-
Рамазан: жиырмасыншы күнінің дұғасы
Сәу 02, 2024 12:27Уа, Алла! Осы күні менің алдымнан жәннәттың есігін ашып, тозақ отының есігін жаба гөр! Осы күні қасиетті Кітабыңды оқуға көмек бер, уа, мүміндердің жүректеріне тыныштық сыйлаушы!
-
Рамазан: он тоғызыншы күнінің дұғасы
Сәу 02, 2024 12:26Уа, Алла! Бұл күннің берекесінен маған молынан нәсіп етіп, Өзіңнің ризашылығыңа жетер жолымды жеңілдет. Бұл күннің жақсылықтарын қабылдаудан бізді мақұрым етпе, уа, хаққа жол нұсқаушы!
-
"Джоушан Кабир" дұғасы
Нау 30, 2024 14:42Иранда жыл сайын Қадір түндерінде "Джоушан Кабир" дұғасы оқылады.
-
Рамазан: он сегізінші күнінің дұғасы
Нау 28, 2024 14:46Уа, Алла! Осы күні мені таңсәрідегі берекеңнен хабардар етіп, жүрегімді жарқыраған нұрыңмен нұрландырып, дене мүшелерімнің барлығын өз нұрыңның әсеріне бөле, уа әділ жүректерге жарық сыйлаушы!
-
Рамазан: он жетінші күнінің дұғасы
Нау 28, 2024 14:45Уа, Алла! Осы күні маған ізгі ғамалдарға қарай жол нұсқап, арман-тілектерімді орында. Уа, Алла! Сенің дәргаһыңа баруға қатысты мұқтаждығым мен армандарым тәпсірлеу мен сауалды қажет етпейді, уа, әлемдіктердің жүректеріндегіден хабардар данагөй! Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пен оның әулетін жарылқай гөр!
-
Рамазан: он алтыншы күнінің дұғасы
Нау 26, 2024 17:51Уа, Алла! Бұл күні мені ізгілер мен тақуалардың қатарына қосып, күнәһарлармен дос болудан сақта. Өзіңнің мейіріміңмен маған мәңгілік жәннәттан орын бер, уа, әлемнің Пәруәрдігері!
-
Рамазан: он бесінші күнінің дұғасы
Нау 26, 2024 17:48Уа, Алла! Бұл күні маған қарапайым пенделеріңнің мойынсұнуын нәсіп етіп, Өзіңе қарай жүрегімді аша гөр, уа, тақуаларға пана беруші!
-
Рамазан: он төртінші күнінің дұғасы
Нау 25, 2024 12:04Уа, Алла! Бұл күні мені қателіктерім үшін жазғырма. Бұл күні мені қателіктерден сақтап, менің басыма бақытсыздық пен қиыншылық тудырма, уа, мұсылмандарға абырой сыйлаушы!
-
Рамазан: он үшінші күнінің дұғасы
Нау 24, 2024 14:13Уа, Алла! Бұл күні мені ластық пен кесапаттардан тазарт. Маңдайыма жазылғанға шыдамды ет. Бұл күні маған сабырлық пен тақуалық сыйлап, ізгілермен кездесуге жәрдемдес, уа мұқтаждардың жанарларын нұрландырушы!
-
Рамазан: он екінші күнінің дұғасы
Нау 24, 2024 14:09Уа, Алла! Осы күні маған қарапайымдылық пен тақуалық бере гөр және барға қанағат еткіз. Маған әділдік пен адалдық беріп, күнә саналатын әр нәрседен сақтай гөр, уа тақуаларды күнәлардан сақтаушы!