Қыр 02, 2023 21:23 Asia/Almaty
  • Иран: Ширван сайы (183)

Ширван сайы (Shirvan Valley) – Ардебиль облысының Сабалан ауданындағы әдемі аймақтардың бірі. Сайға баратын жол болмағандықтан оның табиғаты тың қалпында сақталған. Иранның он бірінші қорығы болып саналатын бұл табиғи саябақ Таяу Шығыстағы екінші геопарк ретінде ЮНЕСКО-ға тіркелді. Бұл аймақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесі тұрғысынан теңдессіз ерекшеліктерге ие.

Ширван сайы
Ширван сайы теңіз деңгейінен 2200 метр биіктікте орналасып, 75 шаршы шақырым ауданды алып жатыр.
Ширван сайы мыңдаған жылдар бойғы топырақ эрозиясы салдарынан түзілген.
Бұл аймаққа жыл сайын туристер көптеп келеді.
Сайдың тас қабырғаларындағы тіліктер оған айрықша панорама сыйлады.
Сайда тастар ерекше мүсіндердей көрінеді.
Бұл аймақ Африканың шығысындағы Мадагаскар аралындағы тастар мен Түркияның Каппадокия ауданына қатты ұқсайды.
Ширван сайы
Ширван сайындағы түн

 

Тегтер