Maм 30, 2016 16:20 Asia/Almaty
  •  Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 8

Әлем халқының саны артып, әртүрлі өнеркәсіптер дамып, ішуге жарамды судың ластануы дүниежүзінің ең маңызды проблемасына айналды.

 Ішуге жарамды суды қамтамасыз ету жақын келешекте әлемдіктердің ең негізгі дағдарысы болады. Зерттеулердің нәтижесі қазіргі кезде жер асты сулары қорларының халқының саны көп мегаполистерде өнеркәсіптік қалдық сулармен араласуы, кәріз жүйелеріне қажетті құдықтардың қазылуы, химиялық тазартқыштарды есепсіз пайдалану, жан-жануарлардың тыңайтқыштардың жерге тигізетін әсерлерінен көптеген қиындықтармен кездесіп отырғанын көрсетті. Өзендер, құдықтар, көлдер, тіпті қар мен мұздың еруінен пайда болған сулар көптеген өнеркәсіптік қалдықтармен ластанады, яғни адамның өзі осылайша ауыз судың ластануына себеп болуда. Дүниежүзілік денсаулық ұйымы лас суды әрбір он науқас адамның біреуінің өліміне себеп болып, әлемдегі өлім-жітім санының 6 пайызын құрайды деп санайды. Іш сүзек лас суды ішкеннен пайда болатын ең қатерлі аурулардың бірі болып табылады. Бұл ауруға шалдыққан адамның ми, жүйке жүйесі мен көзі зардап шегеді. Су дағдарысы кез келген соғыстан көбірек адамдардың жанын қияды. Егер қазіргі жағдай жалғасатын болса, алдағы 9 жылдың ішінде 500 миллион адам гигиеналық мүмкіндіктерден айрылады. 2025-ші жылға дейін әлем халқының 800 миллионы гигиеналық тұрғыдан жарамсыз су ішетін болады. Ауыз судың дағдарысы тек кедей және дамымаған елдердің проблемасы болып көрінгенімен, АҚШ сынды дамыған мемлекеттер де осы мәселемен бетпе-бет келуде. АҚШ-тағы ішуге жарамды суға қатысты жасалған көптеген зерттеулер бойынша АҚШ-тың кейбір штаттарындағы ауыз судың құрамынан дәрі-дәрмекті, соның ішінде антибиотик, тыныштандартын дәрілердің жерасты суларына қосылғанын байқауға болады. Саулнамалардың бірінің нәтижесі бойынша, АҚШ халқының 50 пайыздан азы ғана бұл елдің ауыз суының ішуге жарамды, таза екендігіне сенімді. 2016-шы жылдың 6-шы наурыз күнгі «Associated Press»-тің өткізген сауалнамасының нәтижесі АҚШ халқының тек 47 пайызының ғана су құбырынан ағып жатқан судың таза екендігіне сенім артатындығн көрсетті. Олардың 33 пайызының ауыз судың таза болуына аз сенетіндіктерін, ал 18 пайызының мүлдем сенбейтіндіктерін көрсетті. Сондай-ақ, табыстары аз жанұялардың мүшелері де ауыз судың тазалығына күмән білдірді. Бұл сауалнамаға қатысқан тегі америкалық-африкалық азаматтардың 40 пайызы, латын америкалықтардың 28 пайызы және ақ нәсілділердің 54 пайызы АҚШ-тағы ауыз суының тазалығына қатысты аса сенімді болмады. Флинт қаласының тұрғындары ішуге жарамды су дағдарысын елеске теңеп, мұндай жағдайды 2014-ші жылдағы басшылардың қаржыны үнемдеу саясатының нәтижесі деп санайды. Флинт қаласының дағдарысы қазан айынан кейін басылады деп жарияланды. Зерттеулердің нәтижесі бұл қаланың балаларының денесінде қорғасынның мөлшерінің көп екенін көрсетті. Мичиган штатының губернаторы Эрик Снайдер Флинт қаласында төтенше жағдай жариялап, аймақтағы ауыз судың жағдайын апатты деп атады. Мичиган штатындағы Флинт қаласының су дағдарысын дәлелдеуде маңызды рөл атқарған Вирджиния университеттің су мәселесінің маманы Марк Эдвард: «Флинт қаласындағы су дағдарысы, нақты айтқанда ауыз судың құрамынан қорғасын мен адамға зиян келтіретін бактерияның табылуы қоғамның әлсіз