқан. Бұл кездесуде Саркози Италияның банктік қызметтерінің көп ұзамай жойылатыны туралы айтқан.Тіпті БҰҰ Босқындар мен мигранттар істері жөніндегі агенттігі де АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің тыңшылығынан аман қалмаған. АҚШ тыңшылары тәртіппен аймақ басшыларының, соңың ішінде БҰҰ Босқындар жоғары комиссарының Орталық Азиядағы өкілі Бернард Дойлдің телефон сұхбаттарын тыңдаған. WikiLeaks АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің Дүниежүзілік Сауд ұйымының құқық бөлімінің директоры Йохан Хьюманның телефон желілерінің бірін тыңдағанын да әшкереледі. АҚШ Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары әрқашан әлемдік және халықаралық құқықтарға назар аудармастан, өз мүдделерін қамтамасыз етуге әрекет жасады. Әсіресе бұл елдің 2001-ші жылдың 11-ші қыркүйек оқиғасынан кейінгі әрекеттері лаңкестікпен күресуді сылтауратып, халықтардың құқықтары мен ұлттық егемендігін бұзу болды. Шын мәнінде, 11-ші қыркүйек шабуылы АҚШ-тың басқа елдердің істеріне, тіпті БҰҰ сынды халықаралық тәуелсіз ұйымдарға араласуына себеп болды. Ұлттық егемендікті бұзу, лаңкестікпен күресуді сылтауратып, Ауғанстан, Ирак, Пәкістан және басқа елдердің істеріне араласу, Пәкістан, Йемен мен Палестина азаматтарына қарсы шабуыл жасау, Гуантаномо мен Абу Грейб абақтыларындағы тұтқындарды азаптау арқылы тұтқындармен қатынас орнату туралы әлемдік конвенцияларды бұзу және басқа да әрекеттері АҚШ-тың өткен жылдардағы халықаралық құқықтарға қайшы іс-әрекеттері болды. Эдвард Сноуденнің АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің тыңшылығы туралы мәліметтерінің келесі бөлімі әртүрлі үкіметтердің азаттық пен адамның жеке және қоғамдық қауіпсіздігін бұзу фактілерін әшкереледі. АҚШ лаңкестікпен күресу мен халықаралық қауіпсіздікті қорғауды сылтауратып, басқа елдердің азаматтары мен басшыларын, тіпті халықаралық ұйымдардың басшыларына тыңшылық жасады. АҚШ-тың әлемнің әртүрлі елдерінің азаматтарына тыңшылық жасауы немесе тың тыңдауы бұл елдің өз мүдделерін қамту саласындағы адам құқығына қарсы жаңа әрекеттері болып табылады. Әрине адамдардың жеке өміріне араласып, олардың азаттығына нұқсан келтіру Адамзат құқығы әлемдік жарлығы мен Азаматтың және саяси құқылар құжатының негізіне қайшы келеді. АҚШ-тың мұндай әрекеті жеке адамның азаттық және жеке басының қауіпсіздік құқын бұзады. Қауіпсіздік – адамзат өмірінің қажеттілігі. Адам жаратылғаннан бері әрқашан екі тұрғыны жалғыздық пен ақылдасуды қажет етіп, жеке басы немесе өмір сүретін қоғамы тарапынан әртүрлі реакция білдірді. Адам тәуелсіздігі мен азаттығын көрсететін мекенде әрқашан басқалар араласушылықтары немесе шабуылдары арқылы, тіпті қоғамның ішіндегі оның қауіпіздігін бұзады деп алаңдады. Адамның жеке кеңістігі және оған адамның негізгі құқығы ретінде көңіл аудару да осы мәселеден басталады. Адамның жеке кеңістігін қорғау адамгершілікті қорғау болып табылады. Бұл халық демократиясы қоғамының үкіметі мен адамдары үшін маңызды негіз саналды. Адамның бұл құқығын бұзу заң арқылы қарастырылады. Бұл негізгі құқық басқа құқықтар сынды ұжымдық өмірді құрметтеу саласында заңды шектеулермен кезігеді. Жеке адамның құқығы халықаралық заңдардан жақсы көрінеді. 