Ресей мен НАТО-ның Шығыс Еуропадағы қайшылықтары артуда
(last modified Wed, 05 Apr 2017 10:43:03 GMT )
Сәу 05, 2017 16:43 Asia/Almaty
  • 
Ресей мен НАТО-ның Шығыс Еуропадағы қайшылықтары артуда

Ресей мен әлемнің ең үлкен әскери келісім ұйымы НАТО-ның арасындағы өткен жылдардағы қарым-қатынасы Еуропаның ең маңызды қауіпсіздік мәселесі болып, әртүрлі шарықтау және құлдырау кезеңдерімен бетпе-бет келді.

Украина дағдарысына қатысты Ресей мен НАТО-ның арасындағы шынайы қайшылықтар екі жақты қарым-қатынастарды ең төмен деңгейіне жеткізді. Сонымен бірге АҚШ пен НАТО-ның зымырандық қоқан-лоққыға қарсы тұруды  сылтауратып, зымырандық жүйелерін Шығыс Еуропаға орналастыруы  Ресей мен НАТО-ның  ежелден келе жатқан қайшылықтарына арттырып, екі жақтың текетірестерін одан сайын күшейте түсті. Бұл текетірестердің артуы екі жақтың бір-бірінің алдында әскери күштерін көрсетуге себеп болды. Осындай жағдайда НАТО Батыстың әскери күші ретінде Ресейге қарсы шабуыл мен қоқан-лоққы жасайтын ұстыным көрсетуде. 1991-ші жылы Кеңес Одағы тараған соң НАТО Шығысқа қарай алға ілгерілеп, Еуропаның шығысы мен орталығындағы мемлекеттерді өз қатарына қатарына қосу саясатын бастады. НАТО-ның мұндай ұстанымы Ресейдің шынайы қарсылығымен кезікті. Ресейліктердің пікірінше, НАТО-ның мұндай әрекеттері Ресейге қарсы жасалуда. Сондықтан НАТО-ның Шығысқа қарай бет алуы Ресей үшін сыртқы қоқан-лоққыларының бірі саналады. НАТО-ның дұшпандық ұстанымы мен Шығысқа қарай алға ілгерілеуін жалғастыруы Ресейдің ұлттық қауіпсіздік доктринасында НАТО-ны бұл елдің ұлттық қауіпсіздігіне қарсы қоқан-лоққы деп көрсетуіне себеп болды. Мәскеу басшылары батыстықтардың Ресейге қарсы дұшпандығының өтпелі құбылыс емес, керісінше НАТО мен АҚШ бұл саясаттан бас тартпайды деген нәтижеге жетті. НАТО-ның 1997-ші жылғы әскери күштерін Шығыс Еуропаға орналастырмау туралы келісімді бұзуы Ресейдің өзінің батыс шекараларында әскери белсенділігін арттырып, Шығыс Еуропа елдерінің шекараларында, атап айтқанда Польша мен Балтық республикаларының шекаралары мен Қара теңізде әскерилерін орналастырып, жаттығулар өткізіп, НАТО-ға әскери күш-қуатын көрсетуіне жеткізді. Украина дағдарысы және Ресей мен НАТО қарым-қатынастары нашарламастан бұрын екі жақ «НАТО-Ресей кеңесі» атты кеңес құрған болатын. Бұл кеңес 2002-ші жылы құрылып, соңғы ресми отырысын 2014-ші жылдың маусым айында өткізді. Сол кезден 2016-шы жылдың басына дейін Ресей мен НАТО-ның арасындағы келіссөздер тоқтады. Дегенмен, екі жақтың қайшылықтарды азайту мақсатындағы талпыныстары 2016 жылдың сәуір айының 20 күні екі жылдан кейін Брюссельде «НАТО-Ресей кеңесінің» отырыстарын қайтадан өткізуге себеп болды. Одан кейін 2016 жылдың шілде айының 13 күні Варшавада өткен НАТО басшыларының отырысынан кейін НАТО-ға мүше елдердің өкілдері мен Ресей өкілі Александр Грушко Брюссельде екінші отырыс өткізді. Бұл отырыста Балтық теңізіндегі текетірестерді төмендету, Украина дағдарысы және екіжақты ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыға салынды. НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг отырыстан кейін жасаған мәлімдемесінде: «Бұл келіссөздер бұл ұйым мен Ресей арасындағы  әсіресе Украина дағдарысына қатысты қайшылықтардың тереңдігін көрсетті. Ресейдің Украинадағы әрекеттері Еуропа мен Атлант мұхиты аймағының қауіпсіздігін бұзды»,- деді. 2016 жылдағы «Ресей-НАТО кеңесінің» екі отырысының нәтижесіз болуына қарамастан, сарапшылардың көзқарасы бойынша, екі жылғы үздіксіз қайшылықтардан кейін бұл отырыстардың өтуі Ресей мен Батыс қарым-қатынастары үшін маңызды