табына көбірек зардап тигізеді»,- деді. Америкалықтардың жартысынан көбі Мичиган штатындағы Флинттегі судың лас болуын бұл елде кең таралған мәселені көрсетеді деп санайды. Вирджиния тұрғыны 28 жастағы Элизабет Джейн: «Елдің барлық су және кәріз жүйелерінің ішінде тек Флинт қаласының жүйелері ғана лас болуы мүмкін емес»,- деді. Нью-Йорктің тұрғыны 46 жастағы Джозеф Джонсон тек бөтелкемен сатылатын ауыз суды пайдаланатыны туралы айтып: «Мен ауыз судың 100 пайыз таза еместігіне бұрыннан күмәнім болған. Флинттің жағдайы бұл оқиғаның көбірек тұрғыларын әшкере етті» деді. 100 мың адам халқы бар Флинт қаласы шығындарын үнемдеу үшін жаңа құбыр желісі салынғанша шамамен 18 ай бойы ауыз суды Флинт өзені арқылы қамтамасыз етті. Бірақ осы кезге дейін қаланың ескі құбырларынан лас су ағып жатыр.Басшылар осы күнге дейін бұл мәселені шешетін жол таба алмады. Медицина-гигиеналық құқықтардың бірі таза, ішуге жарамды суға ие болу болып табылады. Яғни, адамдар жеке және үй қажеттіліктеріне жұмсайтын таза суға, физикалық және экономикалық тұрғыдан еш кемсітушіліксіз таза суға қатысты мәліметтерге ие болуы қажет. Таза ауыз судың адамгершілік, өмір сүру және салауаттылық үшін экономикалық, қоғамдық және мәдени құқықтардың 11 тармағының 1-ші және 12-ші баптарына сай жеткілікті болғаны жөн. Сондай-ақ, қоғамдық даму конференциясы жарлығының алтыншы тармағы бойынша үкіметтер гигиеналық қызметтерді ұлттық, жыныстық, жасқа қатысты айырмашылықтарға қарамай, кемсітушіліксіз ұсынулары керек. Сонымен бірге үкіметтер қоғамдық теңдік пен әділет негіздері бойынша «гигиена баршаға» деген ұлттық стратегияға жетуге міндетті. Осыған орай бастапқы гигиеналық қызметтер жарлығы бойынша, ешбір кемсітушіліксіз гигеналық қызметтер көрсетілуі керек. БҰҰ Бас ассамблеясының таза ауыз суға ие болу және кәріз жүйелерін таз ұстауға қатысты 2010-шы жылдың тамыз айындағы 292/64 қарарына сай бұл мәселе адамдардың негізгі құқықтарының бірі саналады. Бұл қарар бойынша, таза ауыз суға ие болу мен кәріз жүйелерін таз ұстау өмір сүруге қатысты адамзаттың құқықтарының бірі болып табылады. Бұл қарар таза ауыз суға ие болу мен кәріз жүйелерін таза ұстаудың маңыздылығын адамзат құқығының негіздерінің бірі ретінде ресми қабылдап, сондай-ақ, барлық үкіметтердің адамзат құқығын қолдап, тереңдету жауапкершілігін қуаттайды. Таза ауыз суға ие болу мен кәріз жүйелерін таза ұстау адамзаттың құқықтарының бірі және адамзаттың өміріне қажетті мәселе болғандықтан, барлық үкіметтер мен халықаралық ұйымдардан, әсіресе дамуышы елдерде халықаралық ынтымақтастық пен көмек арқылы, қаржы көздері мен технологияларды дамытуға, сонымен бірге таза ауыз су мен кәріз жүйелерін таза ұстауға жағдай жасауды талап етеді. Су құқығы әр адамға тиесілі. Яғни, әр адам жеткілікті, таза және қол жетерлік, сонымен бірге адамның жеке басы мен жанұясының пайдалануына тиімді су мөлшеріне ие болуы керек. Ауыз судың жеткілікті болуы су тапшылығынан келетін өлімнің алдын алады. Суға қатысты науқастардың қатерінің төмендеуі үшін адамның жеке басы мен жанұясының гигиеналық қажеттіліктері үшін қажетті су мөлшерімен қамтамасыз ету керек. АҚШ үкіметі халықаралық деңгейдегі міндеттемелеріне сай мәселені жылдам шешуге шара қолдануы тиіс. Өйткені лас суды пайдалану АҚШ азаматтарының денсаулығын орны толмас қатермен бетпе-бет келтіреді.

Тегтер