1948-ші жылы Адам құқығының әлемдік Жарлығы қабылданып, оның 12-ші бабы тікелей жеке адамның құқығына қатысты болды. Осыдан кейін Азаматтық және саяси құқықтар халықаралық келісімі мен Еуропаның адам құқығы туралы Конвенциясы және басқа аймақтық конвенциялар мен келісімдерге қол қойылды. Адам құқығының әлемдік Жарлығының 12-ші бабы бойынша адамның жеке өмірі, жанұясының істері мен өмір сүретін мекеніне ешкімнің араласу немесе адамның абыройы мен беделіне шабуыл жасау құқығы жоқ. Егер мұндай жайттар орын алса, әр адам заңдық қолдауға ие. АҚШ-тың басқа елдердің азаматтары мен басшыларына, тіпті БҰҰ Бас хатшысына тыңшылық жасауы жеке адамның құқығы мен олардың қауіпсіздігін бұзумен бірге бұл елдің мүддесін қамтитын заңсыз құрал ретінде қалыптасты. Тыңшылық әсіресе Екінші дүниежүзілік соғыс пен «қырғи-қабақ» соғысы жылдары көп пайдаланылды. «Тыңшылық» деп мәліметке ие жақтың рұқсатынсыз дұшпанның жеке, экономикалық, саяси және әскери мүдделеріне араласу аталады. Бірақ технологияларды кеңейту жолындағы тыңшылық өзгеше болады. АҚШ-тың әлем азаматтары мен кейбір Батыс мемлекеттерінің басшыларына тыңшылық жасауына қатысты соңғы жанжалдар байланыс пен қарым-қатынас орнататын құралдардың тыңшылық қызметте көбірек қолданылатын болғанын көрсетеді. Басқа елдердің істеріне араласуға тыйым салу негізі жарлықта қарастырылған халықаралық тілеулестіктің ең маңызды негізі саналып, халықаралық құқықтардың негізі ретінде қалыптасқан. Үкіметтердің ішкі істеріне араласпау халықаралық құқықтардың негізі ретінде егемендік, теңдік және саяси тәуелсіздікке сүйенеді. Бұл негіз үкіметтердің бір-бірінің ішкі істеріне араласуға тыйым салады. Халықаралық ұйымдар да халықаралық қоғамда тәуелсіз құқықтарға ие. Сонымен бірге халықаралық ұйымдар орналасқан мемлекеттер олардың істеріне араласпауға немесе оларға тыңшылық жасамауға міндетті. Тыңшылық жасау мемлекеттердің ішкі істеріне араласуға тыйым салатын негізге қайшы келуі мүмкін. Шын мәнінде, араласу азаматтарға, ұлттық мүмкіндіктерге, әскери өнеркәсіп пен басшыларға тыңшылық жасау болып саналады. Араласу құқық тұрғысынан заңсыз болып табылады. Тыңшылық жасаған мемлекет АҚШ сынды демократия орнатуды, лаңкестікпен күресу және әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етуді сылтауратып, өзінің әрекеттерін ақтағысы келеді. Мұндай уәждерге қарсы заңды қорғаныс пен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің даусынан басқа ешбір басқа шешім күш қолданып, басқа елдің істеріне араласуға себеп бола алмайды. АҚШ үкіметі БҰҰ-мен аталмыш ұйымға қарсы әрекет жасамайтындығы және оның Бас хатшысының істеріне араласпайтыны туралы келісімге қол қойды. Енді БҰҰ-ның реакциясы қандай болады екен. Өйткені, егер ешбір ескертусіз БҰҰ-ның Бас хатшысын нысанаға ала алатын болса, әлем елдерінің барлық басшыларынан бастап, көшеде жүрген әрбір адам қатерге тіреледі.