Ақп 14, 2016 15:50 Asia/Almaty

Исламдық ой-пікірде адамның наным-сенімдері оның экономикалық іс-әрекеттері мен өміріндегі басқа да жұмыстарына жол нұсқайды.

 Сондықтан исламдық өмір сүру тәсілінде экономикалық пікірталастар сенім және ахлақтық пікірталастармен жақын қарым-қатынаста. Исламдық өмір сүру тәсілінде экономикалық қарым-қатынастардың үлгісі діни сенімдер негіздеріне сүйенеді. Исламда экономика мен сенім мәселелері арасындағы байланыстың мықтылығы сондай, кейбір кездерде оларды бір-бірінен бөлуге болмайды. Мәселен, хомс пен зекет  төлеу экономикалық мәселелердің қатарына кіреді. Алайдаолар шын мәнінде ғибадат мәселесі, адамды Аллаға жақындататын мәселе саналады. Сонымен бірге исламдық көзқараста еңбек пен талпыныс рухани мағынаға ие. Өйткені адамның өзінің тұрмысы, жеке өмірі және өзі мен жанұясының қажеттіліктерін қамтамасыз ету ғибадат саналады. Еңбек пен талпыныс күнделікті қажеттіліктерімен бірге адамның дүниелік өмірінің дамуына себеп  болды. Илаһи бұйрықтарды орындау және жоғары мақсаттарға жету ақыреттің сыйы мен сауабына жеткізеді. Сол себепті Исламның ұлық пайғамбары «Дүние – ақыреттің егістік жері»,- деген болатын. Яғни, дүние мен материалды жағдай адамның дамуына себеп болып, адам егер дүниелік мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланса, ол оның ақыреттегі бақытын қамтамасыз етеді. Исламның экономикалық жүйесі адамның ахлағы мен илаһи жоғары құндылықтарын нығайтады. Бұл жүйеде адамдардың рухани тұрғысы   маңызды негіздер саналады. Сондықтан Исламның экономикалық жүйедегі маңызды мақсаттары  экономикалық тәуелсіздік, әділет, қоғамдық тұрмыс және экономикалық даму ретінде баяндалды. Исламдық өмір сүру тәсілінде ахлақ пен рухани құндылықтар адамның экономикалық істерін басқарады. Аталмыш құндылықтар зұлымдық таралып, басқалардың құқықтарының бұзылмауын қадағалайды. Яғни, Ислам көзқарасы бойынша  экономика саласында да адам өнегелі, жағымды ерекшеліктерге ие. Адам жігер мен сайлау дауысына ие. Оның іс-әрекеті нәпісіне бағынбайды. Нәпсі ахлақи негіздер және тағылымдар арқылы басқарылады. Мұндай адам илаһи ризалыққа ие болып, Алланың бұйрықтарын орындауға талпынады. Ол материалдық мүдделер туралы олар имам мен өзі   қабылдайтын құндылықтарға сай болса ғана ойлайды. Мұсылман илаһи  нығметтерден өзі пайдаланғаны сынды басқаларды да мүмкіндігіне  қарай нығметтерді пайдалануға жігерлендіре алады. Адам Алланың нығметтерін орынды пайдаланып, шүкіршілік етеді. Исламдағы экономикалық жүйеде адам қаржы мен материалдық қорларды Алланың жіберген аманаты санап, оларды өзі мен қоғамның мүддесі үшін пайдаланады. Сол себепті кең ауқымды перспективаларда бір мұсылман  өзін әлемді өзгертіп, көркейтуге міндетті деп санайды. Алла Тағала «Һуд» сүресінің 61-ші аятында «Алла сендерді жерден жаратып, оны абадтауды сендерге міндеттеді»,- деп айтылған.

