Бірлік аптасы 1: Шиіттер мен сүнниттердің бірлігі мен одағының мағынасы
(last modified Mon, 12 Dec 2016 10:49:02 GMT )
Жел 12, 2016 16:49 Asia/Almaty
  • 
Бірлік аптасы 1: Шиіттер мен сүнниттердің бірлігі мен одағының мағынасы

Мұсылмандар ортақ мәдениет пен ортақ дүниетанымға ие. Олардың барлығы бір Аллаға құлшылық етіп, Алла елшісінің набаватына иман келтірген. Олардың барлығының кітабы – Құран, құбыласы – Қағба. Мұсылмандар бірге қажылық рәсімдеріне қатысып, намаз оқиды, ораза тұтады. Болмашы істерде ғана болмаса, олардың арасынан қайшылық байқалмайды.

Қараңғылық пен надандық кезінде исламның жарқыраған күні көтеріліп, надандықтың қамауына түскен адамдардың жүректеріне үміт нұрын түсіріп, олардың көздерін ашты. Таухид әуені бүкіл әлемге таралып, әртүрлі халықтар мен бір-бірінен бөлініп кеткен тайпаларды илаһи жіп (дінге) жабысу арқылы бірігуге шақырды. Мұның барлығы тауһид хабарын жеткізуші, бірлік елшісі хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) дүниеге келуінің берекесі. Ол өзінің беғсатымен адамзат қоғамына бауырластық ұраны мен келісімін әкелді. Бүгін сол салтанатты әрі еш уақытта ұмытылмайтын күннен 1400 жылдан астам уақыт өткен жағдайда әртүрлі исламдық ағымдар, әсіресе шиіттер мен сүнниттердің пікірлеріндегі қайшылықтарға қарамастан сол күннің жүрекке қонымды әуені мүміндердің жүректері мен ойларын бір-біріне жақындатуда. Пайғамбардың дүниеге келген жылы мен айына қатысты айырмашылық кездеспейді. Олардың келіспеушіліктері тек хазіреттің нақты туған күніне ғана қатысты. Сүнниттер пайғамбардың туған күнін раби аууалдың 12-сі деп білсе, шиіттер 17-ші раби аууал деп санайды. Осыған орай раби ул-аууал айының он екісі мен он жетісінің аралығы «Бірлік аптасы» деп аталды.

Құран Кәрімнің маңызды тағылымдарының бірі – бірлік. Құранда «бірлік» деген термин қолданылмағанымен басқа түрде көрсетілген. «Әл Имран» сүресінің 103-ші аятында: «... Өздеріңе Алланың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені, бір-біріңе дұшпан едіңдер, жүректеріңнің арасын жарастырды, Оның игілігімен туысқа айналдыңдар...»,- деп  айтылған. Шын мәнінде илаһи жол бір жақтан халықты бақыт пен ғылым мен іс-әрекетке шақырып, басқа жақтан іріткі мен дұшпандықтан алыстатады. Араб халқының арасындағы дұшпандық ұлтарлық ырымшылдыққа қатысты әрі ежелден келе жатыр. Алайда Ислам діні адамның жаратылу мақсатын Аллаға жақындауы және олардың дүниелік өмірін бауырластық пен теңдікке шақыру үшін пайдаланды.

Құран мұсылмандардың  бірлігін қуаттап, «Әл-Имран» сүресінің 64-ші аятында оларға басқа діндердің жақтастарымен таухид негізінде бірігуді насихаттаған: «Әй, Кітап иелері! Біздің арамыз бен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаға құлшылық қылайық, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Алладан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық» деп айт». Сондықтан болмашы қайшылықтар мұсылмандардың бірлігі мен ынтымақтастығына кедергі бола алмайды.

Мұсылмандар ортақ мәдениет пен ортақ дүниетанымға ие. Олардың барлығы бір Аллаға құлшылық етіп, Алла елшісінің набаватына иман келтірген. Олардың барлығының кітабы – Құран, құбыласы – Қағба. Мұсылмандар бірге қажылық рәсімдеріне қатысып, намаз оқиды, ораза тұтады. Болмашы істерде ғана болмаса, олардың арасынан қайшылық байқалмайды.

Мұсылмандар арасындағы бірлік   тактикалық бірлік емес әрі саяси мүдделерге сүйенбейді. Бұл бірлік ортақ  мақсатқа  жетуді көздейтін екі саяси топтың да бірлігі емес. Мәселен, егер исламдық қоғамда дінсіз және діни мұсылман екі саяси топ болса, олардың арасында бірлік орнатылмайды. ИИР-ның іргетасын қалаушы имам Хомейни патшалық жүйемен күрескен Иранның коммунистеріне бауырластық қолын созбады және оларды мұсылман халықтың күрескер одақтасы деп санамады. Ислам революциясының жеңісінен бірнеше ай бұрын имам Хомейни: «Сіз марксистермен ынтымақтастық етесіз бе?»- деген сұраққа: «Біздің мақсатымыз олардың мақсатынан өзгеше. Біз Ислам мен таухидке сүйенеміз, олар бұл екеуіне қарсы. Біздің ахкамымыз – Ислам ахкамы, олар Исламды қабылдамайды. Сондықтан олармен ынтымақтастық жасауды қаламаймын, ынтымақтастық жасап отырған жоқпыз, келешекте де ынтымақтастық жасамаймыз»,- деп жауап берді. («Сахифе нур» 4-ші том). Осыған орай ислам республикасы жүйесінің көзқарасындағы бірлік тактикалық және уақытша бірлік емес, бұл бірлік пен тілеулестікті қажет ететін, сонымен бірге діннің шындығын қабылдау саласындағы дарындарды дамытатын терең және тұрақты бірлік. Барлығынан маңыздысы, Құранның бұйрығы бойынша бірлік орнату мұсылмандардың маңызды міндеттерінің бірі. «Әл-Имран» сүресінің 103-ші аятында: «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер»,- деп айтылған.

