Иран Ислам революциясы – теңдессіз революция (3)
https://parstoday.ir/kz/radio/uncategorised-i24145-Иран_Ислам_революциясы_теңдессіз_революция_(3)
Бұл бағдарламада имам Хомейнидің (р.) жақын екі досы – аятолла Хашеми Рафсанджани мен Марзия Хадидчи Даббағ ханымның Мұхаммад Реза Пехлевидің озбыр жүйесінің түрмелері жайындағы естеліктеріне тоқталамыз.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 08, 2017 14:06 Asia/Almaty

Бұл бағдарламада имам Хомейнидің (р.) жақын екі досы – аятолла Хашеми Рафсанджани мен Марзия Хадидчи Даббағ ханымның Мұхаммад Реза Пехлевидің озбыр жүйесінің түрмелері жайындағы естеліктеріне тоқталамыз.

Ислам революциясы – теңдессіз революция

Иран Ислам революциясы жеңісінің 38 жылдығы келіп жетті. Бұл революция әлі де аймақ пен әлемнің саяси қарым-қатынасында көңіл аударуға тұрарлық әсерлі құбылыс болып отыр. Иран Ислам революциясы тарихи жетекші имам Хомейнидің (р) арқасында жеңіске жетті.  20 ғасырдың осы ұлы оқиғасы  бір жағынан әлемдегі екі полюстік жүйені бұзды, ал екінші жағынан  алпауыт елдердің қолдауына сүйенген және соларға тәуелді болған ең мықты режимдердің бірін түбірімен жойды. Стратегиялық және экономикалық маңыздылыққа ие Иран сияқты елде ұлы саяси және халықтық өзгеріс орын алды. Ислам революциясы әлем мұсылмандары арасында, әсіресе ислам елдері арасында қалыптастырған терең хабардарлықпен  түбегейлі саяси өзгерістер, көзқарастар, ағымдар мен айтулы саяси қозғалыстарға жағдай жасады. Бұл революция тағы да исламды әлемде шешуші рөлге ие құдірет ретінде көрсетті. Ислам революциясынан туындаған идеологиялық болмыс, жетекшінің билігі мен өзгерістердің тереңдігі саяси ғылым мамандарының көбінің революцияның теориясы жайлы көзқарастарын өзгертулеріне себеп болды. Иран Ислам революциясы жеңісінің жылдығы осы революциясының қалай жеңіске жеткенін қайта баяндау үшін берілген мұрсат болып табылады. Бұл революцияның Иран мен әлемге тигізген терең әсеріне байланысты әлі де әсіресе жас ұрпаққа айтары көп.

Бұл революцияның жетекшілігі жоғары мәртебелі діни тұлға имам Хомейнидің (р) қолында болды. Ислам революциясының жеңісімен аяқталған исламдық қозғалыста имам Хомейнидің (р) жанында адал серіктері болған. Олар революцияның жеңіске жетіп, ИИР жүйесінің бекуінде әсерлі рөл атқарған. Бұл серіктердің барлығы  Иранның шах кезіндегі озбыр жүйесінде күрес барысында қудаланған, түрмеге қамалған немесе жер аударылған.   Әрбір қала мен ауылдағы халықтың барлық топтары мен әртүрлі кәсіп иелерінің әріптестік жасауының себептерінің бірі – олардың шах режимінен жиіркенуі, өйткені бұл режим азаттықты талап етушілерді басып-жаншуда сансыз қылмыстар жасап, тынысты тарылтатын кеңістік орнатты. Имам Хомейнидің (р) серіктерінің түрмеде өз заманындағы ең жиіркенішті ұйымдардың бірі САВАК-тан көрген азаптаулары туралы естеліктерді қайта оқығанда сол тымырсық кеңістіктің бір бөлігін сезуге болады. Өткен бағдарламада Ислам революциясының жетекшісі әрі имам Хомейнидің (р) ізбасары аятолла Хаменеи мен ИИР-ның екінші Президенті шәһид Мұхаммадәли Раджаидың естеліктерінің бір бөлігін баяндадық.

ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің (р) жақын серіктерінің бірі күреске толы өмірінің бір бөлігін түрмеде өткізген аятолла Хашеми Рафсанджани болды.

Аятолла Хашеми Рафсанджани

Ол өзінің естеліктерінде тергеудің алғашқы түні жайлы былай дейді: «Дүре соғу мен азаптау балағаттау мен тіл тигізумен қатар жүрді. Біраз соққан соң, біреуі «Ұрмаңдар, енді айтар» дейді. Кей кезде өзім тоқтаттыратынмын. Содан қайта басталатын. Айыздары қанбаса, қайта ұратын. Кейде мені қабырғаға жабыстырып қойып, пышақты тамағыма кезеп, «Бауыздаймыз» дейтін. Тамағымның асты жараланып қалған еді. Бір рет қорлау үшін мені тыр жалаңаш қып шешіндірді. Таңғы 04:00-ке дейін осындай жағдайда болдым. Дүреден денемнің мылжа-мылжасы шығып, сүйектердің бір бөлігі сынған еді. Тергеуден  бірнеше күн өткен соң көзімді жауып, басқа киім кигізіп, әскери ауруханаға апарды». «Кейһан» газетінің басшысы Хосейн Шариятмадари аятолла Хашеми Рафсанджанимен бірге түрмеде болғаны жайында көңіл аударуға тұрарлық естелік айтты. Ол: «Бір рет тергеу бөлмесінде тергеушілер азаптамасын деп есімнен танғансып  жаттым. Сол кезде бөлмеге аятолла Хашеми Рафсанджаниді алып келгенін көрдім. Ол кісіні бұрын жиналыстарда көретінмін, сондықтан танимын. Атақты азаптаушы Азғанди «ферендж» құралын (мойынға айнала қойылып, бұрандасын бұрағанда қысылып, адамның тыныс жолын тарылтатын құрал) Хашеми мырзаның мойнына қойып, оны бұрады. Мен көзімнің астымен бақылап тұрған едім. Азғандидің құралды қысқаны соншалықты, Хашеми мырза тұншығуға аз қалды. Осы азаптаумен қатар Азғанди балағаттауын тоқтатпа: «Сен неге Хомейни үшін жарнама жасайсың?»-деді.  Азғанди тұншықтыратын құралын одан ары қыса түсіп, Хашемиге: «Енді былай істеме»,-деп, сәлден соң мойнындағыны босатты. Мойнындағы құралы босаған сәтте Хашеми мырза: «Осындай істерді тағы да қайталаймын»,-деді.

Аятолла Хашеми Рафсанджани (сол жақта) мен Шариятмадари (оң жақта) САВАК-тың түрмесінде

Шах режимі үшін өзіне қарсы адамның еркек, әйел немесе жеткіншек болуында айырмашылық болмады. Олар режимге қарсы болған кез-келген адамды ең ауыр тәсілмен азаптап отырған. Азапталған күрескер әйелдердің бірі – Марзия Хадидчи Даббағ. Марзия Даббағ 1988 жылы аятолла Джавади Амолимен бірге имам Хомейнидің (р.) тарихи хатын  Кеңес одағының басшысы Михаил Горбачевке жеткізу үшін делегацияны бастап, Мәскеуге сапармен барған күрескер әйел болып табылады.

Марзия Даббағ

Ол САВАК тарапынан қамауға алынып, азапталғаны туралы былай дейді: «Азаптаулар шапалақпен ұру, тіл тигізу және біртіндеп дүре соғып, таяқпен ұрып, балағаттаумен қатар жүрді. Бірнеше рет аяқ-қолымды байлап, басыма темір не мыс бас киім кигізіп, әртүрлі вольттағы электр тоғын денеме жіберіп, бойымды қатты дірілдетті.  Дүре соғу мен таяқпен ұру күнделікті істері болатын. Оны кейде қарапайым тәсілмен, кейде кәсіби түрде орындайтын. Кей жағдайларда табаныма соққан дүреден есімнен танып қалатынмын. Бетіме су бүркіп, есіме келтіріп алып, табаным ісіп кетпеу үшін жүруге мәжбүрлейтін. Осы істің әсерінен бойыма тарайтын дертке шыдау мүмкін емес еді». Марзия Даббағ САВАК-тың азаптаулары туралы ащы естеліктер айтып: «Бір кезде мені төсектің үстіне жатқызып, аяқ-қолымды байлады. Азаптаушы бөлмеге кірген кезде қолында тұтанған темекісі бар еді. Оны менің қолыма басып сөндіріп,  менің айқайыма қарамай: «Мәссаған, темекім сөніп қалды»,-деп миығынан күлді. Содан соң тағы бір темекіні тұтатты. Оны денемнің сезімтал жеріне басып өшірді. Бүкіл денем тітіркеніп, әрбір жасушам сыздады»,-деді.  

