Pars Today
Биылғы Дүниежүзілік Құдс күні өткен жылдардан ерекше. Рамазан айы Палестинаның атымен байланысты.
Неліктен Палестина Ислам үмбетінің басты мәселесі болуы керек?
Дүниежүзілік Құдс күнінің келуі сионистердің әл-Ақса мешітіне жаңа шабуылдарымен қатар жүрді. Сионистердің әл-Ақса мешітіне жасаған жаңа шабуылына басып алынған аумақтар мен әлем мұсылмандарының ішкі реакциялары Құдс азаттығы жолының әлі де маңызды екенін көрсетті.
Бүгін, жұма, 2023 жылдың 14 сәуірі (1402 жылдың 25 фарвардин) 1444 жылғы Рамазан айының 23-і Халықаралық Құдс күнімен сәйкес келеді.
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи 1401 жылы 29 баһманда (2023 ж. 18 ақпанда) Ислам республикасының қайраткерлері және исламдық елдердің елшілерімен соңғы кездесуінде Палестина мәселесін Ислам әлемінің маңызды мәселелердің бірі деп атады, ал Палестинаның қазіргі жағдайын кейбір ислам елдерінің немқұрайлылығы мен үнсіздігінің нәтижесі деп тапты.
Иран Ислам революциясы мен имам Хомейнидің революциялық ой-пікірлерінің әсерімен құрылған Палестина исламдық қарсыласуы сионистердің ілгері қозғалысын әуел бастан тоқтатып, екі интифазамен Палестинада жаңа рух тудырды.
Дүниежүзілік әл-Құдс күнін әлемнің көптеген елдерінде өткізу кейбір палестиналық топтар мен араб үкіметтерінің бітімге келу саясаттарына қарамастан Палестина мен әл-Құдсты азат ету арманының әлі де өміршең екенін көрсетеді.
1979 жылы Ислам революциясымен бір уақытта және имам Хомейни идеяларының ықпалымен Палестинаның алғашқы қарсыласу қозғалысы құрылды.
Ислам революциясының ұлы көсемі, дінбасы және авторитарлық үкіметке қарсы күресте ұлы қозғалыстың жетекшісі имам Хомейни Палестинаның езілген халқына қолдау білдіріп, Рамазан айының соңғы жұмасын Құдс күні деп атады.
Палестина – ислам үмбетінің ең маңызды әрі өзекті мәселесі.