Нау 15, 2023 17:09 Asia/Almaty
  • Жыл ұранына арналған (32) - соңы:   Бағдарламалардың қысқаша мазмұны

Ислам революциясы жетекшісі хиджра-шамси күнтізбесінің биылғы 1401 жылын «Өнідіріс: білімге негізделген және жұмыспен қамтушы» жыл деп атады.  Бұл жинақтың жалғасында ақпараттық технологиялардың білімге негізделген экономикадағы маңыздылығы толығырақ қарастырылады.   

Соңғы жылдары дұшпанның экономикалық  қысымы революция жетекшісінің, үкімет қайраткерлерінің, ақпарат құралдарының бас мақалаларының негізгі алаңдаушылығына, сондай-ақ ИИР дұшпандарын қанау алаңына айналды. Ислам революциясының жетекшісі 1390-шы жылдардың барлығында дерлік  және соңғы екі жылда жыл ұраны ретінде экономикалық осьтердің бірін таңдады. Оның соңғы онжылдықтағы жыл ұранында экономика мәселесіне тоқталуының ең басты себебі – экономиканың елдің әртүрлі әлеуметтік,   саяси, қауіпсіздік, тіпті мәдени аспектілеріндегі  атқаратын рөлі.

1401 жылы революция жетекшісі жыл ұраны ретінде экономикалық және ғылыми осьтердің үйлесімін таңдады.  Жаңа жылды «өндіріс, білімге негізделген, жұмыспен қамту» деп атау еліміздің экономикалық дәуірдің жаңа кезеңіне өту қажеттілігін  көрсетеді, мұнда өндіріске және экономикалық өсуді арттыруға назар шектеулер мен ерекшеліктерге аударылуы керек.  

Өткен жылдар ішінде елдің  өндіріс саласындағы басты назары капиталды қажет ететін қызметке аударылды, ал өндірістің ұлғаюына сәйкес  инвестиция мен энергия ресурстарын тұтынудың өсуін және т.б., үрдісті байқадық.  Бұл жаңа ғасырда реформаланып, жұмыс орындарын  құру басымдылығымен өндіріске көшу керек.  Негізінен экономикадағы өндіріс категориясына қарай жұмыссыздық сияқты мәселелерді шешуге мүмкіндік мол.  Жұмыс орындарының көпшілігі тікелей немесе жанама түрде өндірістік сектормен байланысты. 2005  жылы Жапонияның өңдеу секторы оның экономикасының 20,2%-ын, Германияның 23,2%-ын және Американың 13,4%-ын құрады.  Дәл осындай статистикаға сүйенсек, АҚШ-тың өндірістік секторы Жапонияның өндірістік секторындай үлкен болса, бұл елде 7 миллион сапалы, тұрақты және жақсы төленетін  жұмыс орны болар еді. Өндіріс секторының арақатынасы Германиямен   бірдей болса, Америкада тағы 10 миллион жұмыс орны болар еді.  Ендігі мәселе, өндіріске ден қою бюджет ауыртпалығын мұнайдан алып, түрлі салаларға бағыттау.  Иранда өнеркәсіп, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы,  мұнай-химия және мұнай-газ салаларында орасан зор қуаттар бар және бұл салалардың әрқайсысы қоғам экономикасының өндірісі мен дамуын өзгерту үшін тірек нүктесі ретінде қарастырылады.  Білімге негізделген компаниялардың көмегімен осы секторлардағы өндірістік  қуаттарды іске қосу экономиканың бір тауарлық жағдайдан өтуіне және өсіп келе жатқан сыртқы қысымның ауыртпалығын азайтуға әкелуі мүмкін.

Тағы бір маңызды мәселе, елдер арасындағы сауда қызмет көрсетуге емес, өндіріске негізделген. Ел экономикасында қызмет көрсету саласы да маңызды болғанымен, өндірістің  маңыздылығы әлдеқайда маңызды.  Қазір 13-ші үкімет көрші елдермен өзара әрекеттесу мен қарым-қатынасты нығайтуды сыртқы саясатының ең маңызды күн тәртібіне қойғандықтан, өндіріске көңіл бөлу елдің сыртқы саудасын арттыруға мүмкіндік береді. Шындығында, әртүрлі салаларда өндіріс мүмкіндіктерінің болуы елдердің бір-біріне тәуелділігін арттырады.  Экономикалық өзара тәуелділік индустриалды елдердің басқа елдердің мүдделеріне тіпті өз саясатында қатер төндірмеуінің және өз саясаты мен әрекеттерінде  ұтымдылықты көбірек қолдануының себептерінің бірі болып табылады. Тағы бір мәселе, өндіріс өркендеп жатса, жұртшылықтың тұрмыс-тіршілігіне қатысты алаңдаушылық басты  мәселе, алаңдаушылық ретінде азаяды.  Ислам революциясының дұшпандары соңғы жылдары ауқымды санкциялар қолдану арқылы халықты экономикалық қысымға түсіруге тырысып, іс жүзінде наразылық тудырып, халық пен жүйенің қарым-қатынасына кері әсерін тигізуде.  Өндіріске және әсіресе жұмыс орындарын құруға назар аудару адамдардың өмір сүруіне сыртқы қысымның әсерін азайтады.  Ислам революциясының жетекшісі өндірістің осы маңыздылығы мен рөлінің арқасында соңғы жылдары ұлттық өндірісті қолдау қажеттігін үнемі ескертуде.   

