Maм 21, 2019 17:13
Имам Хасан (ғ.с.) үкіметтен шеттеген соң келісімді бұзған халыққа теріс қарамай, оның қасында қалып, адамдарға мейірімін білдірді. Үйінің есігі халықтың алдында ашық болып, адамдар имам Хасанмен (ғ.с.) дастарханның басында бірге отырып, тамақтанатын. Имам Хасанның (ғ.с.) кешірімділігі мен қайырымдылығы халық арасында кеңінен таралып, имам өзінің бұл әдемі қадір-қасиетімен халық арасында танымал болды.