Жел 05, 2023 23:33 Asia/Almaty
  • Иран:

"Қури қалле" (Quri Qaleh) үңгірі – Таяу Шығыстағы ең ірі су үңгірі. Оның 64 млн жылдық тарихы бар. Үңгір Керманшах қаласынан 86 км жерде Равансар ауданындағы Раванруд қаласының солтүстігіндегі Паве тас жолы бойында орналасқан. Үңгірдің ұзындығы – 12 км, тереңдігі – 3140 метр. Қазба жұмыстарының нәтижесі бойынша үңгірдің айналасын шамамен 50 мың жылдан 12 жылға дейін тас ғасырының аңшылары мекендеген.

"Қури қалле" үңгірі
Үңгірдің атауы оған жақын орналасқан ауылдың атымен аталған.
64 млн жылдық тарихы бар үңгір 40 жыл бұрын ашылды.
Үңгір әртүрлі залдардан тұрады. Олардың әрқайсысының өзіндік атауы бар.
Үңгірдегі температура -7 градустан +11 градусқа дейін өзгеріп тұрады.
Үңгірдегі ылғалдылық 89 пайызды құрайды. Сондықтан кез келген мезгілде туристер үшін қолайлы болып табылады.
Үңгірдің ең маңызды ерекшелігі – оның ішіндегі 10-12 метрлік 4 сарқырама.
Үңгірден Сасанилер заманында билік еткен Йездигерд III-ке тиесілі заттар табылды.
"Қури қалле" үңгірі Иранның ең көрнекті туристік тартымдылықтарының бірі болып саналады.  
"Қури қалле" үңгірі  

 

Тегтер