Maм 30, 2016 16:13 Asia/Almaty
  •  Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 7

Батыс қоғамындағы әйелдердің жағдайы Батыстағы адам құқығының бұзылуының айқын үлгісі болып табылады.

 Барлық жылдар бойы халықаралық әйелдер күні Батыс мемлекеттерінің әйелдері көшелерге шығып, ерлермен бірдей құқықтарға ие болуды талап етіп, шерулер өткізді. Бірақ бұл әрекеттер осы кезге дейін нәтижеге жетпеді. Керісінше бұл мемлекеттердің үкіметтері әйелдерге қарсы кемсітушілікті арттырған шешімдер қабылдады. Биыл халықаралық әйелдер күні, яғни 8-ші наурыз өтіп кеткенімен, Батыс қоғамдарындағы әйелдердің кемсітушілік пен зорлық-зомбылықпен кезігіп, құқықтарының тең болмауына куә болып отырмыз. Жалпы айтқанда, бұл қоғамдарда әйелдер жұмысқа орналасу мен жұмыс ақыларын алу кезінде кемсітушіліктермен кезігіп, жұмыс орындарындағы алдаушылық, жыныстық және басқа да қатыгездіктермен бетпе-бет келуде. Әйелдерге қарсы қатыгездік пен жыныстық зорлық-зомбылық қоғамдық бұрмалаушылықтың бір түрі ретінде мәдени және қоғамдық қауіпсіздіктің, қоғамдық тәртіптің бұзылуының маңызды факторларының бірі болып саналады. Осыған орай әртүрлі құқықтық жүйелер әйелдерге қарсы қатыгездік мәселесін бақылауға алып, оның тамырымен құрту үшін арнайы жұмыстар мен әрекеттер жасауда. Әйелдерге қарсы қатыгездік – әлемдік аурудың бір түрі. Оған қарсы шара қолданбаған жағдайда барлық халықтарды шырмайды. Батыс қоғамының әйелдері де бұл қатыгездіктерден тыс қалмады. UGAV ұйымының зерттеулері Ұлыбританияның 18-24 жастағы әйелдерінің 85 пайызының азап-қорлық көретіндігін көрсетті. Сондай-ақ, осы жастағы ұлыбританиялық әйелдердің 45 пайызы жыныстық зорлықтың құрбандары болады. «Әйелдерге қарсы жыныстықты тоқтату қоалициясы» да өз зерттеулерінен кейін «Әртүрлі жастағы ұлыбританиялық әйелдердің 64 пайызы азап-қорлық көріп, олардың 35 пайызы жыныстық тұрғыдан зорлыққа ұшыраған» деген нәтижеге жетті. Осы зерттеулер бойынша, Ұлыбританияның қоғамдық мекендерінде жыныстық тұрғыдан зорлыққа ұшыраған әйелдердің төрттен бірінің бірінші рет бұл қорлықтарын 16 жастарына жетпей бастан өткерген. Бұл әйелдерің кейбіреулері қорлық көрсететін ерлерден қорғанып, қатынайтын жолдарын өзгертуге мәжбүр болған. Зерттеулер кейбір әйелдердің ерлердің саны көп жұмыс орындарында олар тарапынан сөзбен немесе күшпен жыныстық қорлыққа душар болатындықтарын хабарлады. «Әйелдерге қарсы жыныстық зорлықты тоқтату қоалициясының» директоры бұл туралы: «Жыныстық тұрғыдан әйелдерге қорлық көрсету мәселесі бүгінде шегіне жетті» деді. Әйелдерге қатысты көшедегі азап-қорлыққа қарсы Кернел университетінің әлемнің түкпір-түкпіріндегі 16 мың әйелге жасаған зерттеулері көшедегі азап-қорлық туралы дене түршіктірерлік мәліметтерге қол жеткізді. Бұл зерттеу бойынша ұлыбританиялық әйелдердің 90 пайызы 11-17 жас аралығында өздерінің көше қорлықтарының құрбаны болғандарын мәлім етті. Әйелдерге қарсы қатыгездік пен жыныстық қорлықты тіпті мектептерден де байқауға болады. Британиялық қайрымдылық ұйымдарының бірінің зерттеулері бойынша ұлыбританиялық әйелдердің кемінде бестен бірі өз еріктерінен тыс жыныстық қатынасты мектеп кезінде бастан өткерген. Жартысынан көбінің өмірінде мұндай зорлық-зомбылық қайталанған. «Балалар құқығы» халықаралық қайымдырылық ұйымының британиялық бөлімі «Plan UK» ұйымы Ұлыбританияда 2 мыңнан астам әйелге зерттеу жасап: «Бұл әйелдердің 22 пайызы мектепте оқып жүрген кезде өз еріктерінен тыс жыныстық қорлық көрген. Бұл зерттеулердің нәтижелері бойынша, жыныстық қорлық көрген адамдардың шамамен 60 пайызы бұл мәселені тиісті органдарға хабарламаған. «Plan UK» ұйымының директоры Люси Рассель: «Мектеп толығымен қауіпсіз мекен болуы керек. Мектепте жыныстық азап-қорлықтар орын алған кезде қыздардың білім алу мүмкіндіктерін пайдалану деңгейі төмендейді. Өйткені бұл мәселе адамның өзіне деген сеніміне әсер етеді. Бұл мәселе сонымен бірге шынайы психикалық мәселелерге да себеп болып, соның салдарынан қыздар мектепті тастап кетуі мүмкін. Бұл мәселе қыздардың білім алуына