Революция көсемі хижраның XV  ғасырының бірінші жылын «өндіріс, білімге негізделген, жұмыс орындарын құру» деген ұранмен атады.  Бұл Иран экономикасының макроэкономикалық бағдарының қысқа мерзімде емес, тіпті XV ғасырда және революцияның екінші кезеңінде білімді пайдалану арқылы өндірістің өркендеуіне негізделгенін көрсетеді. Ал өндіріс пен білімнің үйлесуі Иран қоғамының маңызды өзекті мәселелерінің бірін,  яғни жұмыссыздық пен жалған жұмыс орындарын тоқтатуы немесе азайтуы мүмкін.  Көптеген экономистер бүгінгі таңда елдердің экономикалық  дамуындағы білім мен жаңа технологияның рөлі капитал мөлшері мен нарық көлемінен жоғары деп есептейді.  Әрдайым есте ұстайтын бір жайт, білімге негізделген экономикаға қол жеткізу үшін ақпаратты өндіру және тарату, білім беру және зерттеу жұмыстарымен айналысу жеткіліксіз. Керісінше, маңыздысы оларды экономикалық ресурстарды пайдалануда үздіксіз және тұрақты түрде пайдалану болып табылады.  Басқаша айтқанда, білімді қолдану және оны әлеуетті кеңейту және ресурстарды пайдалану дәрежесін арттыруда тиімді пайдалану –  бұл білімге негізделген экономиканы жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нәрсе және осы саладағы білімге негізделген компаниялардың рөлін анықтауға болады. Дәстүрлі және таза капиталдық әдістермен өндірістен айырмашылығы,  білімге негізделген өнімдерді өндіру көп қосымша құн тудырады, ал ол жасайтын жұмыс орны - білімге негізделген жұмыспен қамту.  Білімге негізделген технология саласындағы зерттеушілердің пікірінше, жоғары технологиялық және  білімге негізделген компаниялар әлем экономикасын алға жылжытуда. Яғни, білімге негізделген экономика бүкіл әлемде және кез келген  ел үшін тиімді болуы мүмкін.  Иран экономикасы бетпе-бет келіп тұрған проблемаларды, сондай-ақ Америка мен кейбір Еуропа елдерінің  бітпейтін дұшпандық әрекеттерін ескере отырып, білімге негізделген өндіріс проблемаларды шешу, экономикалық ілгерілеу және сыртқы қысымдарды бейтараптандыру немесе тиімділігін төмендету үшін тиімді шешім бола алады.

Иран Ислам революциясының бесінші онжылдығында әлемнің үстемшілері  үлкен талпыныс жасауда, себебі исламдық Иран аймақтық және әлемдік деңгейде жоғары  мүмкіндіктері мен әлеуеті бар  тәуелсіз, гүлденген, қауіпсіз ел болып саналады.  Олар түрлы санкциялар енгізіп, исламдық Иранды құтқысы келеді.  Иран Ислам Республикасы қабілеті мен  мүмкіндіктеріне, адами ресурстарына және заманауи білімге қол жеткізуге сүйену арқылы  Ислам революциясының екінші қадамында әлемнің үстемшіл  елдерін қажет етпей,  қарсыласу экономикасына сүйеніп,  өз мәселелерін шеше алады.  Бұл қиын, бірақ мүмкін болатын  жолдың талабы – елде білімге негізделген экономиканың көмегімен отандық өндірісті  өркендету және нәтижесінде әртүрлі салалардағы жұмыспен қамтуды арттыру.

«Өндіріс, білімге негізделген, жұмыс орнын құру» ұраның  жүзеге асыру экономикалық мәселелерді азайтуы мүмкін. Экономикалық ілгерілеу бағытында жылжып, аймақтық және жаһандық деңгейде ұлттық беделді арттыру, дұшпанның Иранға қарсы мақсаттарына жету жолында үмітсізденуіне әкеле алады. Сондай-ақ халыққа, әсіресе жастарға елдің болашағына үміт ұялатады. Революция жетекшісі «Ислам революциясының екінші қадамы»  туралы мәлімдемесінде  жастарға үндеу жасап, былай деді: «Құдіретті Иран бүгінде революцияның басындағыдай, бірақ мүлде елеулі айырмашылықпен үстемшілердің сынақтарымен бетпе-бет келіп отыр.  Егер сол күні мәселе АҚШ   агенттерінің әсерін  тоқтату немесе  Теһрандағы сионистік елшілікті жабу немесе тыңшылық   орданы әшкереу болса, бүгінгі мәселе  сионистік режим шекараларында қуатты Иранның болуы және Батыс Азия аймағындағы Американың заңсыз ықпалын жою болып табылады. Ислам республикасы басып алынған жерлердің қақ ортасында палестиналық моджахедтердің күресін қолдайды және Хизболланың көтерілген туын және осы аймақтағы қарсыласуды қорғайды.  Егер сол күні Батыстың мәселесі Иранға негізгі қару-жарақ сатып алудың алдын алу болса, бүгінгі күні оның мәселесі Иранның жетілдірілген қару-жарақтарының қарсыласу күштеріне берілуіне тосқауыл қою болып отыр. Егер АҚШ бұрын бірнеше адаммен немесе бірнеше ұшақ пен тікұшақпен исламдық жүйе мен ирандық халықты  жеңеді деп ойласа, бүгінде  Ислам республикасымен саяси және қауіпсіздік қақтығыстары үшін ол ондаған дұшпандық немесе қорқытқан үкіметтерден тұратын үлкен коалицияға мұқтаж болып отыр. Бірақ қарсыласуда қайтадан сәтсіздікке ұшырайды.  Революцияның арқасында Иран қазір әлем алдында Иран халқы  жоғары және лайықты орнында және өзінің негізгі мәселелерінде көптеген қиын кедергілерден өтті». (Соңы).

 

Тегтер