«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы: Еуропа мен АҚШ-тың көзқарасы бойынша
Иран мен құрамына АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай және Германия кіретін «алтылық» тобы бірнеше айға созылған қарқынды келіссөздерден кейін 2015-ші жылдың маусым айында ядролық мәселеге қатысты келісімге келіп, бұл келісім 2016-шы жылдың қаңтар айынан бастап іске асырылды.
Иран мен «алтылық» тобының ядролық келісмі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарары бекітілген соң халықаралық келісімге айналды. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы деп аталған ядролық келісім Иранның кейбір ядролық бағдарламаларына шектеу қойып, оның орнына Иранға қарсы санкциялардың күшін жоюды қарастырды. АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың үкіметі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын дұрыс орындамаса, АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың үкіметі де аталмыш келісімді ең жаман келісім деп атады. Еуропалықтар мен Иранның көзқарасы бойынша, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы іске асырылуы керек, ал америкалықтар оған күмәнмен қарайды. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бері Атом Қуаты Халықаралық агенттігі (АҚХА) ИИР-ның бұл келісімдегі өз міндеттемелеріне табанды болғанын сан рет растады. Бұл ұстаным АҚХА-нің соңғы есебінде қайталанды. АҚХА-нің Бас хатшысы Юкия Амононың 2017-ші жылдағы бірінші есебі Иранның барлық ядролық жұмыстарының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы негізінде екенін қайтадан растады. АҚХА ақпанның 29-ында өз есебінде: «Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды болып, 2017-ші жылдың ақпан айының 18-не дейін 3,67 пайызға байытылған уранның мөлшері 101,7 килограмға жетті. Бұл мөлшер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына сай Иранға ие болуға рұқсат етілген байытылған уранның үштен бір бөлігі болды. Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Мюнхендегі Қауіпсіздік конференциясына қатысқан елдердің басшылары және өкілдерімен кездесуінде: «ИИР «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы барлық міндеттемелеріне табанды»,- деп мәлімдеді. Зариф бұл кездесуде Еуроодақ және еуропалық мемлекеттерден Ираннан үркіту және аймақ пен әлем деңгейінде бұл ел туралы жалған мәліметтер таратып, күмән тудыруға қарсы тұруды сұрады.
Халықаралық ұйымдар мен мемлекет басшылары Мюнхендегі Иран Сыртқы істер министрімен жеке кездесулерінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының маңыздылығы мен оны қолдайтындықтарын сонымен бірге Иранның өз міндеттемелеріне толығымен тұрақты болып, келісімнің аймақ пен әлемнің тұрақтылығына әсер ететінін және барлық жақтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындап, Иранмен екіжақты қарым-қатынастарын кеңейтуі қажеттігін қуаттады. Иран әрқашан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын орындайтынын және егер, бұл келісім бұзылатын болса, ядролық жұмыстарын келісімге дейінгі кезеңге қайтаратынын қуаттады. Бұл негізгі мәселені ИИР-ның басшылары сан рет әртүрлі кездесулер мен сөздерінде баяндады. Осы салада Зариф «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бұзылған жағдайда ИИР-ның өзінің ядролық бағдарламасына оралатынын қуаттады. Иран Сыртқы істер министрі 2017-ші жылдың ақпан айында АҚШ-тың NBC арнасына берген сұхбатында: «Бұл келісімнің барлық факторлары мен жолдаулары келісім бұзылған жағдайда екі жақты қорғауды қарастырған»,- деді. Зариф бұл сұхбатында Иранның зымыранын сынақтан өткізу уақытының Дональд Трамптың жұмысының басталуымен қатысты болуын теріске шығарып: «Иран өз зымырандарын техникалық тұрғыдан қажет уақытта сынақтан өткізеді»,- деп қуаттады. Иран Сыртқы істер министрі Теһранның қорғаныс құралдарын шығаруды жалғастыруын қуаттап: «Иранның әрекеттері еш уақытта адамдар мен елдердің арасында іріткі салмайды»,- деді. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының іске асырылуына кедергі жасап отырған АҚШ-қа керісінше еуропалықтар аталмыш келісімді толық іске асыруды қуаттайды. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы іске асырылғаннан кейін Еуропадан Теһранға сапармен келген әртүрлі делегациялар барлық жақтардың келісімді орындау қажеттілігіне тоқталды. АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты сол елге сенім артуға болмайтынын көрсетті. Бүгінде еуропалық мемлекеттер үшін АҚШ-тың тек өз мүддесі туралы ғана ойлайтыны және өзінің мүдделеріне жетуі үшін ДАИШ сынды лаңкестік топты да пайдалануға дайын екендігі айқын болды. АҚШ қолдайтын лаңкестер, тіпті Еуропаның өзін нысанға алып отыр. Осы салада Иран Сыртқы істер министрінің Құқықтық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары Аббас Арақчи ақпан айының 23-і күні Мешхед қаласында сөйлеген