Мосул – ДАИШ тарапынан адамның қадір-қасиеті жойылған жер (1)
Бүгінде ДАИШ лаңкестерінің ислам елдеріндегі, әсіресе Ирак пен Сириядағы қылмыстары барлық адамның жүрегін ауыртып отыр. Бұл қылмыстар айуандық тұрғысынан бұрын-соңды болмаған. Соңғы жүз жылдық тарихта онымен салыстырар үлгі жоқ деп айтуға болады. 4 бөлімді бағдарламада осы лаңкестік топтың Мосулдағы кейбір қылмыстарына тоқталамыз. Бірінші бөлімде ДАИШ-тың Мосулдағы мәдени, тарихи және табиғи жерлерді бұзғаны жайлы сөз қозғаймыз.
Қазіргі таңда ДАИШ лаңкестерінің ислам елдері, әсіресе Ирак пен Сириядағы қылмыстары әрбір адамның жүрегін ауыртып отыр. Бұл қылмыстар айуандық тұрғысынан бұрын-соңды болмаған. Соңғы жүз жылдық тарихта онымен салыстырар үлгі жоқ деп айтуға болады.
ДАИШ лаңкестері бұл қылмыстарды Ирактың солтүстік-батысындағы Нейнава облысының орталығы Мосул қаласының мәдени, тарихи, әлеуметтік және қоршаған орта салаларына қатысты жасады. Мосул Тигр өзенінің батыс жағында орналасқан. Тарихшылар Мосулды «әл-Файях», яғни жұмақ, «әл-Хадира», яғни жасыл деп атаса, кейбір деректерде «Солтүстіктің інжуі» деген атпен танымал болған. Х.қ.ж.с.б. 10 ғасырда өмір сүрген мұсылман географ әл-Мұқаддас: «Мосул – аймақтың метрополисі. Мосул – әдемі ғимараттары, жанға жайлы ауа райы және таза суы бар салтанатты қала»,-деп жазған. Алайда Мосулдың қазіргі жағдайы әл-Мұқаддас сипаттаған қаладан әлдеқайда өзгеше. ДАИШ лаңкестері ваххабизм тәлімдерінен ислам жайлы теріс түсінікке ие болып, Мосулды қиратты. Бұл қала қазір «Солтүстіктің інжуі» мен адамзат жұмағы емес, адамдықты құрбандыққа шалып, жерлеген жерге айналды.
ДАИШ лаңкестері қатігез де таңданыс тудыратын бір әрекетінде Мосулдың көне мәдени және діни ескерткіштерін нысанаға алды. Мосулда маңызды көне ескерткіштер, кейбір пайғамбарлардың кесенелері, ұлы тұлғалардың мазарлары мен мәдени орындар бар еді. ДАИШ лаңкестері осы ескерткіштерді қиратып, жоюда ешбір күдік-күмәнға жол бермеді, өйткені олардың бұрмаланған ойларынша, бұл ескерткіштер Аллаға серік қосудың символы саналады, сондықтан оларды жою қажет. ДАИШ лаңкестері Мосулдың археологиялық және мәдени ескерткіштерін жою үшін зілбалға, бұрғы, бульдозер сияқты құралдар, бомбалардың түр-түрі және темір мен сұр түсті жарылғыш заттармен толтырылған бөшкелерді пайдаланған.
تخریب موزه شهر موصل توسط داعش
تخریب شهر تاریخی نمرود توسط داعش
Мосулдағы мешіттер қаланың болмыс-бітімін анықтайтын діни орындардың бірі саналады. Олардың кейбіреулері б.з.д. 8 ғасырда салынған. Алайда ДАИШ лаңкестері өздерінің алғашқы әрекетінде осы мешіттерді қиратып, бульдозермен тегістеді. Нейнава облысының сүнниттік вакф басқармасының директоры Абубакр Кенан 2016 жылдың желтоқсан айының аяғында ДАИШ лаңкестік тобының Мосул қаласындағы 37-ден астам мешіт пен оның айналасын толығымен жойғанын хабарлады. Осы ғимараттардың кейбіреулері көне тарихи ескерткіштердің қатарына жататын. Абубакр Кенанның айтуынша, ДАИШ лаңкестік тобы осы тарихи мешіттерді қиратудың себебін бұл ғимараттардың зират немесе кесенелер орналасқан жерлерде салынғандығында деген уәж айтады.