Еңбек – адамның физикалық және ойлану жұмыстарының топтамасы. Еңбек ету адам үшін материалдық  пайда әкеледі. Исламдық ойлар бойынша еңбек пен талпыныс  адамның болмысы мен махаббатын кемелдікке жеткізуді көздейді. Басқаша айтқанда, адамның кемелдікке жеткісі келуі оның еңбегі мен талпынысынан көрінеді. Еңбектену мен адамзаттың басқа қалаулары адамның жақсы өмір сүргісі келетін болмысында қалыптасса, ол өзінің қажеттіліктерін шешу үшін табиғаттың көптеген нығметтерін пайдаланады. Еңбектену қоғамның дамуы мен экономикалық жұмыстарының кеңеюіне үлкен әсер етеді. Егер еңбектенуге жағдай жасалмаса өнертапқыштар  өздерінің ой-ақылдары мен дарындарына сай жаңа технологиялар мен өнертабыстарын ұсына алмайды. Сондықтан жұмыс орындарының болмауы дарындардың жойылуына себеп болады. Бұл мәселе адамдарды пайдасыз, бірақ кіріс әкелетін, қажетсіз, кейде зиян келтіретін жұмыстарға итермелейді. Еңбек – адамның табиғи қажеттілігі. Дін мен оның тағылымдары  адамды еңбек пен талпынысқа жігерлендіреді. Дін діни және  табиғи заңдарды үйлестіріп, толық теңдікті сақтайды, өйткені бұл заңдардың қайнары – бір. Ол – Алла. Табиғи заңдар тұрғысынан еңбек табиғи мүмкіндіктерді адамның пайдалануына дайындайтын құрал. Еңбек пен талпыныс адамның дарындарының дамуына себеп болады. Дін адамның алдынан кемелдікке жетуі жолында қадам басатын жол ұсынды. Адамның тыныш өмір сүріп, дағдарыссыз Аллаға ғибадат етуі үшін дұрыс тамақтану, тұрғын үй мен күнделікті тұрмыс үшін басқа да қажеттілік керек. Олардың барлығы еңбек пен талпыныстың арқасында қамтамасыз етіледі. Яғни, адамның заңды құқығына өзінің материалдық қажеттіліктерін шешуге талпынуы жатады. Имам Бақер (ғ.с.) дүғаларының бірінде: «Уа, Алла! Көзім тіріде тыныштық пен ғибадат жасап, жәннәтқа жететіндей өмір сыйлауыңды  сұраймын»,- деген болатын. Исламның ұлық пайғамбары мен хазірет әулетінің өмір сүру тәсілі туралы көптеген рауаяттарында еңбек пен талпыныстың маңыздылығы туралы айтылған. Пайғамбардың өмір сүру тәсілінде: «Алла елшісі бала кезінен еңбектеніп, талпыныс жасады. Жасөспірім кезінде шопан болып, жігіт болған кезде саудамен айналысты. Пайғамбарлық міндетіне кіріскен кезде де еңбектенуден бас тартқан емес және еш уақытта басшылар мен патшалар сияқты өмір сүрген жоқ. Пайғамбарлық міндеттің өзі өте ауыр жұмыс болды. Пайғамбар Мединеде өмірінің үлкен кезеңінде үгіт-насихат және қорғаныс жұмыстармен айналысты. Хазірет бүкіл  уақытын еңбек пен талпынысқа арнады. Исламның ұлық пайғамбары: «Алла Тағала пендесінің адал ырзығы үшін тер  төккенін жақсы көреді» десе, келесі бір сөзінде: «Суы мен жері бар, бірақ еңбектенбейтін кедей Алланың рақымдылығынан алыстайды»,- деп айтқан болатын. Исламның ұлық пайғамбары бірде таң атысымен еңбектеніп жүрген  жігітті көрді. Пайғамбардың қасындағылар: «Егер бұл жігіт өзінің күшін Алланың жолында жұмсағанда мадаққа ие болатын еді»,- дейді. Сонда Пайғамбар: «Олай айтпаңдар. Егер бұл жігіт өзінің қажеттіліктерін қамту үшін және басқаларға тәуелді болмау үшін еңбектеніп жүрсе Алланың жолында  қадам басқан болып саналады. Сондай-ақ, басқаларға мұқтаж болмасын деп,  ата-анасы  мен кішкентай балалары үшін жұмыс жасап жүрсе Жаратушыынң жолына түскен болып саналады»,- деді. Исламның ұлық пайғамбары кез келген адаммен кездескен кезде оның жұмысы мен кәсібі туралы сұрайтын. Егер адам жұмысы мен кәсібінің жоқ екендігін айтса «Ол енді маған сүйкімсіз көрінетін болады. Егер мүмін адамның  мамандығы болмаса, ол дінін күнделікті тұрмысының құралына айналдырады»,- деді. Исламның ұлық пайғамбары бұл сөзінде егер адам кедейшілікпен кезіксе, оның діни сенімдеріне нұқсан келіп,  күнделікті өмірінің қажеттіліктері мен қаржысын қамтамасыз ету үшін шариғатқа қайшы жұмыстармен айналасуы мүмкін екенін ескертіп, дұғаларының бірінде: «Уа, Алла, бізге береке бер, бізді  кедейшілікке шырмама. Егер халықтың наны болмаса, ол діни міндеттеріне назар аудармайды»,- деп сұраған болатын.

Тегтер