Maм 30, 2016 16:27 Asia/Almaty
  •  Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 10

Франциядағы еңбек заңына өзгерістер енгізу жобасы бұл күндері елдің кеңістігінде тынышсыздықтар тудырып, Франция үкіметі еңбек заңына өзгерістер енгізіп, жұмысшылардың кейбір құқықтарын қықартып, керісінше жұмыс берушілердің ықтиярларын арттырды.

Бұл күндері Францияның қалалары елдің халқы мен полициясы арасындағы қақтығыстардың куәсі болуда. Мыңдаған студенттер мен жұмысшылар ұйымдары Францияның жер-жерінде еңбек заңына өзгерістер енгізу жобасына наразылық білдіріп, көшелерге шықты. Бұл жобаны үкіметтің жаңа Еңбек министрі Мириам эль-Хомри ұсынды. Еңбек заңына өзгеріс енгізу жобасы бүгін Мириам эль-Хомридің есімімен белгілі. Ол өткен жылдың қыркүйегінде жұмыссыздық деңгейін төмендету уәдесімен Франсуа Мануэль Вальстің үкіметіне Еңбек министрі болып кірді. Франция халқы Францияның социалист үкіметінің парламентке тапсырған еңбек заңына өзгеріс енгізу жобасына наразылық білдіріп, көшелерге шығып, үкіметтен бұл жобаны қайтарып алуды талап етті. Бірақ ең үлкен наразылық шеруі 31-ші наурызда өтті. Полицияның мәліметі бойынша, 390 мың адам Францияның көшелеріне шыққан. Ал шеруді ұйымдастырушылар шеруге қатысқандардың санын 1 200 000 адам деп жариялады. Франция басшылары бұл жоба елдің жұмысшылар нарығын жақсартады деп үміттенуде. Бірақ бұл елдің жұмысшыларының көбі іске асырылған реформалар олардың қоғамдық қолдауларына зардап келтіреді деп санайды. Екінші Дүниежүзілік соғыстан осы кезге дейін Францияның еңбек заңының ең толық реформасы саналатын бұл жоба жұмыс берушілердің жұмысшыларды әділетсіз түрде жұмыстан босату мүмкіндіктерін көбейтіп, әсіресе түнгі уақытта жұмыс істейтіндердің алып отырған артық ақшаларын қысқартады. Жоба сондай-ақ компанияларға апталық жұмыс сағаттарын өзгертуге жол ашады. Аталмыш құжат бойынша адамды жұмысқа алу және жұмыстан шығару заңдары жеңілдетілген. Бұл мәселе көптеген жұмысшылар мен кәсіподақтарының наразылықтарымен бетпе-бет келуде. Шеруге шыққандардың негізгі талабы – үкіметтің ұсынған өзгерістерін алып тастау. Наразылар еңбек заңына енгізілетін өзгерістер олардың жағдайларын нашарлатады деп санайды. Париждегі жас наразылардың бірі: «Мен қазір мектептің соңғы сыныптарының оқушысымын. Бірнеше жылдан кейін жұмыс нарығына кіремін. Сондықтан осы кезден өзгерістер туралы ойлауымыз керек, өйткені біз ертеңгі ұрпақпыз»,- деді. Францияның әртүрлі жерлеріндегі шерулер өткен бірнеше күнде наразылар мен полиция күштері арасындағы қақтығыстармен кезікті. Полиция наразыларды тарқату үшін көз жасаурататын газ пайдаланды. Мәселен, Бретань орталығы Ренн қаласының орталығына жақын жерде шамамен 4 мың адам жиналған соң, бүлікке қарсы полиция наразылық білдіріп, оларға зат лақтырған жастарға қарсы көз жасаурататын газ қолданды. Сонымен бірге Париж ақпарат отырысында еңбек заңына өзгеріс енгізу жобасына қарсыластардың арасынан тынышсыздықтар тудыруды көздеген экстремист ниетті 300-400 жас белсендідерді анықтағандары және олардың беттерінің жабық болғаны туралы айтты. Осы мәлімет бойынша полиция оларға қарсы бөтелке лақтырған ондаған наразыға көзді жасаурататын газ пайдаланып, оларды Республика алаңында тарқатқан. Наразылықтардың негізгі орталығы саналатын Ренн мен Нант қалаларындағы шеру жастар мен полиция арасындағы қақтығыстарға айналды. Нанттағы шеру ұрып-соғу және қоғамдық мүлікті қиратумен аяқталды. Жұмыс істеу адамға абырой беретін және оған өзі