Мұнымен қоса, ДАИШ лаңкестері Мосул қаласындағы Алланың төрт пайғамбары Юнес, Шейіс, Джорджис және Даниалдың қабірлеріне де рақымшылық етпей, оларды да қиратты. Тіпті Джорджис пайғамбардың қабіріне бомба қойып, жарып жіберді. Юнес пайғамбар қабірінің ғимараты х.қ.ж.с.б. 138 жылы, яғни 1300 жыл бұрын салынған еді.
ДАИШ лаңкестері Мосулдағы ғылыми-мәдени ескерткіштерді де аямай, қаланың үлкен тарихи кітапханасына шабуыл жасап, оның құлыптарын бұзып, 2 мыңға жуық том кітапты ұрлап, ғылым мен мәдениет саласындағы жүздеген том кітапты студенттердің алдында өртеп жіберді. ДАИШ лаңкестері Мосул мұражайындағы археологиялық ескерткіштерді де зілбалғамен сындырып, алтын мен күміс тиындар сияқты жеңіл заттарды ұрлап әкетті. ДАИШ лаңкестері тіпті Мосулдың айналасындағы тас мүсіндерге де рақымшылық жасамай, оларды қиратты. «Reuters» ақпарат агенттігі ашурилер мен вавилон өркениеттері дәуірлеріне тиесілі осы тарихи ескерткіштерді «баға жетпес» деп сипаттап, оларды қиратуды адамзат мұрасына орны толмас зиян келтіру деп атады.
ДАИШ лаңкестері бульдозер және жарылғыш заттарды пайдаланып, Ирактың көне қазыналарының бірі ашурилер дәуірінен қалған Намруд тарихи қаласының мүсіндерін, дуалдары мен қамалын іс жүзінде жермен-жексен етіп, өздерінің бұл істегі мақсатын пұттарды қирату деп атады. БҰҰ-на қарасты Білім, ғылым және мәдениет ұйымы ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокова Намруд қаласындағы көне ескерткіштерді қиратуды соғыс қылмысы деп атап, аймақтағы саяси және діни жетекшілерден осы жаңа айуандық пен мәдени ескерткіштерді қасақана қиратудың алдын алуды сұрады. ДАИШ лаңкестері Ашканилер дәуірінен қалған жалғыз ескерткіш Хатра көне қаласы мен ЮНЕСКО-да тіркелген басқа тарихи орындарды да қиратты. ДАИШ күштері бульдозермен Мосулдың оңтүстігіндегі 2300 жылдық Хезр қирандыларын да талқандады. БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун бұл істі «соғыс қылмысы» деп атады. ДАИШ лаңкестік тобы Мосул қаласындағы «Набу» тарихи ғибадатханасын да жарылғыш заттар мен бульдозерді пайдаланып қиратты (http://presstv.ir/DetailFa/2016/06/08/469478/Iraq-Nineveh-Mosul-Daesh-ISIS-Nabu-Temple). Ол б.з.д. шамамен 1000 жылдан астам уақыт бұрын билік құрған вавилондық дәуірге тиесілі еді. Вавилондықтардың сенімінше, «Набу» даналық пен жазудың құдайы болған. Осы құдайдың атымен Иракта ашурилер мен вавилондықтардың дәуірлерінде бірнеше ғибадатхана салынған.
نابودی شهر هترا توسط داعش
تخریب معبد نابو توسط داعش
معبد نابو
ДАИШ лаңкестерінің Мосул қаласындағы көне, діни және ұлттық ескерткіштерге қарсы жасаған қылмыстарын ортағасырлық жабайылықтың көрінісі деп атауға болады. Бұл ДАИШ-тың Мосулдың діни және тарихи болмысына қарсы қылмыстарының тек бір бөлігі ғана. Бұған қатысты суреттер мен фильмдер талай рет әртүрлі ақпарат құралдарында жарияланды. Соған қарамастан, мына жайтты ескеру қажет: ДАИШ лаңкестері Мосулдың көне ескерткіштерінің көбін антикалық заттармен айналысатын саудагерлерге сатып, табыс тапты. Шын мәнінде, көне антикалық заттарды сату ДАИШ лаңкестерінің Мосулда табыс табуының ең басты көзі болып саналады. ДАИШ лаңкестерінің осы қаланың тарихи және діни болмысына қарсы жасаған әрекеттері адамзат баласының ортақ мұрасына қарсы қылмыс болып табылады.