• Иран мәдениеті және сәулет өнері (41)

    Иран мәдениеті және сәулет өнері (41)

    Сәу 13, 2016 17:55

    Ұлы архитектуралық ескерткіштер оны салушылардың күш-қабілеті мен шеберлігін көрсетеді. Тас дайындау (қажетті тас сынықтарын өндіру), құрылысты жобалау, жұмыс күшін ұйымдастыру, безендіруге арналған қымбат материалдармен қамтамасыз ету – осының барлығы үлкен ғимараттарды салуға қажетті жұмыстар болып табылады.

  • Иран мәдениеті және сәулет өнері (40)

    Иран мәдениеті және сәулет өнері (40)

    Сәу 13, 2016 17:52

    Ғасырлар бойы әлемнің әртүрлі жерлерінде салынған билеушілердің сарайлары мен үйлері өнер және әлеуметтану саласындағы зерттеулерде ерекше орынға ие болып келеді. Мұнымен қоса, бұл ғимараттарды салуда қолданылған өнер түрлерін зерттеу өткен дәуірлердің өнерін тануға және билік пен саясаттың өнерге ықпалын анықтауға мүмкіндік береді.

  • Иран мәдениеті және сәулет өнері (39)

    Иран мәдениеті және сәулет өнері (39)

    Сәу 13, 2016 17:49

    Бұрынғы замандарда Иранның кең байтақ жерінде, әсіресе шөлді аймақтары, биік таулары мен нулы ормандарында жол бойына салынған белгілерсіз сапар шегу өте қиын болған. Сондықтан да ирандықтар жолаушылар мен керуендерге бағыт-бағдар беру үшін негізгі өткелдердің басына белгілі бір құрылыстар салған. Бұл құрылыстар бүгінде «мұнара, баған» деген атпен танымал. Олар әдетте ежелгі жолдың маңындағы төбе немесе таудың ұшар басына салынып отырған.

  • Иран мәдениеті және сәулет өнері (38)

    Иран мәдениеті және сәулет өнері (38)

    Сәу 13, 2016 17:47

    Керуен сарай – керуендердің орналасуына арналған ғимарат. Ондағы ауланың жобасы қарапайым. Оның кіреберіс есігі әдетте үлкен әрі ешқандай өрнексіз, қарапайым болып келеді. Керуен сарайда дөңестеніп келген бір аркасы бар бір далан бар. Ол кіреберіс есік пен ішкі ауланың арасында орналасқан.

  • Иран мәдениеті және сәулет өнері (37)

    Иран мәдениеті және сәулет өнері (37)

    Сәу 13, 2016 17:46

    Ежелгі замандардан-ақ адамдар өздерінің жолға шыққанда қажет ететін баспанасына ерекше назар аударып отырған. Бүгін де Иранда баяғы замандардан қалған жол бойындағы аялдамалар мен демалып-тынығатын орындардың қалдықтарын көруге болады. Олардың көбісін архитектуралық тәсіл тұрғысынан теңдессіз өнер туындысы деп атауға болады.

  • Иран мәдениеті және сәулет өнері (36)

    Иран мәдениеті және сәулет өнері (36)

    Сәу 13, 2016 17:40

    Адамдар арасындағы байланыс, ауылдар мен қалалар арасындағы барыс-келіс ежелден-ақ адам баласының көңіл аударған маңызды мәселелерінің бірі болған. Сондықтан да олар әртүрлі елдермен байланыстыратын жол, көпір, сондай-ақ жолаушыларға жайлы орындар салуға тырысқан.

  • Иран мәдениеті және сәулет өнері (35)

    Иран мәдениеті және сәулет өнері (35)

    Сәу 13, 2016 16:34

    Мешіт – ислам мәдениеті мен өркениетіндегі ең маңызды құрылыс. Өткен 14 ғасырда мешіттің құрылысына өнер және рухани қабілеттер мен дарындылықтар, сондай-ақ өнеркәсіптік іскерлік қолданылды.

  • Иран мәдениеті және сәулет өнері (34)

    Иран мәдениеті және сәулет өнері (34)

    Сәу 13, 2016 16:18

    Әртүрлі тарихи кезеңдерден қалған тұрғын үйлер, ғибадатханалар, әкімшілік ғимараттар, алаңдар, көпірлерде көрініс тапқан сәулет өнері тамашалаушыларды ата-бабалардың талғамы, ынтасы және дүниетанымымен таныстырады. Діни ғимараттар тарихта болған өнер иелерінің наным-сенімі мен ынта-жігерін көрсетеді.

  • Иран мәдениеті және сәулет өнері (33)

    Иран мәдениеті және сәулет өнері (33)

    Сәу 13, 2016 16:11

    Мешіттердің сыртқы келбетіндегі өзгешеліктер олардың басқа ғимараттардан ерекшеленуіне себеп болды. Баған, арка, күмбез, үшбұрышты үш жақтау сынды элементтер Ислам сәулет өнерін құраса да, бұл өнердің, әсіресе мешіт құрылысындағы ең көрнекті элементі күмбез болып табылатындығы анық.

  • Иран мәдениеті және сәулет өнері (32)

    Иран мәдениеті және сәулет өнері (32)

    Сәу 13, 2016 16:04

    Ислам сәулет өнері тарихындағы көңіл аударуға тұрарлық тақырыптардың бірі – мешіттер мен олардың архитектуралық стилі. Мешіттер мен олардың қызықты құрылысы өз заманының айқын көрінісі болып табылады. Бұл арқылы мұсылман халықтары арасындағы эстетикалық талғамды бағамдауға болады. Мешіттердің құрылысы қоғамдағы діни мәдениеттің әсерімен салынады.