Рухани меншік салауатты әрі қауіпсіз әлемге қызмет етеді
(last modified Wed, 26 Apr 2017 09:10:40 GMT )
Сәу 26, 2017 15:10 Asia/Almaty
  • Рухани меншік салауатты әрі қауіпсіз әлемге қызмет етеді

Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымы биыл Дүниежүзілік рухани меншік күнін біздің әлемді салауаттырақ, қауіпсіздеу ететін және адамзат баласының өмірі үшін тыныш та жайлы жерге айналдыратын өнертабыстарға арнады. Дүниежүзілік рухани меншік күніне арналған бағдарламамызды назарларыңызға ұсынамыз.

Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымы жыл сайын 26 сәуірді (6 ордибехешт) Дүниежүзілік рухани меншік күні (World Intellectual Property Day) деп атады. Бұл күн – осы ұйымның құрылған күнінің жылдығы. Алайда оның сәуір айында болуы басқа оқиғалармен де орайлас. Мысалы, бұл айда Шекспирдің туған күні мен Дүниежүзілік кітап оқу күні бар.

Дүниежүзілік рухани меншік күні

Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымы жыл сайын осы күнді атап өту және әлемнің жер-жеріндегі көшірме жасау, рухани меншікті қорғау мекемелері мен осыған ұқсас ұйымдарға көбірек идея беру үшін және осы күнге арнайы шара өткізгісі келетін әртүрлі салада белсенділік танытып жүрген адамдар үшін жыл сайын бір тақырып береді.  Бұл ұйым биылғы дүниежүзілік күнді біздің әлемді салауаттырақ, қауіпсіздеу  ететін және адамзат баласының өмірі үшін тыныш әрі жайлы жерге айналдыратын өнертабыстарға арнады. БҰҰ интеллектуалдық меншіктің инвесторлар, жасампаздар мен өнертапқыштарды қалай тарта алатынын ойластыруда. Осылайша, БҰҰ олардың қазіргі заман талабына сай жасампаз идеяларын дамыту арқылы жаңашыл идеялар мен жобалардың әлемде қолданысқа енуін кепілдендіріп, әлем өнертапқыштарына болашақтағы жаңа технологиялардың негізін қалауға жағдай жасауды көздейді.     

Интеллектуалдық меншік (intellectual property) немесе интеллектуалдық құқық (intangible property) деп өзінің иелеріне интеллектуалдық белсенділік пен адамның өнертабыстарын қолдануға берілетін, экономикалық құндылығы бар және алып-сатылу қабілетіне ие, алайда тақырыбы белгілі бір материалдық зат емес құқық болып табылады. Әдеби шығармалар жазатын адамдардың құқығы немесе әдеби-көркемдік меншік «авторлық құқық» деген атпен танылған. Өнертапқыштың құқығы, клиент құқығы, мысалы, саудагерлер мен өнеркәсіпшілердің сауда және өндірістік белгі мен атау және сауда құпияларына қатысты құқығы «коммерциялық және өндірістік меншік» деген атпен танылған. Бұлардың барлығы интеллектуалдық меншіктің түрлеріне жатады.  

Интеллектуалдық меншік

Кейбір жазушылар осындай құқықтардың «интеллектуалдық меншік» деп аталуын қалайды, өйткені бұл құқықтың бастауы – адамның ойы. Алайда, басқа біреулер «рухани меншік» деген сөзді тиімдірек санайды. Өйткені, бұл құқықтардың кейбіреуі ойдан шығарылмайды, материалдық болмысы болмағандықтан осы құқықтың аясына жатады. Интеллектуалдық меншік түрлерінің ортақ ерекшеліктеріне қолмен сезілмеуі, өзгешелігі, заңды болуы және белгілі бір аймақпен шектелуі жатады.

Мұндай меншіктің классикалық меншіктен айырмашылығы мынада: оның тақырыбы белгілі бір материалдық құбылыс емес, адам санасынан шығатын интеллектуалдық туынды. Интеллектуалдық меншік адамның тұлғасына байланысты материалды және материалды емес құқықтардың қосындысынан тұрады.  Осындай қосынды болмыс, әсіресе  бір жазушы өзінің туындысын басып шығару құқығын баспагерге тапсыратын кезде айқындалады. Осы келісімшарт негізінде берілетін нәрсе материалдық баспа құқығы және туындыдан қаржылай пайда көру болып табылады, алайда автордың туындыны қорғау және оны қайта қарауға қатысты жеке құқығы сақталып қалады. Рухани меншік немесе ақлақтық құқық деген атпен танымал авторлық құқықтың бір бөлігі өзге материалдық құқықтар сияқты басқаға берілмейді.

Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымы (World Intellectual Property Organization - WIPO) БҰҰ-ның  мамандандырылған 16 агенттігінің бірі болып табылады. WIPO 1967 жылы Стокгольмда әлемде рухани меншікті қолдау аясында жасампаз туындыларды ынталандыру мақсатында бір келісімге қол қою арқылы құрылды. WIPO-да қазіргі таңда 184 мүше ел бар. Ол 24 халықаралық хаттаманы басқарады. Оның орталығы Швейцарияның Женева қаласында орналасқан. WIPO-ның қазіргі бас директоры – Франсис Герри (Francis Gurry). Ол 2008 жылдың 1 қазанында осы лауазымға тағайындалды. БҰҰ-на мүше елдердің 183-і мен Ватикан WIPO-ның мүшелері болып табылады.   

Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымы

Әлемнің әртүрлі елдерінде рухани меншік құқығын ұлттық заңмен қорғау халықаралық келісімді қолдауды қажет етеді, өйткені ой-сана салыстырмалы түрде дамып, өнертапқыштардың құқығын қорғауға және өнеркәсіп, әдебиет пен өнерге ие халықтардың заңдарына ықпал еткен соң бір елдің аумағында заңды қорғаудың өздігінен жеткіліксіздігі айқын байқалды. Экономикалық еркіндік бір елдің аумағымен шектеліп қалмай, өзінің болмысына сәйкес саяси шекаралардан өтіп, халықаралық саудаға ұласты. Осындай ауқымды нарық жағдайында қолдау да ұлттық заң аясымен шектеліп қалмады. Шын мәнінде, осы құқықты қолдау халықтардың өзара әріптестігі аясында құқықтық қауіпсіздік пен иммунитет қалыптасқан кезде кемелдігіне жете түседі. Бұл саладағы ережелер бір-біріне жақындай түсіп, ақырында біркелкі қағида қалыптастыруға бағытталған талпыныстар жасалды. 
ИИР 2001 жылы Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымына мүше болып кірді. Осы уақытқа дейін интеллектуалдық меншікке қатысты бірқатар келісімдерді қабылдады. Иран 1959 жылы өндірістік меншікті қолдауға қатысты Париж келісіміне қосылды. Сонымен қатар 2003 жылы  халықаралық белгілерді тіркеу туралы Мадрид келісіміне қосылды. 2005 жылы шыққан жері мен халықаралық тіркеуді қолдау туралы Лиссабон келісіміне мүше болып кірді. Бұл келісім өнімдерге қатысты географиялық атаулардың сақталуын кепілдендіреді. 

Иран өнертапқыштар мен жасампаздарды қолдайды

Иранда өндірістік меншік құқығының тарихы әдеби-көркемдік меншікпен салыстырғанда тереңірек. Сауда және өндірістік белгілерді тіркеу туралы алғашқы заң х.ш.ж.с.б. 1304 жылы қабылданды. Бұл заң 1310 жылы Белгілер мен өнертабыстарды тіркеу туралы заң бекітілген соң күшін жойды. Белгілер мен өнертабыстарды тіркеу туралы заң 1337 жылы Иранның өндірістік меншікті қолдауға қатысты Париж келісіміне қосылуымен бір мезгілде жаңа өзгеріспен жұмысын жалғастырды. Бұл заңдар әдеби-көркемдік меншіктер саласындағы заңдардан толығырақ болды. Оларда бұлыңғыр әрі даулы жайттар аз еді. Осы заңдарға қатысты сот үдерістері де толығырақ болып табылады.

Әдеби-көркемдік меншіктерге қатысты алғашқы заңдық қатынас 15.05.1310 жылы бекітілген Жаза (кәсіпкерлік пен саудадағы қастандық пен заң бұзушылық) туралы заңның 245-248 баптарында айтылды. 1348 жылы авторлар мен өнер иелерінің құқығын қорғау туралы заң бекітіліп, жоғарыда аталған баптар күшін жойды.

Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымы  Дүниежүзілік рухани меншік күніне орай жолдаған жолдауында: «Өнертабыстар мен технологиялық даму әлем экономикасының дамуында айқын да өзгеше үлеске ие және жаңа әрі жақсырақ жұмыс орындарын қалыптастырады»,-деп мәлімдеді. 

Біз көбінесе өмірімізді жақсартатын жолдарды табуға жеткілікті уақыт бөлмейміз. Егер бүгінгі өмірді өткен 100 жылдағы өмірмен салыстырсақ, қазіргі өмір сапасының өткен ғасырмен салыстырғанда айтарлықтай артқанын көреміз. Бұл жағдай толығымен жаңа әрі дамыған өнертабыстар мен жасампаздықтарға байланысты. Виртуалды кеңістік, жасанды сана, D3 баспасы, компьютерлік чиптер (neuromorphic), нанотехнология, роботехника сияқты жаңа технологиялар мен болашақтағы өнертабыстар мен жасампаздықтар даму перспективасын одан ары айқындай түседі.

WIPO-ның қазіргі бас директоры – Франсис Герри

Енді «Рухани меншік жүйесі осы өнертабыстармен не істейді?» деген сұрақ тууы  мүмкін.

Рухани меншік – сәтті инновация жүйесінің маңызды бір бөлігі. Рухани меншік жүйесі өнімдер мен қызметтер тұрғысынан осындай тәуекелге барып, бізге жаңа өнертабысты таныстыратын адамдар үшін экономикаға қайта оралу  болып табылады.  Бұл жүйе кез келген идеяның қолжетімді бір өнім немесе сауда қызметіне айналғанға дейін жүріп өтетін салыстырмалы түрде ауыр әрі түйткілге толы сапарын басқаратын жұмыс аясы болып табылады.

Дүниежүзілік рухани меншік күніне орай кампания құру арқылы біз бұл күнді өмірімізді жақсартатын өнертабыстарға қатысты атап өтеміз. Біз өз өнертабыстарымен әлемде жағымды өзгерістер жасауға батылы жетіп, тәуекелге баратындарды марапаттап, тойлаймыз.

Биылғы кампания – барлығымызға жаңа өнертабыс жасалуы үшін не қажет және соған қатысты қандай түйткілдердің бары жайлы ойлануға берілген мұрсат. Сонымен қатар біз шындығында инновациялар, жаңа өнертабыстар мен жасампаздықтар арқылы бүкіл адамзат қоғамының мүддесіне орай қалай қозғала алатынымызды талдап, қарастыруға мүмкіндік аламыз.

Тегтер