Maм 30, 2016 16:22 Asia/Almaty
  •  Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 9

Осы күндері әлемнің ақпарат құралдарының хабарларының басты тақырыптары еуропалық мемлекеттердегі мигранттардың сергелдең күй кешуіне, басқа жақтан Батыс басшыларының мигранттарға қатысты адамгершілікке жатпайтын ұстанымдары мен шараларына арналған.

 Сириядағы азамат соғысы мен Таяу Шығыс және Африка аймақтарындағы кейбір елдердегі тынышсыздықтар мигранттар санының күннен күнге артуына себеп болды. БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі жоғары комиссариатының мәліметі бойынша, Екінші дүниежүзілік соғыстан осы кезге дейін мигранттардың саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен. БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі жоғары комиссариатының мәліметіне сәйкес, 2015-ші жылы бір миллионнан астам мигрант Еуропаға кірген. Жерорта теңізі арқылы Еуропаға жетуге талпыныс жасап отырған мигранттардың толқыны басында Италия мен Грекияны аялдайтын бірінші елдер ретінде таңдады. Алайда бұл мигранттардың Италия мен Грекиямен бірге Еуропаның бай елдеріне ағылуы бірте-бірте бұл мемлекеттердің дағдарысқа тірелуіне соқтырды. Адам құқығы саласындағы мигранттардың мәселесі маңызды әрі болжауға келетін мәселе болғандықтан, оған Адам құқығы жарлығының негіздеріндегі тармақтардың бірі арналған болатын. 1948-ші жылы бекітілген адам құқығы жарлығының 14-ші тармағының 1-ші бабында: «Азап-қорлық, қудалау және зорлық-зомбылықпен кезіккен әр адамның басқа мемлекеттерден пана сұрау құқығы бар»,- деп жазылған. Адам құқығының жарлығы бекітіліп, жарияланғаннан кейін оның босқындар туралы 14-ші тармағының маңыздылығына байланысты 1951-ші жылдың 28-ші шілдесінде Женевада босқындардың жағдайына қатысты конвенция бекітілді. Бұл құжатта босқындардың жағдайына тереңірек назар аударылды. Сонымен бірге аталмыш конвенцияға қол қойған мемлекеттер осы құжат бойынша оны орындауға міндетті. Бірақ құжатты орындауға кезек келген кезде адам құқығы туралы уәж айтатын үкіметтердің бұл конвенцияны дұрыс орындап, адам құқығы жарлығына сай әрекет еткені туралы хабарлар кездепейді. Ұлыбритания немесе Франция дүниежүзі мигранттарының, әсіресе сириялық және Таяу Шығыстың соғыстың зардабына душар болған басқа елдерінің босқындары бет алған елдер болып табылады. Өмір сүру жағдайы ауырлаған мемлекеттердің тұрғындары Ұлыбританияға ағылды. Бірақ халықаралық келісімдерді орындау және адам құқығын сақтау шығын келтіретін болса, еуропалық үкіметтер оларды іске асыру міндеттерін ұмытады. Кале порты – бұл уәждерді растайтын нақты мысал. Францияның солтүстігіндегі Кале порты – босқындарды Ла-Манш арқылы Ұлыбританияға жеткізетін мекен. Босқындардың көбі Ұлыбританияға өту үшін Францияның Кале портында торға түсіп, ауыр жағдаймен бетпе-бет келуде. Бұл босқындар жабайы қосындар деп танымал болған жерлерде өмір сүруде және күн сайын олардың саны артуда. Бұл қосындарда көбінесе Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймақтары және Ауғанстанның азаматтары өмір сүріп, Кале порты арқылы Ұлыбританияға жетуге үміттенуде. Бұл адамдардың кейбіреулері порттан заңсыз түрде өтуге әрекеттенгендерімен көбінде полиция оларды ұстап, қосындарға қайтарады. Франция мен Ұлыбритания үкіметтерінің қатаңдығы мен шекара полициясының мигранттардың Ла-Манштан өтуіне тыйым салуы Кале портындағы олардың санының көбеюіне себеп болды. Францияның Кале портында орналасқан жабайы қосындар 100 мигранттың тұруы үшін салынған. Бірақ осы кезде бұл жерді 6 мыңнан астам адам мекен етіп отыр. Мигранттар Франция мен Ұлыбританияның шекарасында сергелдең күй кешіп, мүмкіндіктердің тапшылығы салдарынан құрбан болуда. Бұл адамдар біраз уақыттан бері Кале портында панасыз күй кешіп, олардың балалары гигиеналық жағдайлары болмай, дұрыс тамақтанбаудың салдарынан науқастанып, көбі қаза болуда. Іш ауруы және қышыма сынды аурулар бұл қосындарда кеңінен таралған. Босқындардың ішетін ауыз сулары да лас. Кезеңдік жаңбырлар да олардың өмірлерін қиындатып отыр, өйткені олардың көбі осы кезге дейін шатырларда өмір сүруде. Каледе күн кешіп жүрген мигранттардың айтуынша, кейбір уақытта олардың арасында қақтығыстар орын алады. Қауіпсіздік пен гигиеналық жағдай өте төмен деңгейде. Мигранттар бұл мекендерде өздері клеенка мен ағаштан жасап алған шатырларда