Иран: "Див Асиаб" бұлағы (175)
Нау 25, 2023 17:13 Asia/Almaty
"Див Асиаб" бұлағы Мазандеран облысының Алборз тауындағы Лар алқабының солтүстігінде орналасқан. Бұлақтың диаметрі шамамен 20 метр, тереңдігі 2 метр.
Көлдің көгілдір түсі мен дәмінің ащылығы суда күкірттің болуынан туындаған. "Див Асиаб" бұлағына жету үшін бір алқаптан өту керек. Оның солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігі Мазандеран облысында, оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігі Теһран облысының Шамиран ауданындағы Лавасанат округында орналасқан. Бұл әдемі алқап 1975 жылы "Лар" ұлттық саябағы деп танылды.