сөзінде: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына дейін әлем Иранға қарсы АҚШ-пен бірге болды. Бірақ бұл халықаралық келісімнен кейін дүниежүзінің барлық мемлекеті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдап, АҚШ-қа қарсы шықты»,- деді. Арқчидің айтуынша ИИР сыртқы саясат тұрғысынан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін оң өзгерістерге бет бұрды. АҚШ Президенті Дональд Трамп «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын Вашингтон үшін ең абыройсыз келісім деп атады. Арақчи Иранның ядролық бағдарламасының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына дейін халықаралық салада тыйым салынған бағдарлама болғанына тоқталып: «Бұл келісімнен кейін Иранның рөлі мен әсері соншалықты өзгеріп, Қауіпсіздік кеңесі Иранды аймақ қауіпсіздігінің кепілдігі деп атады»,- деп мәлімдеді. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы Ислам республикасының құдыреті мен Иран халқының қарсыласуы аясында нәтижеге жетіп, дүниенің алпауыт мемлекеттерін келіссөздер үстеліне жинады. ИИР-ның құдыретінің негізі – халық. Сондықтан халық тұрғанда ИИР-ның құдыреті де болады. Дәл осы құдырет әлемнің алты алпауытының Иранмен келіссөздер жүргізіп, Иранның ядролық бағдарламасы ресми танылып, бұл тақырып «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ең маңызды жетістігі болды. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін еуропалықтар Иранның ықпалға ие құдыретті ел екенін түсінді. Осыған орай әртүрлі еуропалық басшылар, соның ішінде Еуроодақтың сыртқы саясатының басшысы Федерика Могерини Батыстың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды болуын қуаттауымен бірге Иранды аймақтың, нақты айтқанда Сирияның дағдарыстарын шешетін маңызды ел деп атады. Федерика Могерини Дональд Трамптың сайлануынан кейінгі Еуроодақ сыртқы істер министрлерінің Еуроодақ пен АҚШ қарым-қатынастарын қарастырған отырыстың соңында «Еуроодақ Иран мен «алтылық» тобының ядролық келісімінің іске асырылуына алаңдайды ма?» сұраққа: «Анық әрі нақты айтатын болсам, бұл екіжақты келісім емес. Бұл – БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі растаған бірнеше жақты келісім. Сондықтан бұл біздің және БҰҰ-ның мүддесіне сай келісім»,- деп жауап берді. Федерика Могерини 2017-ші жылдың ақпан айында АҚШ Вице-президенті Майкл Питспен кездесуінде Иранның ядролық келісімі мен оны іске асыру туралы сұхбаттасты. Иран Сыртқы істер министрінің Еуропа және АҚШ істері жөніндегі орынбасары Маджид Тахтраванчи 2017-ші жылдың ақпан айында Пресс ТВ-ге берген сұхбатында "Ауыр су шығаратын мемлекет санаулы, бірақ Иран ауыр суды өндіреді әрі экспорттайды. Бұл – «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының техникалық саладағы жетістіктерінің бірі. Дональд Трамптың қарсылығына қарамастан еуропалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын толық іске асырғылары келеді. Олар бұл ниеттерін келіссөздер кезінде көрсетті" деді. АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты көзқарасы Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің «АҚШ-қа еш уақытта сенуге болмайды» деген сөздерін дәлелдеді. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын іске асыру басталысымен АҚШ келісімді бұзып, халықаралық жүйеде уәдесінде тұрмайтын мемлекет екенін көрсетті. Барак Обама үкіметі АҚШ-тың ішкі қайшылықтары және Израиль премьер-министрі Бениямин Нетаньяхудың қарсылығына қарамастан қабылдағанымен, оны іске асыру жолында келісімге қарсылардың көңілдерінен шығатын шаралар жасады. АҚШ-тың Иранға қарсы 10 жылдық санкциялар заңының уақытын созуы АҚШ таранынан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзу болды. АҚШ-тың бұл әрекеті Ресей мен «алтылық» тобына мүше басқа елдердің реакцияларына тап болды. Дональд Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты қатаң ұстанымдары бұл күндері өзгерді. Трамп Нетаньяхудың жетегіне түсіп, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жыртып тастау туралы сөйлеген кезде Иранның кесімді жауабын естіді. Ислам революциясының жетекшісі ирандық әскерилердің алдында: «Егер АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жыртып тастаса, Иран оны өртеп жібереді»,- деді. Трамп пен оның командасы президенттік сайлау науқанында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатаң ұстаным білдірді, бірақ бүгінде әлемдік қоғамның оларды қолдамайтынын көріп, ұстанымдарынан алыстады. Дональд Трамп үкіметі Обама үкіметі сынды "Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты біржақты әрекеттерін жалғастыруда. Иранның кейбір азаматтарына қарсы жаңа санкциялар – АҚШ-тың "Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзуының соңғы әрекеті. Трамптың ұстанымдарына назар аударып, "Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзатын әрекеттер жалғасады деп болжауға болады.