-
Абайдың қырық бесінші сөзі
Қар 05, 2022 20:08Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі – неше мың жылдан бері әркім әртүрлі қылып сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғадаләт, махаббат құдайға лайықты дегендігі.
-
Абайдың қырық төртінші сөзі
Қар 03, 2022 21:03Адам баласының ең жаманы – талапсыз. Талап қылушылар да неше түрлі болады. Һәм талаптың өзі де түрлі-түрлі. Һәм сол талаптардың қайсысының соңына түссе де, бірінен бірі өнерлі, тұрлаулырақ келеді.
-
Абайдың қырық үшінші сөзі
Қыр 11, 2022 19:53Адам ұғылы екі нәрседен: бірі - тән, бірі - жан. Ол екеуінің орталарында болған нәрселердің қайсысы жибили, қайсысы кәсиби - оны білмек керек.
-
Абайдың қырық екінші сөзі
Қыр 11, 2022 19:41Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі – жұмысының жоқтығы.
-
Абайдың қырық бірінші сөзі
Қыр 10, 2022 11:16Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі нәрсе керек.
-
Абайдың қырқыншы сөзі
Қыр 07, 2022 17:29Зинһар, сендерден бір сұрайын деп жүрген ісім бар. Осы, біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісінің жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай?
-
Абайдың отыз тоғызыншы сөзі
Ақп 19, 2022 18:38Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған. Бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың мінді ісін бір-бірлеп тастап келеміз, әлгі екі ғана тәуір ісін біржола жоғалтып алдық.
-
Абайдың отыз сегізінші сөзі
Нау 19, 2021 15:51Ей, жүрегімнің қуаты, перзентлерім! Сіздерге адам ұғылының мінездері туралы біраз сөз жазып ядкар қалдырайын. Ықыласпенен оқып, ұғып алыңыздар, оның үшін махаббатың төлеуі - махаббат. Әуелі адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нәрселерменен. Мұның табылмақтығына себептер - әуелі хауас сәлим һәм тән саулық. Бұлар туысынан болады, қалмыс өзгелерінің бәрі жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
-
Абайдың отыз жетінші сөзі
Там 24, 2020 22:11Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.
-
Абайдың отыз алтыншы сөзі
Шіл 28, 2020 18:20Пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи уәссәлләмнің хадис шарифінде айтыпты: «мән лә хаяһүн уәлә иманун ләһу» деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ деген.