Әртүрлі ағымдар арасындағы исламдық бірлік діни сенімдерден бас тарту дегенді білдірмейді. Ешбір адам исламдық мазхабтардың арасынан біреуі таңдалып, басқаларға шетте қалады деп күтпейді. Немесе барлық мазхабтардың ортақ  факторлары алынып, айырмашылықтары  шетке шығарылып, ешбір мазхабқа ұқсамайтын жаңа мазхаб пайда болады депте ойламайды. Негізінде шиіттер мен сүнниттердің бірлігі қайшы мәселелерді қойып, ортақ факторларға сүйеніп, бір-бірімен келісіп, ислам әлемі мен халықаралық сахнадағы мәселелерді шешуді қарастырады. Сөйтіп мұсылмандар айырмашылықтары мен қайшылықтарына қарамастан ислам әлеміне қатысты мәселелерде бірігіп, алға ілгерілейді. Мысырдың әл-Азхар университеті ректорының орынбасары әрі исламдық мазхабтар арасындағы келіссөздер комитетінің басшысы шейх Ашур исламдық ағымдар арасындағы бірлік туралы: «Бірлік барлық мазхабтарды біріутіріп, бір мазхабтан кетіріп, басқа мазхабқа бет бұрғызу емес. Мұндай әрекет мазхабтарды бір-біріне жақындату идеясын тығырыққа тірейді. Бірлік ғылыми пікіріталастар, ғылым негізінде ырымшылдықтармен күресу арқылы орнатылады. Сондықтан әр мазхабтың ойшылдары ғылыми пікірталастарға қатысып, өздерінің білімдерімен алмасып, нәтижеге жетуі керек»,- деді.

Шиіттер мен сүнниттер бірлігі

Әртүрлі исламдық мазхабтар арасындағы бірлік әртүрлі тараптардың достық кеңістікте жиналып, пікірталас жүргізіп, ғылыми дәлелдерімен алмасуы үшін жақсы мұрсат. Бірлік шындықты айту немесе оны теріске шығару арқылы пайда көрмейді. Егер солай болатын болса, іріткілерге себеп болуы мүмкін. Аятолла Хаменеи бірлікті қорғау туралы көптеген қуаттауларында: «Біз бірлік мәселесіне шынайы көңіл бөлеміз. Біз мұсылмандардың бірлігін мақсатымыз еттік. Мұсылмандардың бірлігі олардың әртүрлі мазхабтардың наным-сенімдерінен алыстауы деген емес. Мұсылмандардың бірлігі келесі екі тұрғыны қамтамасыз етуді білдіреді: біріншіден, әртүрлі исламдық мазхабтар, соның ішінде шиіттер мен сүнниттер  исламның дұшпандарына қарсы тұру жолында тілеулестік пен бірлік және  ынтымақтастық білдіруі керек; екіншіден, әртүрлі исламдық мазхабтар өздерін бір-біріне жақындатып, түсіністік пен келісімге келіп, фикх мәселелерін салыстырып, сәйкестіруге міндетті. Діни ғұламалардың  пәтуәләрінің көбі жоғары білімді ғұламалар тарапынан пікірталасқа салынса, өзгеруі мүмкін, сөйтіп екі мазхабтың пәтуәләрі  бір-біріне жақындайды. Біз әлем сүнниттерін шиіт болуға немесе шиіттерді наным-сенімдеріңді өзгертіңдер деп шақырмаймыз.  Сүннит немесе шиіт мазхабындағы мұсылман зерттеу арқылы наным-сенімін анықтап, соған сай әрекет етуі керек. Басқасына Алла төрелік етеді. Бірлік аптасында біз мұсылмандарды бірігуге шақырып, бір-біріңмен жауласпаңдар деген жолдауды жеткізгіміз келеді. Барлығымыз Алланың кітабы, Исламның ұлық пайғамбарының сүннеті және исламдық шариғатқа сүйенеміз»,- деді.

Исламның дұшпандары мұсылмандардың бірлігі мен біртұтастығынан қорқады. Сондықтан олар «іріткі сал да биле» деген принципті қолдануда. Оларға қарсы мазхабтардың ортақ наным-сенімдері мен Ислам дінінің шындығына сүйенуіміз қажет. Сондықтан қайшылықтарды  сындарлы бәсеке жолында пайдаланып, қайшылықтарымызды құлдырап құлауға себеп болатын тәкфіршілік, мейірімсіздік пен махаббатсыздыққа айналдырмағанымыз жөн.

Бірлік инфографикасы

 

Тегтер