Қаз 16, 2023 17:09 Asia/Almaty
  • Палестина – ислам үмбетінің басты мәселесі (10)

Бұл бөлімде 1948 жылы 14 мамырда палестиналықтар мен мұсылмандарға «Накба күні – Апат күні» деген атпен белгілі сионистік режимнің орнауына себеп болған Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кейбір оқиғаларды қарастырдық.

 

Палестина халқының екінші дүниежүзілік соғыстың соңына дейін сионистік басқыншылардың басқыншылығына қарсы үлгілі көтерілісі мен наразылықтары   олардың өз талаптарын орындауда тығырыққа тірелуіне және талаптарын жүзеге асыруды кейінге қалдыруына себеп болды.

Бұл талаптардың ішінде Англия мен сионистік қозғалыс арасындағы келісім бойынша 1934 жылы құрылуы тиіс сионистік үкіметті құру жоспары болды. Бірақ Дүниежүзілік сионистік ұйымның басшысы Хаим Азриэль Вайзманның мойындауына сәйкес: «Палестиналықтардың қызу қарсылығы... Палестинадағы бағдарламаларды жүзеге асыруды 1948 жылға дейін кейінге қалдырды. Бұл жоба 1934 жылға дейін жүзеге асырылмақ еді». Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталып, бірқатар оқиғалар орын алған соң, әсіресе АҚШ-тың жан-жақты қолдауы сионистерді өз мақсаттарына жетуге жақындата алды.

 

Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы мен оның жойқын жалыны әлемнің түкпір-түкпіріне жайылған кезде Палестина жерінде салыстырмалы тыныштық орнады. Өйткені соғыс басталған кезде Палестина қарсыласу топтары арасында бұл соғыстың нәтижесін күту үрдісі болды. Соғыстың тағдыры мен соғыс нәтижелері олардың да тағдырына әсер ететіні сөзсіз. Соғыс кезінде Палестина халқының арасында күту рухы болды. Бұл, әрине, ислам әлеміндегі көптеген елдердің әрекетсіздігімен қатар жүретін күту. Бірақ соғыс кезінде де, одан кейін де сионистердің алдында бос отырған жоқ. Екінші дүниежүзілік соғыс оқиғалары және еврейлердің бір бөлігін нацистік Германияның қудалауы еврейлердің  оларға жасалған қысымды үлкейтіп,  өздкрін мазлұм көрсетіп, жылдар бойы іздеген мүмкіндікті қамтамасыз етіп, тәуелсіз еврей мемлекетін құруға бұрынғыдан да көп негіз дайындады.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде сионистер өз талаптарын орындау және Палестина жерін ресми түрде басып алу үшін Америкаға бет бұрды. Өйткені, біріншіден, олар Англияның 1939 жылғы "Ақ кітабы" жобасына наразы болды. Екіншіден, осы уақытта Бұл кезде Англия Екінші дүниежүзілік соғысқа қатты қатысты.  Бұл Американың әлемнің әртүрлі бөліктеріндегі ескі британдық отаршылдық орнын баяу және бірте-бірте толтыруына себеп болды. Сөйтіп, Англия өзінің бастапқы құдыретін жоғалтты. Бұдан бөлек Америка сионистік еврей мемлекетін құруды қолдайтынын осыдан көп бұрын жариялаған болатын. Бұл қолдау, әсіресе, Бальфур декларациясы жарияланған кезде объективті болды. Сол кезде Американың президенті Уилсон еврейлердің Палестинаға «еврей ұлтының отаны» ретінде оралу идеясын қорғап, 1917 жылы қарашада ресми түрде жарияланғанға дейін Бальфур декларациясын бекітіп, жариялауда маңызды рөл атқарады. 1922 жылы бұл елдің конгресі Бальфур декларациясын қолдайтын «Lodge-Fish» резолюциясын бірауыздан бекітеді.

Осы саясатқа сәйкес 1942 жылы 11 мамырда Рузвельт (Франклин) президенттігі кезінде Нью-Йорктегі «Балтимор» қонақүйінде «Американың сионистік ұйымының» отырысы өтіп, «Балтимор бағдарламасы» атты бағдарлама ұсынылды. Ол Палестина жерін және яһудилердің осы жерге шексіз көшіп келуін мақұлдаған еврей мемлекетін құруды сұрады. Америка сондай-ақ британдықтар сионистерге көмектесу деп ойлаған себептермен және әсіресе Палестинаның стратегиялық ұстанымы мен оның президенттік сайлауындағы сионистердің ықпалына байланысты сионистік басқыншылық режимнің құрылуын қолдайтынын жариялады. Осы уақыттан бастап АҚШ бұл режимнің негізгі қолдаушысы ретінде танымал болды.

