Қаң 21, 2023 18:01 Asia/Almaty
  • Иран: Мұқаддам мұражай-үйі (172)

Мұқаддам мұражай-үйі (Moghadam Museum) – Теһран қаласының тарихи үйлерінің бірі. Үйде қымбат тарихи заттар көп болғандықтан әлемдегі ең қымбат үй деген атпен танылған.

Үй Насыреддин шах Қаджардың кезінде Теһранды басқарған Ехтесаб әл-Мүлктің кіші ұлы ұстаз Мохсен Мұқаддамға тиесілі. Ол археология пәнінің ұстазы болған. Фрацуз жұбайымен бірге бүкіл күш-жігерін жоғалып бара жатқан қымбат заттар мұражайын ашуға жұмсауға шешім қабылдайды. Соның нәтижесінде Теһранның қақ ортасында өте әдемі үй пайда болды. Ол археология пәнінің ұстазы болған. Фрацуз жұбайымен бірге бүкіл күш-жігерін жоғалып бара жатқан қымбат заттар мұражайын ашуға жұмсауға шешім қабылдайды. Соның нәтижесінде Теһранның қақ ортасында өте әдемі үй пайда болды.

Мұқаддам мұражай-үйі
Үйдің ауданы 2117 шаршы метр. Сыртқы, ішкі және қызметшілерге арналған үш ауладан тұрады.
Үйдің алдына Испанияның әл-Хомра бағындағы хауыз бен субұрқақтардың үлгісімен әдемі бассейн салынған.
Үйдің архитектуралық жобасында ирандық бақ салу принциптері сақталған.
Бұл үйде Қаджар сарайының танымал тұлғаларының бірі Мұхаммедтақи хан Ехтесаб ул-Мүлктың әулеті тұрған.
Ұстаз Мұқаддам мен оның жұбайы мата, мүштік, калиан, қыш және шыны ыдыстар, картиналар, тиындар, мөрлер мен тарихи құжаттардан коллекция жинаған.
Олар жиналған заттарды үйдің әрбір жеріне қойған.
Бұл мұражайда түрлі тарихи дәуірлерге тиесілі қымбат заттар сақталынған.
Сыртқы және ішкі аулалар бір-бірінен "таджаддод" деп аталатын қабырғамен бөлінген.
Қабырғаны көтеріп тұрған бағандардың іргетасы Исфахандағы Чеһелсутун сарайының бағандарын еске түсіреді.
Ішкі ауланың солтүстік бөлігінде әдемі терраса бар.
Террасаның 4 бағанының үстіңгі жағы алебастр жапсырмаларымен өрнектелген.
Бұл үй бүгінде мұражайға айналған. Оның есігі туристерге ашылғанына бірнеше жыл болды.
Ұстаз Мұқаддам мен оның жұбайы ішкі ауланы ирандық кілемнің жобасынан шабыт алып жобалаған.
Олар сыртқы аулада жапон стилінде бақ салған.

 

Тегтер