болды. Ресейліктердің көзқарасы бойынша, НАТО Ресейге қарсы саясат ұстанып, бұл елмен ынтымақтатсығын тоқтатып, іс жүзінде лаңкестік, теңіз қарақшылары, жаппай қырып-жоятын қару мен есірткі контрабандасы және аймақтың тұрақсыздығына қарсы күрес сынды халықаралық талпыныстарды әлсіретті. Бүгінде лаңкестік шабуылдардың күшеюіне байланысты Еуропаның жағдайы күрт өзгерді. Негізінде, өткен екі жылда Ресейді Еуропа үшін негізгі қоқан-лоққы деп көрсеткісі келген НАТО-ға мүше батыс мемлекеттерінің өздері лаңкестік деп аталатын үлкен қатермен бетпе-бет келіп отыр. Сондықтан, қазіргі кезде еуропалық мемлекеттер мен Ресей азаматтарының көбінің ДАИШ лаңкестік тобына мүше болып кіруіне байланысты тәкфіршіл лаңкестіктің шынайы қауіп-қатерімен кезігіп, еуропалық мемлекеттер бұл қатерлерге қарсы тұру үшін Ресеймен  ынтымақтастық жасағысы келеді. Мәскеу батыстықтар НАТО-ның аясында ойдан шығарған қауіп-қатер, яғни Ресейге қарсы тұрудың орнына лаңкестікпен күресу үшін Мәскеумен бірігуді дұрыс деп қуаттады. Расында, батыстықтар Ресейсіз Украина мен Сирия дағдарыстарынан бастап, тәкфіршіл лаңкестікпен күресе алмайтындықтарын түсініп, «НАТО-Ресей кеңесінің» отырысын өткізіп, Мәскеумен қарым-қатынас орнатпақ. Алайда, НАТО осы уақытқа дейін Ресейге қарсы дұшпандық ұстанымынан бас тартқан жоқ. Ресей мен НАТО қарым-қатынастарындағы  маңызды өзгерістердің бірі НАТО-ға мүше елдер басшыларының маңызды шешім қабылдаған 2016 жылдың шілде айында өткен Варшава отырысы болды. Бұл отырыста Ресеймен қарым-қатынасы, лаңкестікпен күрес мен Ауғанстан мәселесі қарастырылды. Бірақ, әшкере түрде Ресейге қарсылық білдіріліп, бұл салада әртүрлі жолдар анықталды. Шілденің 9 күні жарияланған қорытынды мәлімдемеде аталмыш отырысқа қатысушылар бұл әскери ұйымның Балтық аймағы мен Шығыс Еуропа мемлекеттерінде, нақтырақ айтқанда НАТО-ның төрт батальонының Балтық республикалары мен Польшада орналасып, Еуропадағы зымырандық жүйелерді іске қосу және киберлік жүйелерді әскерилендіру қуатталды. Сонымен бірге бұл мәлімдемеде Ресеймен арадағы келіссөздердің маңыздылығы қуатталып: «НАТО Мәскеуге қарсы тұру өзінің зымырандық жүйелерін үшін шабуыл жасайтын мүмкіндіктермен қамтамасыз етуді мақсат етпейді»,- деп жариялады. НАТО басшыларының Варшава отырысы НАТО мен Ресей арасындағы қайшылықтар күшейіп,  қырғи-қабақ соғысынан кейін НАТО мен Ресей қарым-қатынастары бұрын-соңды болмаған төмен деңгейге жеткен жағдайда өтті. 2014 жылдан бері НАТО Еуропадағы, әсіресе Ресейге шекаралас бұл құрлықтың шығыс мемлекеттеріндегі әскери жағдайын күшейтті. Бұл әрекет әсіресе Балтық және Қара теңіз аймақтарында Ресейдің Украинаның шығысына араласты деген сылтаумен іске асырылды. НАТО Ресейдің сан рет жасаған ескертулеріне қарамастан, Еуропаның шығыс елдеріндегі әскерилерінің санын арттырды. НАТО Ресейге сенімсіздік білдіруде. Алайда НАТО-ға мүше елдердің арасында Ресейге деген сенімсіздік олардың географиялық орыны мен тарихи жағдайларына қатысты әртүрлі. Балтық аймағының елдері мен Польша Ресейге жақын орналасуы және тарих  бойында Ресейдің қол астына түскен тәжірибелеріне байланысты көбірек сенімсіздік білдіреді. Варшава отырысында НАТО басшылары алдын ала анықталған бағдарламалар бойынша Балтық аймағы мен Польшада және Румынияда НАТО әскерилерінің санын арттыру туралы шешім қабылдады. Бұл отырыстан кейін НАТО-ның 4000 әскериі кезекпен Еуропаның шығысында, яғни, Польша мен Балтық аймағының үш республикасында  орналасатын болды. НАТО-ның шапқыншы әрекеттеріне қатысты Ресейдің реакциялары назар аударарлықтай  болды. 