Қар 14, 2023 21:33 Asia/Almaty
  • Иран-Ирак соғысы: сегізжылдық қасиетті қорғаныс (21)

Хасан Бақери – имандылық пен шынайылықтың жүздерінің бірі және жастығына қарамастан таңылған соғыстың ең көрнекті стратегтерінің бірі.

 

 

Бұл жинақта біз Иран халқының ұзақ және қатыгез соғыстағы сегіз жылдық қарсыласуының ерекше және өзгеше ерекшелігіне тоқталамыз. Бұл ерекшелік Бағдат диктаторы Саддамның Баас әскерінің соңысындағы  Иранның шайқас майдандарындағы жанқиярлық рухы мен рухани атмосфера болды. Өткен бағдарламаларда иманның шынайылығы мен қарсыласу мысалдарын айтқан болатынбыз. ИИР Әскери-әуе күштері операциясының орынбасары генерал-майор Аббас Бабаи, Күрдістанның шиеленісті аймағының қолбасшысы Мұхаммад Бруджерди және Хавизе корпусының қолбасшысы Сейед Хасан Алам әл-Ходо мен 31-ші Ашура дивизиясының қолбасшысы Мәһди Бакери туралы айттық. Ислам революциясы мен бүкіл елді қорғау үшін барын құрбан етіп, соңында шәһид болған қолбасшылар туралы айттық. Бұл қолбасшылар құрбандықтың, сенімнің және қарсылықтың үлгісі болды. Біреу Басиджи ерікті бөлімшелерінің тобына кірсе, ол кімнің қолбасшы, кімнің қарапайым Басиджи күші екенін ажырата алмас еді. Қолбасшылық үшін бәсеке болған жоқ, кім тәжірибелі және күштерді операцияларға ұйымдастыруға және Бәс жауына қарсы тұруға қабілетті болса, сол колбасшы болады. Сол әскери кемеңгер бұл қолбасшылардың барлығы отызыншы жылдары өмір сүрген және Иранға басып кіру кезінде Саддамның соғыс машинасын ең аз және қарапайым қарумен тоқтатты.

 

Қасиетті қорғаныстың тағы бір қолбасшысы – Хасан Бақери

 

Хасан Бақери жиырма алты жыл он ай өмір сүрді. Өмірінің жиырма екі жылы балалық шағы, бастауыш және орта мектеп жылдары, Урмия университетіндегі студенттік кезеңі және әскери қызметте болған айларды қамтиды. Ислам революциясы жеңіске жеткеннен соғысқа дейін 19 ай және таңылған соғыста 28 ай міндетін атқарды. Бұл ұлы сардар революция  жеңісінен бір айдан кейін жергілікті комитетте аз уақыт болып, журналистикаға бет бұрды. Бұл жұмысын соғыс басталғанға дейін жалғастырды. Хасан Бақери журналист болып жұмыс істеп жүріп, Тегеран университетінде 6 ай заң мамандығы бойынша білім алған. Бірақ мәдени революция және университеттердің жабылуымен оқуы аяқталмай қалды. Ол сондай-ақ 1979 жылдың тамызынан таңылған соғыс басталғанға дейін Сақшылар корпусы барлауында жұмыс істеді. Тағы бір көрнекті қолбасшы, шәһид қажы Ибрахим Хеммат шәһид Бақеридің болмысына қатысты: «Біз көптеген лайықты қолбасшылардан айырылдық, бірақ үлгі болатындары көп емес. Сол шәһидтердің бірі – шәһид Бақери. Мен оның бойынан ұлы тұлғаны көрдім», - деді.

Шәһид Бақери сегіз жылға созылған соғысқа небәрі 28 ай қатысты, бірақ қасиетті қорғаныс мамандары сол кезең туралы айтқан сайын бұл қолбасшыны өте зерделі, стратег, Сақшылар корпусындағы соғыс атасы сияқты атақтармен атап өтеді.

Сегіз жылдық қасиетті қорғаныс қолбасшыларының бірі, шәһид Хасан Бақеридің серігі Сардар Ғұлам Әли Рашид Хасан Бақеридің тұлғалық қасиеттері туралы былай деді: " Оның ойынша, өмір мен дүние-мүлік түкке тұрғысыз болып, қарапайым өмір сүруді ұстазы хазірет Әлиден (ғ.с.) үйренген. Оның үйінде сән-салтанат болған жоқ. Достары оған: "үйіңе қонақ келсе, сәл жайлы болсын деп, тым болмаса кілем жайып сал" деп айтатын. Шәһид Бақери, Құран Кәрімнің «Тәубе» сүресінің 38-ші «...Негізінде дүние тіршілігінің пайдасы ақыретке қарағанда өте аз ғана» деген аятының шынайы мағынасын түсінді. Ол мұны өз өмірінің стандартына айналдырды. Ол Ислам революциясының ұлық жетекшісі Имам Хомейнидің (р.а.) көзқарастары мен бұйрықтарын күресі мен шәһид болуының өлшемі деп санады.