САВАК-тың тергеушілері күрескерлердің қарсыласу рухын мұқалтып, табандылығын жою үшін әртүрлі тәсілдерді пайдаланған. Осындай тәсілдердің бірі тұтқынға алынған немесе қудалауда жүрген күрескерлердің балалары мен жақын туыстарын қамауға алып, азаптау болды. Марзия Даббағ ханым осы тәсілмен ауыр жан азабына салынды. САВАК тергеушілері оның 14 жасар қызын қамауға алып, қатты азаптаған. Осылайша оның анасынан революцияшыл күрескерлер туралы мәлімет алуды көздеген.

Марзия Хадидчи Даббағ (сол жақта) және оның қызы  Резване Мырза Даббағ (оң жақта) САВАК-тың азаптау орталығында

Имам Хомейнидің (р.) серіктерінің көбі САВАК-тың азаптаулары барысында шәһид болды. Солардың ішінде ең көрнекті тұлғалар екі күрескер дінбасы – аятолла Ғаффари мен аятолла Саиди де бар. Мұндай естеліктер өте көп. Қысқа бағдарлама аясында олардың барлығына тоқталуға мұрсат жоқ.  Біз бүгінгі бағдарламада Мұхаммад Реза Пехлеви мен оның әкесінің диктаторлық режимі заманындағы саяси тұтқындардың мыңдаған беттік естеліктерінің тек бірнеше парағына тоқталып өттік. Сөзіміздің соңында Моссад пен ОББ тыңшылық ұйымдарында тәлім алған САВАК қызметкерлерінің бірнеше азаптау тәсіліне тоқталамыз. САВАК-тың азаптау тәсілдерінің бірі – түрменің ауласындағы шарбақ пен қабырғаға байлау. Тұтқынның аяқ-қолын жіппен не шынжырмен темір шарбаққа байлайтын.  Тұтқын ұзақ уақыт бойы осындай жағдайда тұратын. Соның салдарынан аяқ-қолы ұйып, іші түйіліп, зәрін тежей алмай, аяғы шаншып, шаршайтын.  

САВАК-тың кейбір азаптау тәсілдері «Ғибрат» мұражайында инсталляция жасалған

Дененің сезімтал тұстарына дүре соғу тұтқындарды азаптаудың тағы бір тәсілі болды. Шешіндіріп, төсекке байлап, сабау күнделікті азаптардың бірі еді. Адамдарды жалаңаштап, матрацы жоқ темір төсектің үстіне жатқызып, аяқтарын байлап, оның басынан аяғына дейін дүре соққан. Кейде айыптының дауысын шығармау үшін оның аузына шүберек салып қоятын болған. Бұл іс тұтқынның психикалық тұрғыдан қорлануымен қоса, көп азап шектіретін. Азаптаушылар өздерінің пәстігін шарықтау шегіне жеткізу үшін айыптыларды шешіндіріп, олардың денесіне  ағаш, темір немесе басқа заттарды сұғатын болған. Айыптыны күйдіру кең таралған азаптардың бірі болды. Сым темір немесе электр сымын қыздырып, айыптының бүкіл денесіне батыратын. Тағы бір кең таралған азаптаудың түрі тырнақтың астына ине пісу болған. САВАК-тың азаптау тәсілдері әралуан. Олар жайлы келесі бағдарламада баяндайтын боламыз.