 

1945 жылы басталған Трумэннің президенттігі кезінде және Франклин Рузвельт қайтыс болғаннан кейін Американың еврейлерді қолдауы және сионистердің Палестинаға қоныстану мақсаттары шарықтау шегіне жетті. Дәл осы жылы Американың сол кездегі президенті Гарри С.Трумэн Ұлыбританияның премьер-министрі Клемент Этлиге хат жазып, Палестинаға еврей иммиграциясының толық бостандығын және оны нығайтуды талап етті. АҚШ-тың қысымынан кейін 1946 жылы американдық және британдық кеңесшілерден құралған комитет Палестина жерінің мәртебесін анықтауды жоспарлап, «Палестинаның бөлінуі» болған нәтижені Біріккен Ұлттар Ұйымына ұсынды. Сондай-ақ, БҰҰ-на Палестина жерінің тағайындалуын анықтау үшін мүмкіндігінше тезірек әрекет ету үшін қысым жасау үшін Ұлыбритания 1947 жылы сәуірде Біріккен Ұлттар Ұйымына Палестинадағы қамқоршылық мерзімі аяқталып жатқанын және БҰҰ-ның шешімін қамтамасыз етуі керек. Кейіннен сол кездегі ұлы державалардың, Англияның, Американың, тіпті Кеңес Одағының қысымына ұшыраған  Біріккен Ұлттар Ұйымының Палестина бойынша Арнайы Комитеті (UNSCOP) деп аталатын 11 адамнан тұратын делегацияны тағайындады.  Бұл басқарма далалық зерттеулер жүргізіп, Палестина жерінің әртүрлі аймақтарын аралаған соң, 11 дауыстың 7 оң дауысымен бұл жерді бөлу жоспарын әзірлеп, БҰҰ-на ұсынды. Латын Америкасы үкіметтеріне және кеңес ынтымақтастығына қатты американдық қысым жасау кезінде американдық және британдық кеңесшілер дайындағаннан басқа ештеңесі жоқ бұл жоспар 1947 жылы 29 қарашада салыстырмалы түрде әлсіз көпшілік 33 дауыспен қабылданды. Ассамблеяда 13 қарсы және 10 қалыс қалды. Оны БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мақұлдады.

 181 қарар негізінде Палестина жерін бөлу

 

Экономикалық бірлікті, бірақ Палестинаның саяси бөлінуін қарастыратын бөлу жоспарында халқы 725 мың араб және 10 мыңға жуық еврейлерді құрайтын Палестина көлемінің шамамен 43 пайызы арабтарға (араб мемлекеті) бөлінген  және халқы 498 000 еврей мен 497 000 арабтан тұратын бұл жердің шамамен 56 пайызы еврейлерге (еврей мемлекеті) тиесілі болды, ал қасиетті Құдс 100 000 еврей мен 105 000 араб тұратын буферлік аймақ деп те аталды және халықаралық бақылауға қойылуы керек еді.   181 резолюция деп аталатын бұл жоспарға сәйкес,  құрамында 5 ел Боливия, Чехословакия, Дания, Панама және Филиппин бар комиссия осы жоспардың бейбіт түрде орындалуын қадағалау және 1948 жылдың қазан айына дейін Палестинада араб және еврей үкіметтері  құрылмақ болды.

Бұл жоспардың Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында мақұлдануы, әрине, сионистік жетекшілердің мақұлдауымен аяқталды, өйткені оған дейін Палестина жерінде еврейлердің бұл соманың әлдеқайда аз бөлігі болды, бірақ сол уақытқа дейін палестиналықтар осы соманың бір бөлігінен астамын иеленді. Бұған дейін олар бұл жердің 90% -дан астамына ие болды, сонымен қатар аймақтың араб үкіметтері оны қабылдамады. Бұл да заңды мәселе. Өйткені толығымен палестиналықтарға тиесілі жерді өздеріне жаңа отан құру үшін кіріп, басып алған бөтен халықтармен бөлісу тек қана қабылданбайтын мәселе емес, бұл қатыгез болды және оған кез келген әдіспен қарсы тұру керек болды. Сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 181 қарар қабылдаған күннен бастап Палестинаның барлық қалаларында, сондай-ақ кейбір араб елдерінде күшті наразылықтар болды. Бірқатар араб елдерінің бірігуіне және олардың сионистік режиммен соғысуына дайындық жұмыстарын жүргізгенімен, наразылықтар 1948 жылғы 14 мамырдағы Накба күні немесе сионистік режимнің құрылған күніне тосқауыл бола алмады.