Жел 13, 2023 01:13 Asia/Almaty

Аса қамқор әрі ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз! Армысыздар, ардақты ағайын! Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айта отырып, «Нұрлы жол» бағдарламасының 908-бөлімін назарларыңызға ұсынып, Құран Кәрімнің аяттарына жасалған жеңіл тәпсірмен таныстыруды одан ары жалғастырамыз.

"Зухруф" сүресінің 85-аятына құлақ түріңіздер:

«وَتَبَارَکَ الَّذِی لَهُ مُلْکُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَا بَیْنَهُمَا وَعِندَهُ عِلْمُ السَّاعَةِ وَإِلَیْهِ تُرْجَعُونَ»

Аяттың аудармасы:

Ол сондай өте жоғары Алла (Т.), көктер мен жердің әрі екі арасындағы нәрселердің игілігі Оған тән. (Оның меншігінде). Сондай-ақ қиямет мезгілінің мәліметі Оның қасында әрі Оған қайтарыласыңдар. (85)

Өткен бағдарламада Құдайдың ұлылығы туралы сөз қозғадық. Болмыста Одан басқа құлшылыққа лайықты ешкім де, ешнәрсе де жоқ.  

Бұл аятта: "Бүкіл болмыс Оның ықтиярында болғандықтан Оған ғибадат етіп, құлшылық жасау керек. Ол аспан мен жер және олардың арасындағылардың бәрін басқарады. Бұл дүниеде Одан басқа ешкім билік жүргізбейді. Ол барлық нәрселерді және оларды басқаратын заңдарды жасаушы",-делінген.

Бұ дүние ғана емес, қиямет күні де Оның қолында. Қайта тірілу уақытын Ол ғана біледі. Өлгеннен кейін бәріміз Оған қайтып ораламыз. Сендердің істерің Оған байланысты. Сондықтан екі дүниеде де бақытқа бөленгісі келген адам Ол белгілеген жолды жүріп өтіп, Ол риза болатын істерді істеп, Оның қаһарын тудыратын істерден алшақ болуы тиіс.     

Бұл аяттан үйренетініміз:

  1. Ғаламның басы мен аяғы, адамдардың бұл дүниесі мен ақыреті бір Алланың қолында.
  2. Ақырзаман келіп, Қиямет орнайтын уақытты Алладан басқа ешкім білмейді.

 

"Зухруф" сүресінің 86-аятына құлақ түріңіздер:

«وَلَا یَمْلِکُ الَّذِینَ یَدْعُونَ مِن دُونِهِ الشَّفَاعَةَ إِلَّا مَن شَهِدَ بِالْحَقِّ وَهُمْ یَعْلَمُونَ»

Аяттың аудармасы:

Олардың Алладан өзге құлшылық қылғандары шапағат ету күшіне ие емес. Бірақ ақиқатты біліп, куә болғандар басқа. (86)

Аллаға серік қосудың себептерінің бірі мынау: кейбіреулер заттар немесе адамдар осы дүние мен ақыретте Құдай алдында олардың арашашысы бола алады, оларды Алланың рақымына бөлей алады деп ойлайды. Сол себепті әлгі заттар мен адамдардан көмек сұрайды.

Бұл аятта былай делінген: Құдайдың сотында шапағат бар. Бірақ сендер ойлаған адамдар үшін емес. Олар ешқандай шапағатқа лайықты емес. Тек Алланың рұқсатымен шапағатқа бөленуге болады. Шын мәнінде сөзі мен ісі әрдайым ақиқатқа негізделіп, хақ жолын ұстануға көрнекті үлгі болған адамдарға ғана шапағат беріледі.

Алланың бірлігін қабылдаған адамдар хаққа толық бас иеді және Алла адамзаттың бақыты үшін белгілеген жолды ғана жүріп өтеді. Олар шапағатқа/арашалауға лайықты адамдардың шарттарын біледі. Қандай адамдарға шапағат етуге рұқсат етілетінін біледі. Олар Құдайдың рұқсатымен шапағатқа лайықты адамдарға араша түсіп, оларға Алланың рақымын алады.

Бұл аяттан үйренетініміз:

  1. Құдайға қайтудың жолы болып табылатын тәубе сияқты шапағат та адамдардың Аллаға қайтып оралуының жолы. Бірақ бұл әулиелер арқылы орындалады.
  2. Хақ жолындағы адамдар басқаларға көмек қолын созуы керек. Оларды хақ жолына әкелуге талпынуы тиіс. Нағыз шапағат – осы.