теріс әсер ете алады»,- деді. Осы зерттеулер бойынша британиялық 18-24 жастағы әрбір үш әйелдің біреуі мектепте мәжбүрлі түрде жыныстық қатынасқа душар болғандарын мәлімдеген. Жасы 65-тен асқан әрбір 10 әйелдің біреуі осындай қорлыққа ұшыраған. Рассельдің айтуы бойынша, мосқал әйелдердің зерттеу жүргізілген әйелдердің қатарында болуы Ұлыбританияда оқушы қыздардың да жыныстық зорлықпен кезігуінің жаңа мәселе емес екенін көрсетті. Ол: «Қыздарға мұндай қатынастармен кезігу туралы ескерту жасалған. Оларға «Сендер бұл мәселеге төзімділік білдірулерің керек, яғни біздің аналарымыз бен әжелеріміздің арасында да мұндай оқиғаға куә болғандары туралы айтпағандары бар. Сондықтан сіздер жарияланбай, жасырын қалатын қатыгездік пен жыныстық зорлықтың көбеюімен бетпе-бет келудесіздер»,- деп айтылған» деді. Мектептерде қыздардың жыныстық зорлықпен кезігуі әлемде 66 миллион қыздың мектепке бармауының негізгі себебі саналады. БҰҰ-ның ЮНЕСЕФ қорының мәліметі бойынша, дүниежүзінің әртүрлі жерінде шамамен 150 миллион қыз жыныстық тұрғыдан зорлыққа ұшыраған. Ұлыбританиялық қоғамтанушы Антони Гидденс батыстық әйелдердің жұмыс орындарында жыныстық қорлыққа ұшырауын әдеттегі құбылыс деп санайды. Оның айтуынша жұмыс істеп, ақша табатын әйелдердің үлкен бөлімі жыныстық қорлықпен көбірек кезігеді. Әйелдердің жыныстық тұрғыдан қорлыққа ұшырау ықтималы үлкен болғандықтан олар өздерін қорғау үшін ерекше ықтият сақтап, осы мәселе туралы туралы алаңдап, қорқып өмір сүреді. Адам құқығы инспекторларының мәліметі бойынша, жұмыскер әйелдердің көбі, әсіресе АҚШ-тағы заңсыз мигранттар әртүрлі қатыгездіктермен, соның ішінде жыныстық қатыгездіктермен бетпе-бет келеді. Бұл әйелдердің көбі жұмысынан немесе тұрғылықты мекенге тіркелуден айырылудан қорқып, өздеріне қарсы жасалған қылмыстар туралы полицияға хабарламайды. Калифорния штаты мигрант әйелдер мен қыздарды жұмысқа алатын ең негізгі орталық болғандықтан, қатыгездіктердің көбі осы аймақта іске асырылады. Жұмысшы әйелдердің жағдайын зерттеу олардың барлығының бір рет болса да, жұмыс берушілерінің жыныстық шабуылы мен азап-қорлықтармен кезіккенін көрсетеді. Әйелдердің көбі зауыттар мен ауылшаруашылық жерлерінде еңбек етеді. 3 миллионнан астам әйел АҚШ-та ауылшаруашылық жерлерінде жұмыс жасайды, олардың 63 мыңға жуығын заңсыз мигранттар құрайды. Мигрант әйелдерге жасаған шабуылдар мен басқа қылмыстарды еш уақытта олар заңды органдарға хабарламайды. Өйткені бұл адамдар кедейшіліктеріне байланысты қаржы мен жұмыс орындарына мұқтаж болып, солардан айырылып қалмас үшін әртүрлі қатыгездіктерге төзуге мәжбүр. Үкімет өкілдерінің көбі бұл дене түршіктірерлік мәселеден хабардар болып, ақша немесе алтын алып, өз басшыларына хабар бермейді. Соның салдарынан бұл мәселе өнеркәсіп пен өнім шығаратын салаларда жылдар бойы жалғасуда. Осы салада жасалған зерттеулер америкалық жұмысшы әйелдердің 80 пайыздан астамының сан рет басшылары мен жұмыс берушілері тарапынан жыныстық шабуылдарымен кезіккендерін көрсетеді. Мигранттарға қатысты заңдардың бұзылуы мен басшылардың зауыттар мен ауылшаруашылық жерлеріне бақылау жүргізбеуі мұндай жағдайдың негізгі себебі саналады. Әйелдерге қарсы қатыгездіктер – әлемнің кез келген аймағының мәдени, діни және ұлттық салаларына тамыр жайған құбылыс. Бұл шиеленісті әрі маңызды мәселені шешу үшін халықаралық ынтымақтастық қажет. 1979-шы жылы БҰҰ-нда әйелдерге қарсы кемсітушіліктің әр түрін, соның ішінде қатыгездікті жоюға қатысты конвенцияға қол қойылды. Батыс мемлекеттері бұл конвенцияға қосылғандарымен осы кезге дейін бұл елдерде, әсіресе АҚШ-та әйелдерге қарсы қатыгез шабуылдар туралы естуге болады. Әйелдер қажетті қолдауға ие болғанға дейін әлем әйелдерінің көбі үшін қатыгездік бір мәселе болып қала береді. Сондықтан әр мемлекеттен көбірек әйелдердің құқықтары мен азаттығы туралы уәж айтатын Батыс басшылары қоғамдық бұзақылықтар мен жыныстық қатыгездіктердің артуына байланысты ойланып, олардың таралуының алдын алу үшін шара ойластырып, іске асыруы қажет.

Тегтер