1395 жылдағы әлемдік мұнай нарығындағы өзгерістер
(last modified Wed, 05 Apr 2017 06:33:41 GMT )
Сәу 05, 2017 12:33 Asia/Almaty
  • 1395 жылдағы әлемдік мұнай нарығындағы өзгерістер

Х.ж.с.б. 1395 жыл экономикалық әлем мен оның ең маңызды өмірлік құрамдас бөлігі, яғни мұнай өнідірісі үшін өте құбылмалы жыл болды. Мұнай бағасының бұрын-соңды болмаған деңгейде төмендеуі соңғы үш жылда өмірлік маңызды өнімді экспорттаушы елдер үшін жағымсыз жағдай болып, әлемдік деңгейдегі теріс экономикалық салдарға соқтырды. Бірақ Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) х.ш.с.б. 1395 жылы тарихи шешім қабылдады.

Әлемдік мұнай ұсынысының 40 пайызын қолында ұстап отырған Мұнай экспорттаушы елдер ұйым үшін мұнай бағасының күрт төмендеуі ауыр зардаптар тигізді. Бұл маңызды мәселе әлемдік мұнай көлемінің жартысын өндіретін ОПЕК-ке мүше елдер мен ұйымға мүше емес 12 елдің мұнай және энергетика министрлерінің қатысуымен өткен жылдың қыркүйек айында Венада бас қосып, әлемдік мұнай нарықтарын тұрақтандыруды талқылауына себеп болды.

ОПЕК немесе Мұнай экспорттаушы елдер ұйымына Алжир, Иран, Ирак, Кувейт, Ливия, Нигерия, Катар, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб әмірлігі, Эквадор, Ангола және Венесуэла мемлекеттері кіреді.

ОПЕК-тің мүшелері Вена отырысының алдында Алжирдегі бас қосуда осы ұйымның мұнай өндірісінің мөлшерін 750 мың баррельге төмендету және күнделікті мұнай өндірісі мөлшерін 32,5 миллионнан 33 миллион баррельге жеткізу туралы келіскен болатын. 2008 жылдан бері жасалған осындай келісімдердің алғашқысы саналатын бұл келісім мұнай бағасының аздап көтерілуіне себеп болды. Осы отырыстан кейін Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының басшылары қазан айының соңында Венада ОПЕК-ке мүше емес ірі мұнай өндіруші ел Ресеймен әлемдік ұсыныс мөлшерін азайтып, бағаларды тұрақтандыру мақсатында мұнай өнідірісі көлемін азайту жоспарын жүзеге асырудың жолдары туралы сұхбаттасқан еді.

Алдымен Сауд Арабиясы Катардың астанасы Дохада өткен отырыста мұнай өндірісін 2016 жылдың қаңтар айындағы өндіріс мөлшеріне сәйкес мұнай өндірісін тұрақтандыру жобасын ұсынған еді. Бұл жобаның мақсаты Иранға қысым жасау және осылайша өзінің күнделікті мұнай өндірісі мөлшерін 2016 жылдағы мөлшерде, яғни шамамен 1 миллион баррель көлемінде сақтау болды. Негізінде, бұл өндіріс мөлшері Иранға әділетсіз санкциялар салынған кезеңдегі мұнай өндірісін азайту кезеңіне қатысты. Сондықтан, Иранның ОПЕК-тегі бұрынғы үлесі көлемінде мұнай өндірмеуіне ешбір дәлел жоқ еді. Ал Сауд Арабиясы болса, мұнай өндірісі үлесінен 1,5 миллион баррельге артық мұнай өнідіріп, арзан бағамен нарыққа ұсынып отырды.

Осы тақырыпқа байланысты Алжирде өткен ОПЕК отырысы кезінде Иран мұнай өндірісін азайтудан босатылып, санкциялар салынған кезеңге дейінгі өз үлесі көлемінде, яғни мұнай өндірісін күніне 5 миллион баррельге дейін ұлғайта алатынын жарияланған еді.

Алайда, неліктен ОПЕК-тің мұнай өндірісі көлемі соншалықты ұлғайып, әлемдік нарықта ұсыныстың артуы мәселесімен бетпе-бет кездесті? Бұл сұраққа Сауд Арабиясы жауап беруі тиіс. Сауд Арабиясы соңғы кезге дейін күніне шамамен 10 миллион 200 мың баррель мұнай өндіріп отырды. Осыған байланысты 2014 жылдың маусым айында мұнайдың әрбір баррелінің бағасы 115 доллардан шамамен 30-50 долларға дейін көтерілді. Табысы мұнай өнімдеріне негізделген мемлекеттер, соның ішінде Сауд Арабиясы үшін үлкен экономикалық шок болды. ОПЕК-ке мүше және мүше емес мұнай экспорттаушы елдердің көпшілігі қаржы дағдарысына ұшырады.