мен жанұясының күнделікті қажеттіліктерін қамтамасыз етуге көмектесетін өмірлік қажеттіліктердің бірі. Жұмыс істеу адамға абыроймен өмір сүруге себеп болатын кіріс көзі саналады. Халықаралық еңбек ұйымы орынды еңбек туралы: «Еңбек – жақсы өмір сүрудің ең маңызды қажеттілігі. Ол кіріс әкелуімен бірге адам мен оның жанұясының және қоғамның экономикалық, қоғамдық жағдайын жақсартады»,- деп қуаттайды. Орынды жұмыс адамдарды дамуға жеткізеді. Сондықтан еңбек ету құқығы мен жұмысшылардың құқықтарын қолдау халықаралық деңгейдегі ең маңызды дағдарыстардың бірі саналады. Жұмыс құқығы – адам құқығы әлемдік жарлығы мен жұмысшылар мен жұмыс берушілердің арасындағы қарым-қатынастар туралы басқа да халықаралық құжаттардың жинағы. Үкіметтер бұл қарым-қатынасты реттеп сақтауда маңызды рөл атқарады. Осы салада Халықаралық еңбек ұйымы еңбекке қатысты халықаралық стандарттарды реттеу міндетіне ие. Халықаралық еңбек ұйымы жұмысшыларға қатысты заңдар мен әділетті сақтауға міндетті. Жұмысшының тыныштығы –қоғамның бейбітшілігі мен дамуының негізгі себебі. Ұйым орынды жұмыс орындарын ашып, экономикалық жағдайды және жұмыс ортасын жақсарту үшін жұмысшылар мен жұмыс берушілерге көмектесіп, тұрақты бейбітшілік орнатуға маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге үкіметтер халықаралық стандарттарға сай әрекет етіп, жұмысшылардың құқықтарын қорғауды басты мәселе деп көрсетуге міндетті. Жұмысшылар – зардап шегетін тап. Олар өмірлеріне қажетті кіріске ие болу үшін жұмыс берушілердің қысымына түсуі мүмкін. Сондықтан үкімет оларды қолдау үшін заңды шараларды қарастыруға міндетті. Заң шығарушылар үкіметті жұмысшылардың құқықтарын қолдаумен бірге жұмыс берушілер жұмысшыларға әділетсіздік жасамайтындай заңдар бекітуге міндеттейді. Франциядағы еңбек заңына өзгерістер енгізу жобасы бұл күндері елдің кеңістігінде тынышсыздықтар тудырып, Франция үкіметі еңбек заңына өзгерістер енгізіп, жұмысшылардың кейбір құқықтарын қықартып, керісінше жұмыс берушілердің ықтиярларын арттырды. Дәл осы мәселе жұмысшылардың және кәсіподақтардың көбісінің ашу-ызасын тудырды. Үкімет жұмыссыздық мәселесін шешіп, бұл салада инвестиция салуға уәде бергенімен, жұмысшылардың құқықтары қысқартуға шешім қабылдауы жұмысшыларды қолдау саласындағы халықаралық стандарттар бойынша ақтайтын мәселе емес. Назар аударатын келесі мәселе полицияның наразыларға қарсы қатыгездіктері болып табылады. Франция полициясы мен ішкі күштері қатыгездік және көз жасаурататын газ пайдаланып, наразыларды басуды мақсат етуде. Алайда өз азаматтарына қарсы қатыгездік көрсету бұл елдің азаматтық құқықтарына жатады ма? Қалай болғанда да, әсіресе Батыс үкіметтерінің саясаттарына бағынбайтын елдерде полиция күштерінің осындай әрекеттері жиі бой көрсетуде. Алайда мұндай салыстыру полицияның ел азаматтарына қарсы қатыгездік көрсетуіне рұқсат бермейді. Сондай-ақ, қаупісіздік күштерінің заңды жиындарда қатыгездік көрсетуі де адамгершілік және адам құқығы критерийлеріне сай келмейді. Басқа жақтан, наразыларға да наразылықтарын сылтауратып, қауіпсіздік пен бейбітшілікті бұзуға немесе бүлік ұйымдастырып, қоғамдық мүлікті қиратуға рұқсат берілмеген. Ондай болса, ақылға сай жол қандай? Мұндай жағдайда ел қайраткерлерінің наразыларды тыныштандырып, демократиялық жүйеге сай жолдарды қолдайтын бағдарламалар жасауы қажет болып табылады. Қоғамдық ыза өршімей тұрғанда басшылар мен кәсіподақтар өкілдерінің арасында келіссөздер өткізуді бастаған жөн. 

Тегтер