2016 жылдың шілде айында Ресей Қорғаныс министрі Шойгу Еуропаның шығысындағы әскери әрекеттердің кеңеюі, Украина жағдайы және Кавказ аймағындағы  лаңкестік әрекеттердің артуына байланысты  соққы беретін әскери топтың құрылуы туралы жариялап: «2014 жылы Қырым түбегінің қайтадан Ресей құрамына қосылуына байланысты бұл аймақ толық қаруланып, әртүрлі шекара аймақтарында ықтималды қоқан-лоққыларға қарсы тұру мақсатында әскерилер орналасады. Ресей армиясы әуе күштерінің мүмкіндіктері  бұл елдің оңтүстік-батысындағы стратегиялық аймақта 50 пайызға артып, Қара теңіз флотына қанатты ракеталармен жабдықталған сүнгуірлер берілді»,- деп қуаттады.  Ресей Қорғаныс министрінің  елінің батыс аймақтары, Қара теңіз бен Қырым түбегіндегі әрекеттерді іске асыру үшін соққы беретін жаңа күштердің құрылуы туралы қуаттауы  өткен екі жылдағы  НАТО-ның бұл елге қарсы қоқан-лоққыларына реакция ретінде жасалды. Өйткені НАТО өткен екі жылда Ресей Еуропаның шығысындағы мемлекеттер үшін қауіп-қатер тудыруда деп сылтауратып, бұл аймақта әскери күштері мен әскери жабдықтарын үздіксіз арттырды. Ресей Президенті Владимир Путинның пікірінше, НАТО Польша мен Балтық аймағындағы әскери жағдайын күшейтіп, Шығыс Еуропадағы әскери теңгерімді бұзуды мақсат етуде. Қырым түбегінің Ресейге қосылуынан кейін Қара теңізде НАТО-ға мүше елдердің әскери кемелерінің саны артып, Ресейдің реакциясына тап болды. НАТО-ның ежелден Ресейдің қарамағында болған Қара теңізде тұрақты флотын орналастыру туралы шешімін жариялауы бұл ұйымның Мәскеуге қарсы тұру жолдарының бірі болып отыр. Ресейліктердің көзқарасы бойынша, Батыс флоты мен әскери күштерінің бұл теңізде орналасуы Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне қарсы қоқан-лоққы болып саналады. Негізінде, Украина дағдарысы НАТО-ның Қара теңіз, Балтық және Жерорта теңіздеріндегі жағдайын күшейтуіне ұластырды.  Ресейлік стратегиялық мәселелер жөніндегі сарапшылардың пікірінше, бұл елдің батыс шекараларындағы теңіздердегі Батыс блогының қоқан-лоққылары артты. Осыған орай Ресейдің жаңа доктринасында НАТО мен АҚШ-ның қоқан-лоққыларына қарсы тұруға дайын болу үшін Қара теңіздегі позицияларын күшейту қарастырылды. НАТО Реседің қарсылықтарына қарамастан, Шығысқа қарай алға ілгерілеуін жалғастыруда. Осы салада НАТО жуырда Черногорияны өзінің қатарына қосу үдерісін бастады. Бұл әрекет Ресейдің шынайы қарсылығына тап болды. Мәскеудің көзқарасы бойынша, НАТО-ның бұл әрекеті Еуропадағы қайшылықтарды арттыруы мүмкін. Ресей НАТО-ның Еуропада құзырын кеңейтуін бұл құрылықтың қауіпсіздігіне қарсы теріс үдеріс деп санайды. НАТО Черногорияны мүше қылып алған соң Босния-Герцоговиняны  аталмыш Батыс келісім ұйымына мүше болып кіруге түрткі жасамақ. Боснияның Еуроодақ пен НАТО сынды Батыс органдарына мүше болып кіруі қазір бұл елдің маңызды мәселесі болып тұр. Босния-Герцоговиняның жоғары лауазымды басшылары бұл елдің НАТО-ға мүше болып кіруін өздерінің басты мәселесі санауда. НАТО осы уақытқа дейін оған мүше болып кірмеген еуропалық мемлекеттерді мүшелікке жігерлендірумен айналысуда. Боснияның бұл ұйымға қосылуға шақыруы осы жоба бойынша іске асырылуда. Ресей бұл мәселеге шынайы қарсылық білдіреді деп болжауға болады. Мәскеу сан рет НАТО-ның Шығысқа қарай бет алған дұшпандық ұстанымын жалғастыруын Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне қарсы қоқан-лоққы деп атады. Алайда қазір мәселе тек НАТО-ның Шығысқа қарай таралуында ғана емес. Бұл әскери ұйым Еуропаның солтүстігіндегі Финляндия мен Швецияны мүше етіп алып, Ресейді қоршауға алмақ. Бұл мәселе Мәскеудің реакциясымен кезікті.

 

Тегтер