Осындай жағдайларда 2016 жылдың қыркүйек айының жиырма сегізінде Мұнай экспорттаушы елдер ұйымына мүше елдер Венада өткен тарихи отырыста өткен сегіз жыл ішінде алғаш рет осы ұйымның мұнай өндірісі көлемін азайту туралы келісімге келді. ОПЕК мүшелері Венада өткен өзінің 171-ші отырысында мұнай өндірісі көлемін күніне 1 миллион 200 мың баррельге төмендетуге келісті. Бұл ұйым үшін мұнай өндірісінің шегі күніне 32,5-33 миллион баррель болып бекітілді. Бірақ әрбір мемлекет үшін нақты шектеулер анықталмаған еді. ОПЕК-ке мүше елдер қарашаның отызы күні мұнай өндірісі көлемін тұрақтандыру мәселесін біржолата шешіп, мұнай өндірісі көлемін азайту үдерісін 2017 жылдың қаңтар айының басынан бастау жоспарланды.

Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане бұл келісімді ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдер үшін тарихи маңызды шешім деп атап: «Мұнай эскпорттаушы елдер ұйымы отырысына қатысқан барлық елдер осы ұйымға қолдау көрсетуге әзірлігін білдірді»,- деді.

Ресей де, ірі мұнай экспорттаушы ел ретінде 2017 жылдың қаңтар айының бірінен наурыздың отыз біріне дейін өзінің мұнай өндірісі көлемін 300 мың баррельге азайтып, өндіріс көлемін күніне 10 милилон 947 мың баррельге жеткізетінін жариялады.

Алайда, Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы өткен айда мұнай өндірісі көлемін азайту туралы келісімнің ОПЕК-ке мүше емес елдер, әсіресе Ресей тарапынан орындалмағаны туралы хабарлады. «Независимая газета» газеті: «ОПЕК өзіне мүше емес төрт елдің, әсіресе Ресейдің әрекетіне риза емес. Себебі, ол мұнай өндірісі көлемінің жартысын, яғни 300 мың баррель өндіруді өз мойнына алған болатын. ОПЕК-тің мәлімдемесіне сәйкес, бұл ұйым мұнай өндірісі көлемін азайтуды 92 пайызға орындады. Ал ОПЕК-ке мүше емес төрт мемлекет белгіленген көлемнің тек 50 пайызын орындады. Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының оған мүше емес елдер арасындағы келісіміне сәйкес, сол жылдың алғашқы алты айында бұл ұйымның мұнай өндірісінің көлемі деңгейінен күніне 1 миллион 200 мың баррельге азайтылып, бұл көрсеткіш 32 миллион 500 мың баррельге жетуі тиіс. Сонымен қатар, ОПЕК-ке мүше емес елдер өздерінің мұнай өндірісі көлемін күніне 600 мың баррельге азайтуы керек еді. ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдер арасындағы келісім негізінде Ресей мұнай өндірісі көлемін күніне 300 мың баррельге азайтуға міндетті. Бірақ Ресей қаңтардың басында мұнай өндірісі көлемін тек 130 мың баррельге жеткізгенін хабарлаған. Қолдағы мәліметтерге сәйкес, Ресей өткен жылдың қазан айында өз белсенділігін арттырып, күнделікті мұнай өндірісі көлемін 11 миллион 200 мың баррельге жеткізе отырып, әлемнің ең ірі мұнай экспорттаушы мемлекеті Сауд Арабиясы мен АҚШ-тан асып түсті.

Ұйымның жарғысында айтылғандай, ОПЕК-тің негізгі мақсаты ұйымға мүше және мүше емес елдердің мұнайға қатысты саясаттарын үйлестіру және бірыңғайландыру, мүше елдердің ортақ немесе жеке мүдделерін қамтамасыз етуде ең тиімді жолды анықтау, мұнай бағасын тұрақтандыру жолындағы әдістерді жоспарлау және зиян әрі қажетсіз тұрақсыздануды жою болып табылады.

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы мүшелерінің бір-бірінен бөлектенуі мен кейбір мүше елдердің тәуелді болуы бұл ұйымды бүкіл тарихында бірнеше рет есеңгіреткен болатын. Алайда, мұндай үдеріс ұйымның ешбір мүшесі үшін пайдалы емес. Өткен үш жыл ішіндегі әлемдік мұнай бағасының күрт төмендеуі мұнай экспорттаушы елдердің, атап айтқанда Венесуэлла, Кувейт, тіпті мұнай бағасының төмендеуіне ықпал етушілердің бірі Сауд Арабиясының экономикасына ауыр зардаптар келтіру арқылы оларды қатты есеңгіретті. Сауд Арабиясы өткен жылды 80 миллиард долларлық бюджет тапшылығымен артта қалдырды. Ал биылғы жорамалдарға сәйкес, бюджет тапшылығы одан бетер арта түседі деп болжанып отыр. Саудиялық Al Watan газеті бірнеше уақыт бұрынғы басылымында: «Сауд Арабиясындағы Saudi Binladin Group құрылыс компаниясы шамамен 50 мыңға жуық шетелдік жұмысшыларын жұмыстан шығарған»,- деп хабарлаған еді.

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы күніне шамамен 30 миллион баррель мұнай өндіру арқылы әлемге қажет мұнай көлемінің үштен бірін өндіреді. Бұл ұйымның шешімдері кез-келген жағдайда өзіне мүше елдердің мүдделерін арттыруға бағытталуы тиіс. Алайда Сауд Арабиясының іріткілері мен қасақана әрекеттері салдарынан бүгінгі күнге дейін нарықты тұрақтандыру мақсатында белсенділік танытып, оны басқара алған емес.