 

"Зухруф" сүресінің 87-аятына құлақ түріңіздер:

«وَلَئِن سَأَلْتَهُم مَّنْ خَلَقَهُمْ لَیَقُولُنَّ اللَّـهُ فَأَنَّى یُؤْفَکُونَ»

Аяттың аудармасы:

Егер олардан: “Кім жаратты?”,- деп сұрасаң, әлбетте: “Алла” дейді. Сонда, қалай бұрылып, барады? (87)

Мүшріктердің Құдайдан басқадан шапағат сұрағаны туралы айтылған аяттың жалғасында оларға бір сұрақ қойылып, былай делінген: Құдайды өздерің мен ғаламды жаратушы санайтын сендер неге Құдайдан басқадан көмек сұрайсыңдар? Оларға неге табынасыңдар? Ал негізі осы ғаламды жаратып, басқарып тұрған күш қана құлшылық етуге лайықты. Сендер қалайша жолдан тайып жүрсіңдер? Неге ешбір маңызы жоқ нәрселер немесе адамдарға құлдық ұрып, Құдайдан басқаға табынып, олардан Алланың алдында араша түсуді сұрайсыңдар?

Бұл аяттан үйренетініміз:

  1. Тіпті мүшріктердің өзі Алланың Жаратушы екенін қабылдайды. Басты қиындық ұлылық пен адам ісін басқаруда. Мүшріктер мұны жансыз заттарға телиді немесе оған басқаларды араластырады.
  2. Алланың бірлігі мен ұлылығынан ауытқу адам болмысынан ауытқу болып табылады.  

 

"Зухруф" сүресінің 88-89-аяттарына құлақ түріңіздер:

«وَقِیلِهِ یَا رَبِّ إِنَّ هَـؤُلَاءِ قَوْمٌ لَّا یُؤْمِنُونَ»، «فَاصْفَحْ عَنْهُمْ وَقُلْ سَلَامٌ  فَسَوْفَ یَعْلَمُونَ»

Аяттардың аудармасы:

Пайғамбардың: “Раббым! Бұлар иман келтірмейтін ел” дейтінін (Алла біледі). (88)

(Мұхаммед Ғ.С.) олармен шығыс, сәлем бер. Олар жедел түсінеді. (89)

 

"Зухруф" сүресінің соңғы аятында таухид – бір Аллаға сену және ширк – Аллаға серік қосу туралы былай делінген: Алла елшісінің күндіз-түні талпынып, мүшріктермен сөйлесіп, жетекшілік етуге тырысқанына қарамастан, олардың кейбіреулері иман келтірмейді, иман келтіргісі де келмейді. Олар хақты түсінсе де, пайғамбардың анық та ақиқат сөздері олардың салқын жүрегіне әсер етпейді, оны қабылдауға дайын емес. Өйткені бұл сөздер олардың материалдық мүдделері мен өткінші ләззаттарымен үйлеспейді.

Сондықтан Алла тағала пайғамбарға: "Оларға дәлелдер келтіріп, ақиқатты жеткізгеннен кейін олардан теріс айнал. Оларды жайына қалдыр. Сен олардың иман келтіргеніне зәру екен деп немесе оларды иман келтіруге мәжбүрлегің келеді деп ойлап қалмасын. Олармен қоштас та, өздері қалаған жолмен кетуіне рұқсат бер",-деген.

Бұған қарамастан, аятта оларға былай деп ескерту жасалады: Құдайдың сендермен ісі жоқ деп ойлап қалмаңдар, жуырда білесіңдер, өз істеріңнің нәтижесін көресіңдер.

 Бұл аяттардан үйренетініміз:

  1. Діни жетекшілер мен насихатшылар барлық адам иман келтіріп, хақты қабылдайды деп ойламауы керек.
  2. Қарсыларға дәлелдердің бәрін айтқаннан кейін жалынбайық та мәжбүрлемейік. Оларды жайына қалдырайық. Өз еріктерімен таңдау жасауға рұқсат берейік.

 

Бүгінгі бағдарлама осымен аяқталды. Баршаңызды бір Аллаға тапсырамыз.

Тегтер