өмір сүреді. Сондықтан жаңбырдың жаууы олардың өмірлерін қиындатады. Мигранттардың бірі сол қосындарда өмір сүретін адамдардың жағдайы туралы: «Біз соғыстан қашып, осы қосындарға келдік. Бірақ бұл жердің жағдайы өте нашар. Біз күніне бір рет қана тамақтанамыз. Тамақтың сапасы пен өмір сүретін мекеніміздің жағдайы өте төмен. Балалардың жағдайы тіпті нашар. Олардың көбі аштық пен ауруларға душар болып отыр»,- деді. Қатігездік, сонымен бірге мигранттар мен Франция полициясының Каледегі қақтығыстары – бұл порттың келесі дағдарыстарының бірі. Ұлыбританиялық «Индепендент» газеті соңғы кезде жаңа мәліметтерге ие болды. Сол мәліметтерге сәйкес, Каледе өмір сүріп жатқан мигранттардың төрттен үш бөлімі полицияның қатігездігімен бетпе-бет келуде. Бұл ақпаратты ақпан айында 20 зерттеуші жинады. Зерттеулердің нәтижелері бойынша, Каледегі мигранттардың 75,9 пайызы полицияның қатыгездігін бастан өткерген. Бұл қатыгездіктер ұрып-соғу, сөзбен қорлау, жыныстық шабуыл және көзді жасаурататын газ пайдалану арқылы жасалды. Мигранттардың шамамен 55 пайызы өздерін қауіпсіз сезінбейтіндіктері туралы айтқан. Мигранттардың 67,6 пайызы жылы киім мен шатырларын жылытатын құралдардан кенде. Олардың шамамен 77 пайызының денсаулығы дұрыс емес. Франция полициясы көзді жасаурататын газ, пластикалық оқтар және судың қысымымен бұл мигранттарды жабайы қосындардан шығаруға күш салған. Францияның Кале портындағы мигранттардың орталығындағы балалар аштық пен кедейшілікте күндерін өткізіп, көбісі жетім қалған балалар мен жастар қосындардың лас және жағдайдың нашарлығына байланысты түрлі аурулармен бетпе-бет келуде. БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі жоғары комиссариаттың баспасөз хатшысы Уильям Спайндлер осыдан бұрын: «Балалар, әсіресе қастарында үлкен адам жоқ балалардың нашар жағдайы қатты алаңдатушылық тудырып отыр»,- деп балаларды қолдайтын және олардың қажеттіліктеріне жауап беретін басқа панажайлардың санын көбейтуді талап еткен болатын. Аурулар мен өкінішті жағдай тек босқын балалардың ғана мәселесі емес. Францияның Кале портындағы қираған жабайы қосынның мигранттарына көмек көрсетушілер бұл жердегі балалардың қауіпсіздігіне алаңдаумен бірге балаларға қарсы жыныстық шабуылдардың жасалуына және бұл балалардың Еуропада жыныстық қылмыстар үшін пайдалануына қатыстыескерту жасады. Еуропол деп аталатын Еуроодақ полициясының жоғары лауазымды қайраткерлерінің бірі қаңтар айында шамамен 10 мың мигрант баланың Еуропада із-түссіз жоғалып кеткендігі туралы хабарлады. Ұлыбританияның қайырымдылық ұйымдарының бірінің мәліметі бойынша, Каледегі жабайы қосындағы панажайдың бір бөлімі қираған соң 129 мигрант бала із-түссіз жоғалып кеткен. «Мигранттарға көмек» деп аталатын қайырымдылық ұйымы осы мәліметті жариялап: «Франция үкіметі ата-анасыз қалған жетім балаларға қауіпсіз панажай жасап бере алмады»,- деген өкініш білдірді. Осы ұйымның мәліметі бойынша, босқындарды мекендеген жерлерінен шығарған кезде панасыз балалар туралы ешқандай шара қарастырылмаған және Франция басшылары олардың қажеттіліктері туралы еш ойламаған. Оларды қорғау үшін ешбір ұйым да құрылмаған. Ешбір қосында балалар ресми түрде тіркелмейді. Осы үкіметтік емес ұйым мен адам құқығының көптеген белсенділері Франция үкіметінің мигранттарға қатысты ұстанымдарын қабылдауға болмайтын ұстаным деп атап, осы кезге дейін Кале қосынында өмір сүріп жатқан 294 жетім балаға қолдауды арттыруды талап етті. Миграция дағдарысы соңғы жылдардағы еуропалық құндылықтарды сынайтын ең шынайы сынақ болған болар. Бірақ, кейбіреулер бұл мигранттардың елдеріне кіруін еуропалық құндылықтарға қарсы қоқан-лоққы санар, бірақ құрғақшылық, қатыгездік және тынышсыздықтармен бетпе-бет келіп отырған мыңдаған адамның тағдырына бейқамдық таныту олардың құндылықтарына сай ма? Осы дағдарысқа қарсы біртұтас саясат жүргізе алмау да Еуроодақтың құндылықтарына сай келмейді. Осы кезде Еуроодақ екі сынақпен кезігіп отыр: бірінші сынақ – Еуропаға жету үшін өліммен аяқталуы ықтимал сапарға шыққан мигранттарға адамгершілік білдіру, екіншіден Таяу Шығыс пен Африка аймақтарынан мыңдаған адамдардың үй-жайлары мен туған жерлерін қалдырып, еуропалық құндылықтар мекеніне ағылуына себеп болып отырған кедейшілік, қатыгездік және соғыс пен қақтығыстармен қарсыласуы болып табылады. 

Тегтер