Құраннан үйренейік (24)
«Бақара» сүресінің 19-шы аяты: «أَوْ کَصَیّبٍ مِّنَ السَّمَآءِ فِیهِ ظُلُمَتٌ وَرَعْدٌ وَبَرْقٌ یَجْعَلُونَ أَصَبِعَهُمْ فِى ءَاذَانِهِم مِّنَ الصَّو عِقِ حَذَرَ الْمَوْتِ وَاللَّهُ مُحِیطٌ بِالْکَفِرِینَ » «Немесе қараңғылықта күркіреп, жарқылдап көктен нөсерлете құйған жаңбырға ұшырап, найзағайдан өлем деп қорқып, саусақтарын құлақтарына тыққан біреулер тәрізді. Алла кәпірлерді толық баураушы».
Алла Тағала бұл сүренің 17-ші аятында мұнафықты жолда тұрып, жарығынан айырылып, қараңғылық арасында адасып, қайтатын жолы жоқ адамға теңеді. «(Далада) от жағып маңын жарық қылғанда, Алла олардың жарығын өшіріп, қараңғылықтарда қалдырған біреу сияқты, (бұл мысалда, екі жүзді мұнафықтар; жаққан оттары өшіп, тым-тырыс қараңғылықта қалғанға ұқсатылып отыр) олар көрмейді». Бірақ бұл аятта: «Немесе қараңғылықта күркіреп, жарқылдап көктен нөсерлете құйған жаңбырға ұшырап, найзағайдан өлем деп қорқып, саусақтарын құлақтарына тыққан біреулер тәрізді»,- деді.
Бұл аяттан мынаны үйренеміз:
- Екіжүзділер қиындық пен уайымға батып, бұл дүниеде де қорқыныш пен үрейге душар болады.
- Өлім қорқынышы әрқашан екіжүзділердің құлағында ойнап, жан тыныштығын алып тастайды.
- Алла екіжүзділерді қоршап, олардың сырлары мен қастықтарын әшкерелейді.
- Екіжүзділік ақырында күпірлікке апарады, өйткені бұл аят «Алла екіжүзділер қоршады» дегеннің орнына «Алла кәпірлерді қоршады» дейді.
- Екіжүзді адамның тағдыры – аспанның жаңбыры, күн күркіреуі және оның өлімге әкелетін найзағайы. Құран – адамзатқа түсірілген илаһи мейірімнің қайнар көзі болса, мұнафық үшін қауіп пен қорлық көзі.