Шәһид Бақери лагерьде отырып, операцияларды жоспарлап, алыстан бақылайтын қолбасшылардың бірі емес еді. Ол көптеген қауіп-қатерге қарамастан ұрыс даласында болды және барлық жауынгерлер мен қолбасшылар үшін жүрек пен рухтың күшеюінін қайнар көзі болды. Оның батылдығы мен табандылығы Құдайдың мәңгілік құдіретіне сенім артып, арқа сүйеуінің арқасында болды. Хасан Бақери күндіз-түні тынымсыз қажыр-қайратымен соғыс даласында бір сәт Алланы еске алуды ұмытпады. Шәһид Бақери намазды алғаш уақытта оқуға мән бергені сонша, егер намаз уақыты орта жолда келсе, түсіп намаз оқимыз деп айтатын. Шахид Багеридің көрнекті ерекшеліктерінің бірі оның Құдайға деген терең сенімі болды. Ол бәрін Құдайға сенуден бастады және оның жауабын шын жүректен алды. Ол Алланың пайғамбары Мұхаммадтың (с..с.) Әһл-Бәйтіне деген ерекше қызығушылық білдірді. Шәһид Багери қолбасшы болған қысқа уақытында қорғаныс тақырыптарына бұрын соңды болмаған әдебиеттерді енгізді. Бұл дамудың салдары алеви және Ашура мәдениетінің шайқас алаңдарында таралуы болды.

Хасан Бақери өзінің тамаша адамгершілік қасиеттеріне ие болғандай, майдан даласында да бірегей тұлға болды. Сардар Бақериді революциялық кеңес мүшелерінің бірі әрі имам Хомейнидің қорғаныс кеңесіндегі өкілі аятолла Хаменеи Сақшылар корпусының сол кездегі қолбасшысы Мохсен Резаиге қосылу үшін таныстырды. Ирак БААС әскері Иранға басып кірер алдында Бақери "Ислам Республикасы" газетінің тілшісі болған. Бұл туралы Мохсен Резаи былай дейді: " Бір күні аятолла Хаменеи маған телефон соғып, өзінің «Ислам республикасы» газетінің жас журналисі екенін, оның талантты адам екенін және барлау жұмыстарын жүргізгісі келетінін айтты. Бір күні аятолла Хаменеи маған телефон соғып, өзінің «Ислам республикасы» газетінің жас журналисі екенін, оның талантты адам екенін және барлау жұмыстарын жүргізгісі келетінін айтты. Саддамның агрессиясынан кейін Хасан Бақери Хузестанның орталығы Ахвазға, Ирак шекарасына іргелес облысқа барды. Адамдар мен шенеуніктер Саддам режимінің агрессиясымен қалай күресуге болатынын білмей абдырап қалды.  Бақери  терең білім мен жаудан мәлімет жинауға ерекше көңіл аударды. Ирак БААС әскері әртүрлі осьтерден ілгерілеп келе жатты және қалай шабуыл жасау керектігі, ілгерілету мөлшері және олардың мақсаттары туралы толық және нақты хабар болмады. Бұл хабарсыздық командирлердің де, шенеуніктердің де, халықтың да абдырап қалуына себеп болды.Хасан Бақери Саддам режимінің басқыншылық әрекеттерімен қалай күресуге болатынын дұрыс түсініп, дереу Хузестанның барлау және операциялық бөлімін құрып, БААС жауын дәл анықтауға кірісті. Ол барлық осьтерге жергілікті күштерден құралған барлау топтарын жіберді. Сардар Хасан Бақери БААС армиясының жауынгерлік ұйымы және олардың мақсаттары туралы терең ақпаратқа негізделген әскери  және операциялық жобаларда өте күшті болды. Ол армия мен Сақшылар корпусы жиналыстарында сөз сөйлегенде барлығын таң қалдырды. Жолдастары оны ең пікіршіл деп білетін. Хасан Бақери түн ортасына дейін ояу болып, операцияның сәтті жоспарын жасады.

Ойлау, жобалау және шайқаста жаңа әдістерді ұсыну және БААС-тың ішкі және жау күштерін талдау қабілеті оның ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Ол жоспарды ұсынса, сол жоспардан бөлек, нысандардағы өзгерістерге сәйкес басқа да жоспарларды ұсынатын. Сардар Бақери іс жүзінде операцияларды жобалауда ерекше стратег болды. Ирак БААС армиясының бір жылдық шапқыншылығынан кейінгі сәтті операциялар Хасан Бақеридің жоспарларының нәтижесі болды. Саддам режимі басқыншылығынан екі жыл өткен соң, БААС армиясы халықаралық шекаралардың артына ығыстырылды.  Ол ақпарат пен операцияларға үлкен мән берді және кез келген операцияның сәттілігінің ең маңызды бөлігі жау туралы дұрыс ақпаратпен байланысты деп есептеді. Хасан Бақери операциялық барлау бөлімшесінің және Сақшылар корпусының көптеген элементтерінің негізін қалаушы және сәулетшісі болып табылады.

 

Тегтер